ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ «ЖҮЙЕЛІК ТӘСІЛДІ» ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН
Бұл мақала 1710 рет оқылды, 7 рет бүгін
Қ.Ш. Мажитова, Астана қаласының Политехникалық колледждің арнайы пәндер оқытушысы.
Ұстаздың басқа да жұмыстарын көшіріп алыңыз:
1.Ашық сабақ: Бір өлшемді массив және көп өлшемді массивтер+флифчарт. 2.Электрондық оқу құрадын оқу үрдісінде қолдану қолданудың тиімділігі (баяндама).]
Үстіміздегі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, оқытушылардың алдында тұрған бірден-бір мақсат – оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы адамзаттың және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар, Отанын шын сүйетін азамат болып жетілуіне көмектесу.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі –білімді ұрпақ екендігі белгілі.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.
Осы мәселелерді шешетін тиімді тәсілдің бірі ретінде оқушыларда жүйелік тәсіл біліктілігі мен икемділігін қалыптастыруды дамытуды атауға болады.
Жүйелік тәсіл біліктілігі мен икемділігін қалыптастыру сабақ үстінде және үйге немесе сабақтан тыс уақыттарда берілетін шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде жүзеге асырылады. Мұндай тапсырмаларды орындату және оларды ұжым алдында қорғату сабақтың тиімділігін, оқушылардың білім сапасын арттырады және сабақтың дамытушылық мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін, пәнге деген, жалпы мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында оқушыларда жүйелік ойлау тәсіл туралы білімін, біліктілігін және дағдыларын қалыптастыру және дамыту.
Қойылған міндеттерге жету жолында мынадай зерттеу әдістері қолданылды: ғылыми-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерделеу; оқулықтар мен оқу құралдарын, осы технология бойынша жинақталған отандық және шетел педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, зерделеу, бақылау, оқытушылық тәжірибе.
Жүйелік тәсіл технологиясын қолдану бүгінгі күні әлеуметтік-экономикалық жағдайда бәсекелеске қабілетті маманды дайындау мақсатын жүзеге асырумен, оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу және оқушының танымдық және шығармашылық қабілетін, меңгерген білім мен дағдысын практикада қолдану біліктілігін дамыту және қолдаумен анықталады.
Технология бойынша оқыту үздіксіз дидактикалық ойын түрінде құрылады және бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде оқушылардың танымдық қызметке дайындығын анықтау және білімді түзету мақсатында білім мен біліктіліктің кірістік тексерілуі жүргізіледі. Екінші кезеңде өзіндік жұмысты жоспарлау жүргізіледі. Оқушылар білімді тексеруге арналған сұрақтардан тұратын өзін-өзі басқару карточкаларымен танысады. Үшінші кезеңде жүйелік-құрылымдық талдау және жалпылау (анализ және синтез) көмегімен білімнің теориялық жалпылануы жасалады, тақырып бойынша меңгерілген білім иерархиялық өзара байланыстарын көрсету арқылы тұтас бейне түріндегі белгілі бір жүйеге келтіріледі.
Бұл технология оқу материалының құрылымдануы мен оқушыларды ғылыми таным әдісіне үйретуді үйлестіреді. Білім жүйесін құру үшін әуелі пән саласының әртүрлі жақтарын сипаттайтын және түсіндіретін білім элементтерін анықтайды. Кейін осы элементтер арасындағы байланыстарды тағайындайды. Ал бұл білім кешенін біртұтас жүйе ретінде біртіндеп баяндау және меңгеруді қамтамасыз етеді.
Оқушыларда жүйелік ойлау және жүйелік білім, біліктілік және дағдыларды қалыптастыру кезінде блоктық-модульдік технология көмегімен жүзеге асыра аламыз. Мысалы, Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері пәнін алып, оның мазмұнындағы бес тақырыпты бес блокқа бөліп және оларды жеке модульдер түрінде қарастырайық. ->
Әрбір блок бойынша технологиялық карта жасалады және үш деңгейлі тапсырмалар құрастырылады. Модульдің алғашқы сабақтарында тақырыптың теориялық мазмұны тірек конспектісі арқылы беріледі. Содан кейін практикалық сабақтарда оқушылардың өзін-өзі басқару карточкалары негізінде меңгерілген теориялық материал бекітіледі.
Жалпы алғанда жүйелік тәсіл технологиясымен оқыту төмендегі сүлбе бойынша жүргізіледі:
Оқытушы сабақтың дидактикалық мақсаты негізінде оқу материалының мазмұнын, оқытудың әдіс-тәсілдерін, сабақты өткізу пішімдерін таңдап, сабақты әзірлейді. Сабақты баяндау барысында тақырып бойынша әзірленген көрнекіліктерді пайдалану арқылы үйретілетін материалды жан-жақты қарастырады: сыртқы әсер ету факторлары және оларды ескеру, тақырып бойынша туатын мәселелерді шешу, өмірмен байланыс, зерттеулер жүргізу және отандық тәжірибе). Материалдың білімдік элементтерін анықтау бойынша шығармашылық тапсырмалар береді. Тақырыпты бекіту өзін-өзі басқару карточкаларының және оқу карталарындағы 3 деңгейлі тапсырмаларын орындау негізінде жасалады. Мысалы мына төмендегі үлгідегідей. Үшдеңгейлі тапсырма
баға | теория | практика | өзіндік қорытынды |
‘3’ | Жолдық қатарларда қолданылатын операциялар. | Жолдық қатар берілген. Delete, Insert процедураларын қолдана отырып Строка сөзінен сетка алыңыз. | |
‘4’ | Массив элементтерімен жұмыс | [6,5] өлшемді массив берілген. Массивтің жұп жолдарын экранға шығар | |
‘5’ | Файлдармен орындалатын процедуралармен функциялар | Дискіде сақталған 1.txt файлындағы сандардың орта арифметикасын аныкта. |
Жалпы алғанда «Жүйелік тәсіл технологиясы» бойынша арнайы пәндерді үйретуде қандай нәтижеге жетуге болады десек: Ол
- Оқушыларды өздігінен білім алуға үйрету;
- Сабақтың сапасын оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беру және оларды қорғату арқылы арттыру;
- Жүйелік тәсіл технологиясы туралы біліктілік, дағдыларын қалыптастыру;
- Қарым-қатынас жасау, әртүрлі деңгейлі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың жеке психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеру;
- Оқытудан өзін-өзі оқытуға біртіндеп ауысу;
- Тақырыпты меңгеруге кететін уақыттың азаюы;
- Әртүрлі қайнаркөздермен өзбетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
- Білім мен біліктілікті жүйелі түрде бақылау
Қолданылған әдебиеттер:
- Галиев Т.Т. Интенсификация учебного процесса: системный подход, Астана 2005 год;
- Тимофеева Ю.Ф. Системный подход в организации развивающей образовательной среды как основы творческой деятельности в период профессиональной подготовки молодых специалистов. Монография. - М.: Изд-во “Прометей”, 2004. - 188с.;
- Васюхин О.В., Гусева С.С., Павлова Е.А. Методические подходы к повышению качества подготовки специалистов, Научный журнал “Успехи современного естествознания” №11, 2007 год;
- Лукин С.Н Turbo Pascal 7.0 М.: «Диалог-МИФИ», 2004
- П.П Василев Турбо Паскаль в примерах и задачах. СПб: Питер, 2007
- Д.Гуденко, Д.Петроченко Сборник задач по программированию./СПб.:Питер, 2003
Ұқсас тақырыптар:
- Информатика, матемтаика. «Жыл - информатигі» (стс).
- Информатика пәні бойынша программалау тілін оқытудың модулдік-жоспары. (9 немесе 10 сынып. КАЗ/РУС). Паскаль. Программный модуль.
- Электрондық оқулық. Информатика-9-10.
- «Алтын қақпа». Сыныптан тыс сабақ. Информатика.
- Информатика пәнінен 7-8-9 арналған факультатив сабақ жоспарлары.
- Информатика-7. Фонограф программасы.
- Файлдар көшіру
- VB. Басқару элементтері.
- “Жұлдызды сәт” ойыны (сыныптан тыс)
- Мәліметтерді сүзу 8-сынып