10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

КОЖА АХМЕТ ЯССАУЙ

Опубликовал Мұқаметжан Жақаев в 17 Август 2011 – 17:18Пікір жоқ
Бұл мақала 2626 рет оқылды, 1 рет бүгін

Түркі халықтарының орта ғасыр кезінде бір жола араб жазуына көшуі, өмірге көптеген ғылыми дүішелерді алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде сопылық ағымнын әсері күшейіп, бірте-бірте канатын кең жая түскен кез еді. Бұл кезең Орта Азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халыктың татулығын, адамгершілік пен имандылықты, Алла тағала адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына арқау еткен. Ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шықты. Олардың ішінде ерекше талантымен көзге түскендер хорезмдік Ахмет Үтінеки, Ахмег Яссауи, Сүлеймен Бақырғани (Отырар өлкесінен) тағы да басқа көптеген сопылық өкілдер болды. Бұлардың арасында асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен, кайырымдылық пен мейірімділікті өміріне арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыкка, тазалыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Қожа Ахмет Хазреті Сұлтан Яссауи еді. Ахмет Яссауи жөнінде ел арасында көптеген аңыз әңгімелер тараған. Егерде, 0 тарихи деректерге жүгінсек, ақын ежелгі қала Исфиджабта (Сайрам) Ибраһим бин Махмуд деген диханның әулетінде дүниеге келген. Әйтсе де, Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:

… Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,
Машайықтар ұлығы — шейхым Ахмет Яссауи.
———————————
Ясы оның арасы, жатыр гауһар парасы,
Машайыктар сарасы — шейхым Ахмед Яссауи.

Демек, Ахметтің тегін Бибіфатимадан тарататын халық аңызы шындык, олай болса, Әзірет сұлтанның он бірінші атасы Ысқақ баб әулие болмақ.

Түрік ғалымы, доктор М. Көпрулу өзінің “Турк әдебиятыңда илк Мутасаввифлар” атты кітабыңда Ахметтің әкесі Сайрамдағы Хазрет Әлидің әулеті Ибраһим атты шейх екенін айтады. Осы пікірге орыс зерттеушісі М. Е. Массон да ден қойғанмен, ол Қожа Ахметті түрік нәсілінен еді дейді.

Сопылық “мистикалық” ағымның түркі тілдес тармағының негізін қалаушы Қожа Ахмет Яссауидың өмірбаяны жан-жақты. толық бізге белгілі емес. Өмірінің кейбір деректері ғана жетіп отыр. Ол әлі ғылыми зерттеулерді, ізденістерді қажет етеді. Ұлы бабамыздың туған күні мен жылы белгісіз.Бірақ Әбсаттар Дербісалы қажының жазған деректеріне сүйенсек Қожа Ахмет Яссауи 1093 немесе 1094 жылы туған делінеді. Өлген жылы— 1166. Ер жеткен соң Түркістан (ол кезде Ясы деп аталған) шаһарына келіп тұрады. Белгілі ғалым В. Бартольдтің айтуыңда Түркістан VI ғасырдан XV гасырга дёйін Ясы деген атпен белгілі. Ал, шығыстанушы ғалым Ә. Дербісәлі, қаланың әуелде Шауғар деп аталғанын, кейінірек Ясы болып кеткенін айтады. Ахмет Яссауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяңдайды:

… Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне
Он сегізде Шілтеменеи шарап іштім,
Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар кұштым,
Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне…

Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шейхы Арыстан баб және Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тәлім-тәрбие, білім, бата алады. Білімін Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы кайтыс болған соң көп ұзамай туған қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады.

XII ғасырдағы көне түркі тіліңде жазылған “Диуани Хикмет” кітабының авторы — Ахмет Яссауи. “Диуани Хикмет” (“Даналық кітабы”) оғыз-кыпшақ тілінде өмірге келген, өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған төл әдеби туынды. Ақынның кең өлкені көшіп - қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті ауыз екі сөйлеу тілінде әдемі жеткізе алғандығына күмән келтірмейміз.

“Хикметтің” түп нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені XV—XVI ғасырлардағы көшірмелері ғана. Көшірмелері өте көп. Олар негізінен Стамбулда, Қоқанда, Ташкентте, Мәскеуде, Алматыда сақтаулы. Көптеген түркі халықтары “Хикметті” аудармасыз-ақ қиналмай оқый алады. Дін исламнан хабары бар жанға “Хикмет” тілі өте жеңіл. Оны беріліп оқып, тереңірек үңілген адам, Ахмет жырларының қыпшақ тілдеріне өте жақын екенін байқар еді. Шығарманың тілдік лексиконы әсіресе, лексикогеографиялық ерекшеліктері, этносипаттары “Хикмет” тілінің қыпшақ диалектісіне жақындығын айтуымызға белгілі дәрежеде мүмкіндік береді. Кітаптан Орта Азиялық қалалардың мәуелі бақтарындағы алуан жемістер мен райхан гүлдерінен гөрі даладағы қызғалдақ пен қымыздық исі аңқиды. Отырықшы тайпалардың кәсіби тілінен гөрі, көшпенді жұрттың тұрмысына тән сөздер молырақ ұшырасады.

Мәселен, “Құлын”, “Гүл”, “Қызыл”, “Қаршыға”, “Сұңқар”, “Лашын”, “аға, іні”, “мал-мүлік”, “шейід”, “бөрік”, “сақал-шаш”, “ата-баба”, тағы да басқа көптеген сөздер тек мағыналық жағынан да емес, сонымен қатар отардың айтылуы мен жазылуы да қазіргі қазақ тілінде де осы күйде айтылып, жазылатынын ескерсек, шындыққа бір табан жақындай түсеміз. Әрине, бұл жерде “сенікі”, “менікі” деген үғым болмауы тиіс. Жалпы адамзаттық биік мәдениет тұрғысынан қарауымыз керек. Себебі Ахмет Яссауи шығармалары тек қазақ еліне ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ рухани мұра екені бәрімізге мәлім. Тарихтан бізге белгілі, ислам дініндегі сопылық ағым VII—VIII ғасырлардан басталады. “Диуани Хикметте” негізінен төрт нәрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат.

“Шариғат” ислам дінінің заңдары мен әдет ғұрыптарының жинағы “тарихат” сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол, “хақихат” құдаймен бірігу оған жақындау, “мағрифат”— дін жолын танып, оқып білу. Ахмет Яссауидің пікірінше “Шариғатсыз”, “Тарихатсыз” “Мағрифатсыз” “хақиқат” болуы мүмкін емес. Ақын мүны өз өлеңінде былай деп өрнектейді:

… Ути ғүмырым шарғатқа неталмадым,
Шариғатсыз тарихатқа уталмадым,
Хақиқатсыз мағрифатка баталмадым,
Катиг иуллар пырсыз ничук утар достлар.
—————————-
… Өтті өмірім шариғатқа жете алмадым,
Шариғатсыз тариқатка өте алмадым,
Хақихатсыз мағрифатка бата алмадым,
Қиын жолдар пірсіз қайтіп өтем достар…

Міне, түсініп отырсыздар, мұнда Яссауи сопылық ілімдерінің өте күрделі екенін, діни мистикалық сарындағы бұл төрт қағиданың арғы жағында үлкен философиялық арналардан бұлақ көздері бітеліп жатқанын мезгейді. Яссауи өз хикметтерінде сопылық дін ілімі туралы ете көп әрі шын беріле айтады, ол бұл шын мәніндегі білім деп айтады, ал сопылықтың барлық ұсақ-түйегін білмейтін адамды ол “надан” “түк білмейтін”,”жалған сүюші”, “жалған сопы деп есептеді. “Менің асыл хикметімді жаны ауырмасқа айтпағым, Баға жетпес іпжуімді құнын білмеске сатпағын”, — деп, бар жан-дүниесімен сопылыққа берілген Яссауи, “егер мен басымнан айырылсам да, бұл жолдан маған жалт беру жоқ”,-— дейді.

Ахмет Яссауи аркылы сопылық түркі тілдес халықтардың рухани танымында шешуші орын алды. Сопылық философиялық жүйе ретінде адамдардың дүние-танымының қалыптасуына үлкен ықпал жасады. Бұған дәлел Яссауиден кейінгі көптеген қазақ ақын, жырауларының шығармаларынан да сопылыктың тікелей әсерін байкаймыз.

“Қазакстан мен Орта Азия халықтары арасында сопылықтың кеңінен және табыспен таралуына мына жағдай да әсер етті. Ол өз ілімін жеңіл және түсінікті тілмен, әсем бояулы өлең, жырларымен баяндайды, сопылық идеяларды жергілікті салт жырларымен үйлестіре дәріптейді.Ахмет Яссауидің Орта Азия мен Қазақстанның түркі тілдес халықтары арасында зор беделге ие болуы Яссауидің ислам заңдарын Шығыс сопылық ілімдік лангейзммен және бақсылық жыры элементтерімен икемді үйлестіре алуынан еді Яссауи былай дейді: “Кімде-кім құдайды есіне алса, ол онымен табысқанын көре алады”. Сондықтан да Яссауи үшін құдайды тану өзін-өзі танумен бірдей. Сопылықтағы доктрина құдайды мистикалық сүю болып табылады. Яссауи ілімінде бұл доктрина оның “таным” теориясының бөлінбес бөлігі бола тұрып, ерекше орын алады.

Яссауиден бұрын түркі нәсілдері Тәңірге табынатын болса, енді олар Аллаға сыйынатын болды. Яссауи сопылығы арқылы бүтін шығыс философиясымен, әлемдік діни философиямен хабардар боламыз. Сопылықтың ықпалын, Яссауиден кейін өмір сүрген көптеген ақын, ойшыл ғұламалардың еңбектерінен кездестіреміз. Ахмет Яссауи өмірінің ақырғы он жылын жер астында жасалған мінәжатханада өткізеді. Сопы “алпыс үшке келдім, енді былайғы өмірім күпірлік, пайғамбардан аспақ күнә” деп өзіне бір тоқтам жасайды. Халуетте тіршілік еткен ақын өмірдегі жиған-терген, естіген, көрген, оқыған білгендерін сарапқа салып, қияли күй кешеді. Осы фактінің өзі, нақ сол сопылық Мұхамедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты және ол Мұхаммед заманына оралуды уағыздады.

Қожа Ахмет Яссауидің қанша жыл жасап, ғүмыр кешкені белгісіз. Бір деректе 73 жас, бірде 85 жасты айтады. Халық аңыздарын негізге ала отырып, Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Яссауиді 125 жыл өмір сүрді дейді. Оны растайтын “Хикметте” мынандай өлең жолдары бар.

Иер устида улмас бурун тирик улдим,
Алтмиш учта суинат деди иштіб билдім.
Иер астида жаним била куллик қилдим,
Иттиб, уқиб, иерга кирді Кул Қожа Ахмад.
Ираилардин фаиз уа фатух алалмадим.
Иуз Игрима бишка кирдим билалмадим.
Хақ тағала тағатларын, Қылалмадым,
Иштиб, уақиб перға қирди Қeл Қожа Ахмад.

Осы жолдарды негізге алсак, Қожа Ахмет Яссауи жаңа санақ бойынша 1041 жылы дүниеге келген болып шығады. Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен одан қалған асыл мұралары әлі де көп ізденістерді, ғылыми зерттеулерді керек етеді. Ахмет Яссауи өзінің үзақ өмір жолын түйіндей келіп:

Қожа Ахмет, басынды елге ие біл,
Ақиқатты таза сүйе біл.
Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен
Халық қана дүниеге ие 6ұл, —

деп, Ахмет Яссауи тек насихатшысы емес, XII ғасырда өмір сүрген философ, ұлы ғұлама мейірімді кішіпейіл ойшыл акын ретінде түркі жұртына танымал болды.

Ахмет Яссауи халқымыздың рухани жебеушісі, кейінгі ұрпақ тәуіп етер қасиетті әулие. Оның мазараты мәдениетіміздің мерейі, ұлтымыздың мақтанышы.

Сондай-ақ жақында ғана Түркістан қаласынан ашылған университетке Қожа Ахмет Яссауи аты берілуі ұлы бабамызға деген үлкен құрметтің белгісі болса керек. Бұл кейінгі ұрпақ парызы.

К. Тәжікова, Ш. Шағатаева

Қазақ. Жоғары оқу орындары студентеріне арналған оқу құралы. Алматы. “Білім” - 1994

Сайран ӘБУШӘРІП

тарих ғылымдарының докторы, профессор

 

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.