АҚПАРАТТАНДЫРУ ӘЛЕМІ (дебат)
Бұл мақала 1212 рет оқылды, 2 рет бүгін
Утешкалиева Карлыгаш. САЙҚЫН, 2011 ЖЫЛ. №18 КӘСІПТІК ЛИЦЕЙ.
Мақсаты:
- Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып,қорытындылау;
- Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстайды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу, ой өрісін дамыту
- Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылықтарға баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Түрі: Дебат/пікір-талас/
Әдісі: сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолдарын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Көрнекілігі:Тақырыпқа байланысты слайдтар.
Өту барысы:
1.Сәлематсыздар ма, құрметті ұстаздар, көрермендер және қатысушы оқушылар. Бүгін біздер сіздермен бірлесе отырып, «Ақпараттандыру әлемі» атты тақырыбында пікірталас өткізбекшіміз. Біз ақпаратты сезу, көру, дәмін тату арқылы сеземіз. Ал ақпаратты қабылдау құралдары деп, кітап, журнал, газеталар, радио, теледидар, интернет желісі және ақпарат алмау құрылғы компьютерлер т.б. білеміз. Пікірталасымызды бастамас бұрын қатысушы оқушылармен танысып алайық.
Әділ – қазылар мүшелері:
- Умарова Н.Ж.
- Қабденов Е.І.
- Баймұратова А.С.
Жақтаушылар: «Вирустар» тобы
- _________________
- __________________
- __________________
- __________________
- __________________
Дадтаушылар: «Компьютерлер» тобы
- _________________
- _________________
- _________________
- _________________
- _________________
Пікірталастың шарттары:
- Алғашқы екі оқушыға өз ойларын білдіруге 3 минут уақыт беріледі.
- Тағы екі оқушыға 3 минут уақыт беріледі.
- Ендігі қалған екі оқушыға 3 минут уақыт беріледі.
4 Жақтаушы мен даттаушыға көрермендер мен әділ қазылар карточка карточка арқылы дауыс береді.
Қорытынды: Осымен пікірталасымыз өз мәресіне жетті әркім өз пікірлерінде қалады.
Өту тәртібі:
Сөз кезегін ойыншыларға беріледі.
- 1. «Компьютерлер» тобының мүшесі
-Армысыздар, құрметті, көрермендер, әділ қазылар және менің қарсыластарым!
Біз бүгінгі дебатта сіздердің қойған сұрақтаңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Дебат тақырыбы: «Ақпараттандыру әлемі», яғни, бұл дегеніміз, компьютерлендіру, интернет болсын, ортада жүретін тіпті тауар деп те айтуға болады, бұл – ақпарат. Ақпаратты осы ҒТП технологияларына сай қабылдау. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Компьютер керек, біздің өмірімізге қажетті құрылғы. компьютердің пайдасы зор». Алдымен компьютерге анықтама берейік. Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық тарату болып табылады. Осы ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика екенін бәріміз білеміз. Менің ойымда комптютердің пайдасы өте көп. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұағілмдер талап етеді. қолмен жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жермен көктей. Осы рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны қолмен жазып жатара уақыт керек, ал компьютерімізде терілген рефератымыз сақтаулы. оны ашып принтермен көшірмесін жасағанға әлде қайда аз уақыт жұмсалады. сөзді қорытындылай келе, «Компьютер уақыт талабы» біз уақтымызды үнемді пайдаланамыз. Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
- 2. «Вирустар» тобының мүшесі
- Сәлем бердік, қауымға! Біздің қарсыластарымыз: «Құжатты әдемі әрі таза жазып, компьютерде сақтап қоюға болады» дейді.Мысалы, электр тогы жұмыс кезінде өшіп қалса, біз теріп отырған жұмыстарымыз лезде жойылып кетеді. мысалы, сақталған құжаттың көшірмесін жасау керек дейік? Ал біз ол құжатты қандай атымен сақтағанымызды ұмытып қалдық дейік, сонда ол өқұжатты таба алмаймыз және оны қайтадан теруге тура келеді. Қарап тұрсаңыз бұғанда уақыт кетеді. Ал сіздер – «Компьютер уақыт талабы» компьютерде уақыт үнемейміз дейміз. қалай үнемдейсіз?….
3. «Компьютерлер» тобының мүшесі
- Құрметті, көрермен мен бұл сұраққа жауап берейін. Компьютерде жұмыс жасап жатқанда кенеттен электр тогы сөнді дейік, бұл жағдайда сіздер білулерің керек компьютерде УРС /Үздіксіз қоректендіру блогы құрылғысы қосылуы керек. сол арқылы ток сөнген кезде осы құрылғы бойына 20-30 минут аралығына дейін ток сақтап тұрады. Ол компьютерге беріліп, сіз жұмысыңызды сақтап, тіпті принтермен жұмыс істей аласыз. Ал егер ол құрылғы қосылып тұмаса, тіпті жоқ болған кезде сізФайл мәзірінен сақтау немесе құралдар қатарынан сақтау барымасын әр 5 минут сайын басып отыру керек. Ал енді жоғалған құжатқа келмек болсақ, компьютерде іске қосу – табу- файлдар мен бумалар осы тізбектен кейін құжаттың атымен, жазылу күнімен табуға болады. Сол кезде компьютер сізге іздеген құжатыңызды тауып береді.
4. «Вирустар» тобының мүшесі
- Армысыздар қадірлі қонақтар! Компьютердің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін білесіздер ме? Оқушы компьютердің алдында ұзақ уақыт отырса көзі талады, жотасы ауырады. компьютерден бөлінетін ультракүлгін сәулесі көзге зиян әсерін тигізеді. Бала кейбір жерде қараңғыланған, бөлмесі суық, бөлмесі тар, терезі ашылмаған. Осының бәрі біздің денсаулығымызға зиян. Біз өз денсаулығымызды сақтасақ, болашағымызда жарқын-жақсы болады. Ең басты байлық денсаулық демекші денсаулығымызды сақтайық.
5.«Компьютерлер» тобының мүшесі
- Салем бердім қарсыластарыма! Денсаулық сақтау үшін, әр оқушы информатика сабағында, жалпы оқушы компьютерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса, денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде – ақ халат кисе ультра-күлгін сәулесінен сақтанады, ал көзді сақтау үшін компьютердің алдында кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса, денсаулығымыз сақталады.
6. «Вирустар» тобының мүшесі
- Салем бердік, көрерменге! Ал енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың каншақыты зиян екенін айта кетейін. Компьютерге енгізілген ойындар атыс-шабыс тағы да басқа қан төгу, жауыздық тақыбырында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жамаг қылықтарға бағыттайды. Ондай ойындарды жасаушылардың өз өнімдерін шынайы өмірдегідей етіп шығаруға тырысуы біреулерді қуандырса, ал басқа біреулері сақтандырады. Себебі, вертуалды адам- психикасына әсерін тигізбей қоймайды. Американдық мектептерде жасөспырымдердің кәдімгі мылтықты алып келіп ешқандай себепсіз адамдарды атқылаған кездері болған. Соңынан полиция тексеру жүргізген кезде әлгі балалардың компьютерлік шутерлермен шамадан тыс әуестенгендігі анықталған. Компьютерде жиі ойнайтындардың шамадан тыс ашушаң болатындығын, өзгелермен дұрыстап қарым-қатынас жасай алмайтындығын айтады. Қазіргі таңда көшеде шулап ойнаған бала даусын естімейсін. Асық ойнап, волейбол, футбол, күрес сияқты көп ойындар бар. бір бөлмеде тығылып отырғанша, далада ауа жұтып, көпшілікке көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін. Назар қойып тыңдағаныңызға рахмет.
7. «Компьютерлер» тобының мүшесі
- Мектептегі жалпы оқушы деңгейі әр түрлі. Бір балалар спорттық ойындарды ұнатады, тағы басқасы қол өнермен шұғылданады, енді бірі кітап оқығанды жақсы көреді, тіпті ештенеге қызықпайтын оқушылар да бар. Әрине, спорттық ойындар жақсы, бырақ ол ойындарға қабілеті жетпейтін оқушылар, мүгедек балалар бар, солар қайтпек. Бұл жағдайда компьютерлік ойындардың көмегі тиеді. Мектепте атыс-шабыс, қан төгу ойындарына қарсымын. Бірақ айтарым, мектепте ондай ойындар жоқ, бар болғанда да мұғалім рұқсат етпейді. рахмет.
8. «Вирустар» тобының мүшесі
- Бүгінгі кешіміздің тікелей тақыбыры «Ақпараттандыру әлемі», яғни, ақпаратты біз қалай қабылдаймыз? Қалай жеңіл? дейтін болсақ, компьютерде ақпарат алмасу жеңілдірек екеніне келісем, бірақ, кітап оқу, кітапхана қай жақта екенін білмейтін оқушылар қай қай жерде де бар. Ол дегеніміз, интернет арқылы дайын материалдарды жинап алып, ойнанбай, бас ауыртпай, тіптен не жазғандары бастарында қалмай жатады. Кітапқа деп бас ауыртпайды. Кітап арқылы материалдарды дайындау үшін олар «Әзір асқа, тық қасық» деп дайын нәрсеге бас сұғады.
9. «Компьютерлер» тобының мүшесі
- Интернет бүгінгі таңда өте пайдалы. Барша қауым өзіне керектінігі осы ортадан табады. Тек қажет материал туралы сол мәтіннің атын терсең, болғаны, өзы бәрі дайын шығады. Интернет мүмкіндігін мен кеңінен пайдаланбасқа, өйткені, уақытымды үнемдеймін. ғаламшарда не болып жатқаннан хабардар болып отырамын. Тек нені іздей білу керек?
Интернет желісі көп шығын келтірмейді. Мысалға, құжатымызды алысқа, яғни, қалаға жеткізу керек,
Қорытынды
Біз заман талабына сай өмір сүруіміз қажет. Елбасымыз өз Жолдауында компьютерлендіру, яғни, ақпараттандыруға аса мән беріп отыр. Егер компьютерлер бүгінгі таңда жоғары сұраныста, ол дегеніміз көптеген жұмыстарымыз автоматтандырылған, сапалы, жеңіл болып отыр. Сондықтан компьютерді жоққа шығара алмаймыз. Бірақ мынаны білу қажет. Тек дұрыс орнымен пайдалана білген жөн. Ал кітап ол біздің – рухани байлығымыз. Кітап оқуды жоққа шығару мүмкін емес. Барлығын ұштастыра білуіміз қажет. Рахмет назарларыңызға!