Аңыз Түбі - Ақиқат. Ибраһим Шайх Пен Қожа Ахмет Иассауи жайындағы аңыз-әңгімелер.
Бұл мақала 1921 рет оқылды, 7 рет бүгін
Ысқақ Бабтың урпақтарының бірі Ибраһим шайхтан екі бала болады. Бірінің аты Қожа Ахмет Иассауи, екіншісінң аты Садр шайх. Міне осы екі бала тұралы мынадай аңыз-әңгіме бар.
Бірде Қожа Ахмет Иассауи Сайрамда (Испиджаб) тұрған кезінде үйден далага шықса, атасы Ибраһим шайх шұқшиып жер шұқып отыр екен. «Ата, не істеп отырсыз?» — деп сүрағанда: — «Е, балам, егістікті жекелеп отырмын» — деп жауап береді. «Ой, ата-ай, соған да уақыт жұмсап, әуре боласыз ба, бір ауыз сөзбен бітрмесіз бе?» — дейді. «Ондай қолымнан келмейді, қолыңнан келсе, жасай ғой», - дейді. Сонда жас Қожа Ахмет тұрып: «Жегенің жерге қал, бөтенің бетке шық»,-деген екен.
Дәрет алып келген атасы қайран қалып: «Е, балам, екі қошқардың басы бір казанға сыймайды дегендей, енді бұл жерден не сен, не мен кетуім керек», - депті. Сонда Қожа Ахмет тұрып: «Сіз жасыңыз келген ағасыз, мен жаспын, мен кетейін», - деген екен. Сонымен, ақ түйеге мініп, жүріп кетеді Сондағы ойы - осы ақ түйе қай жерге барып шөксе, сол жерге қоныс тебу. Сейтіп, ақ түйе шөккен осы Түркістан жері оның мекен-жайына айналады. Арада біраз уақыт өтеді. Бір күндері Қожа Ахмет ата-анасына сәлем беріп қайту үшін Сайрамға келеді. Дем алып, тыныстаған соң, атасы сөз қозғап: «Иа, қарағым, қайда болдың, қай жерге қоныс тептің?»
— деп сауал береді. Сонда ол: «Ақ түйем Тұрінстан шаһарына шөкті», - деп жауап берген екен. Сол жер мына қазіргі Қожа Ахмет Иассауи ғимараты жайласқан жер. Сонда атасы тұрып: «Балам, сен сол жердің халқымен сұхбаттастың ба, не байқадың?» дегенде, «Иә, ата, сухбаттастым, бәрін де білемін, бірақ соны біле тұра, мен сол жерге қоныс тебуге бел байладым»,-деп жауап береді. Баласын сынамақ болған Ибраһим шайх: «Иә, не байқадың, айтшы», - дегенде, жас Қожа Ахмет былай жауап берген екен: «Ол жердің халқы арқаңнан қағып тұрады, аяғыңнан шалып тұрады». Сонда мұны естіген атасы, баласының зеректігіне риза болып: «Иа, балам, дұрыс айтасың, бірақ соны біле тұрып, неге қоныс тептің?» дегенде: «Жақсыны жолға салу оңай, жаманды да жолға салып көрейін», - деген екен.
Қожа Ахмет 63 жастан кейін хилуетке кірген және қалған өмірін сонда өткізгені белгілі. Көп мәліметтерге қарағанда, ол жуз жиырма бес жыл өмір сүрген болса, соның ішінде алпыс екі жыл өмірін сол жер астында хилуетте өткізген. Себебі, «Мен пайғамбардан артық емеспін, соның ізбасарымын, сол себепті мен алпыс үштен кейін жер астына кіруім керек»,- деп ойлаған. Екінші жағынан, жер ұстінде жүріп, халықтың жан тазалығын жақсартуға күші жетпегенін сезгендіктен, жер астына түсіп, сол көңілге түйгендерін хикметтері арқылы жазып қалдыруды мақсат еткен деседі. Осы себепті болса кереқ хикметтердегі сөздердің бәрі жан тазалығына арналған даналық сөздер.
Бұл жерде бір айта кететін жәйт, адамда тән тазалығы және жан тазалығы деген ұғым бар. Тән тазалығын жұыну, шомылу, дәрет алу арқылы тазартуға болатын болса, ал жан тазалығы деген ол бүкіл жан-дүниеңнің, яғни рухани ішкі сарайыңның таза болмағы деген сөз. Бұл ете қиын. Себебі — «Алтын көрсе періште жолдан таяды», - деген сез бар. Қожа Ахмет халықты сол ақиқат жолға бағыттауға көп әрекет еткенмен, ойлағанын жүзеге асыра алмай, ақырында жер астына түседі. Сөйтіп хилуетте жатып, өшпес еңбек жазып, мұра қалдырған. Сол хикметті Құранмен теңейді. Оған себеп Құранды қарапайым халық түсіне бермейді. Оның үстіне, хикмет жергілікті тұрік тілінде жазылған. Соған байланысты көп халық Қожа Ахметті түрікі тектес халықтан шыққан деп топшылайды. Хикметтің түрік тілінде жазылуы соған дәлел дейді. Өзінің Хазрет Алидің ұрпағы екенін біле тұрып: «Менің кіндік қаным осы жерге тамған, мен осылар үшін ерінбей еибек етуім керек. Бұларды имандылыққа шақыруым керек»,- деп есептеген. Егер ол хикметін арабша жазғанда, ешкім оны бәрібір Құран сияқты түсінбеген болар еді. Сөйтіп, ол соңында әрбір адамға рухани азық боларлық мол мұра қалдырған. Оның хикметтерін сол кездің өзінде халық жатқа айтқан болса, ол еңбек әлі күнге өз мәнін жоғалтпай халқының рухани бастауына айналып отыр.
Маулана Сафи ад-дин Оруң Қойлақы тұралы аңыз-әңгімелер.
Жоғарыда айтылып өткен Ибраһим шайхтан екі бала болады. Сол баланың бірінің аты - Садр шайх. Садр шайхтан екі бала тараған: бірінің аты Абд ал-Малиқ екіншісінің аты Данышманд қожа (лақап аты Оруң Койлақы). Данышманд қожадан Маулана Сафи ад-дин Орун Қойлақы дүниеге келеді. Бұл кісі Қожа Ахмет Иассауидің немере інісі әрі ізбасары саналады. Шежірені ақырғы ұстаған кісі, осы Қойлақы. Осы аңыз-әңгімелер желісі сол аталмыш шежірені пайдалана отырып жазылды. Әрі онда айтылған, көрсетілген жерлерге арнайы барып, көзбен көріп, ой желісін жалғастырып отырмыз.
Бұл кісі 93 жыл өмір сүрген, ғұмыр бойы тәуіпішілдікпен айналысқан.
Маулана Сафи ад-дин Оруқ Қойлақы бабамыздың сүйегі Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Өзгент деген жерде жатыр. Ол жоғарыда айтып еткендей, Қожа Ахмет Иассауидің немере інісі, әрі ізбасары. Ұлы ақын Иассауи ұрпақтарының шежіресін жазған да осы кісі.
Басқа әулие кісілерден бұл кісінің де өзіндік ерекшеліктері туралы аңыз-әңпмелер баршылық. Соның бірі мынадай: бірде оған Сырдарияның жоғарғы ағысында тұратын әулие кісі түсінде аян береді. Әлгі кісі: «Ей, Маулана Сафи ад-дин Оруң Қойлақы, мен саған мөрі бар тас жібердім, ол пәлен иірімде тұр, сен барып соны ал», - депті. Орнынан тұрып, жігіттеріне әлгі тас тұрған жерді сілтеп жіберіп алдыртады. Шынында да, әлгі тас иәрімде шыркөбелек айналып тұрған екен. Енді бұған жауап берейін деп ойланады. Содан ішіне су өтпейтін мықты бір сандық жасатып, табанына ақ мақта төсеп, ортасына май шырағдан жағып қояды. Сырдың суын кері ағызып, әлгі сандығын суға жібереді де, өзі әлгі кісіге аян береді. Ол кісі ертемен тұрып дарияға барса, айтқан жерінен сандықты көреді. Ашып қараса, шырағдан, әлі жанып бітпеген, мақтасы да құп-құрғақ, сол күйінде. Содан әулие кісі қайта аян беріп: «Мен сені мойындадым, әулиелігіңе кумәнім жоқ», - деген екен. Койлақының басына қам кесектен соғылған мазараты бар, әлгі тас сол жерде әлі де тұр. Қасында әкесі Данышманд шайх жатыр. Сәл әріде бабасы жатыр.
Садр шайх бейіті орналасқан жерде ол кісі жайында ел аузында осындай әңпмелер көп сақталған. Біз әңгіме қызықты, тартымды, әрі делелді болу үшін осылай қысқа мысалдарға ғана жүгіндік.
АРЫСТАН БАБ ТҰРАЛЫ АҢЫЗ-ӘҢГІМЕЛЕР.
Арыстан Баб тұралы аңыз әңгімелер көп. Ол кісі бұрын да көптеген дінге кіріп, олардың ішінен ислам дінінің ерекшелігін айқын аңгарған. Сонымен қатар, барлық діннің ішінде ең жоғары рухани молы ислам діні екеніне көзі жетіп, соны мойындаған. Бұл аңыздарға карағанда, Салман Фариси (Арыстан Бабтың лақап аты) исламға дейін отыз тоғыз дінді білген дейді. Бірақ соның ішінде исламды мойындап, Мухаммедтің ізбасары болған екен.
Соған байланысты айтылып жүрген аңыздардың бірі «Аманатқа» қысқаша тоқталайың. Бірде Меккеде Мухаммед пайғамбар халықты жинап: «Менің өмірім жетер емес, менен төрт жүз жылдан кейін түрік елінен ізбасарым дүниеге келеді. Соған кім мына аманатты тапсырады», - дейді. Сонда ортаға Арыстан Баб шығып: «Мен тапсырар едім, егер ғұмырым жетсе», - депті. Ол кезде Арыстан Баб үш жуз жаста еді. Сонда Мухаммед Алламен тілдесіп, «ғұмырыңды созуға рұқсат берді», -деп жауап беріпті. Аманат құрманың сүйегі екен, соны ел алдында Мухаммед Арыстан Бабқа тапсырады. Сонда: «Мен оны қалай тапсырамын?» деген, оган: «Өзі алдыңнан шығып сүрайды», - дейді Мухаммед. Арада көп жыл өтін, Түрікстанды аралап жүргенінде, Арыстан Бабтың алдынан жеті жасар бала (бір деректерде он бір жасар) шығып: «Ата, аманатымды бер»,- деген екен. Сонда Мухаммедтің айтқаны есіне түсіп, ол аманатты иесіне тапсырыпты. Бала алды-артына қарамай, жүгре жөнелмек болғанда: «Мен неше жыл сақтағанда, аманат үшін бір ауыз жылы сөз айтпадың ғой», - дейді Арыстан Баб. Сонда бала артына қарап тұрып: «Маңызын сорып, сүйегін маған бердің», - деген екен. «Мейлі, сонда да батамды берейін» депті де, «Саған түнесін, менен тілесін, аумин»,- деп жүріп кетіпті. Міне, содан бері зияратқа келген халықтың Арыстан Бабқа түнеп, Ахмет Иассауиден тілеуі содан қалған дәстұр екен. Сондағы жас бала, Мухаммедтін ізбасары, Арыстан Бабтың шәкірті, «Диуани Хикмет» атты еңбекті жазған, әлемге аты әйгілі осы Ахмет Иассауи еді. Ал Арыстан Бабтың ғимараты Сыр бойында Отырар шаһарына жақын жерге орналасқан. Бұған қосарымыз, бұл тастың кім екені әлі белгісіз, бірақ дін таратушы болғаны елге мәлім. Арыстан Баб туралы аңыз-әңгімелер бар. Ол кісі көп жыл өмір сүрген. Көзі тірісінде тау-тасты жиі аралап, емдік шөп жинап, қолдан өзі дәрі-дәрмек жасайды екен деген әңгіме де бар. Сонымен бірге, емішілікпен де айналысқан. Мүмкін, ұзақ өмір сүруіне емішілігі себеп болған шығар.
АҚСАҚ ТЕМІР ТУРАЛЫ АҢЫЗ-ӘҢГІМЕЛЕР.
ғұлама бір кісі түс көріп жатқанда Ахмет Иассауи аян беріпті: «Сенің шәкірттеріңнің ішінде дінді қатты сыйлайтын әрі келешекте ел билеуші болатын бір бала бар»- депті. «Мен оны қалай білемін?»- дегенде: «Балалардың бәрін жинап алып, торғайдың балапанын алдыр, оны ешкімге көрсетпей өлтір деп бүйыр, сонда білесің»,- депті. Ертесіне медресеге келген ұстаз қырық шәкіртін жинап алып: «Барлығың барып, бір-бір шымшықтың балапанын әкеліңдер», - деп бұйырады. Балалар жүгіріп кетіп, бір кезде бір-бір балапаннан алып келеді. Ұстаз оларға: «Енді осы балапандарды ешкім көрмейтін жерге апарып, бәрін өлтірін келіңдер»,- деп бүйырады. Барлығы қайта жүгіріп кетеді де, ешкім көрмейдіау деген жерге барып, балапандардың мойындарын бұрап жұлып, ұстаздарының айтқандарын орындайды. Ішінде бір бала ғана балапанды өлтірмей қайта әкеледі. «Сен неге өлтірмедің?» деген сүраққа, «Ешкімге көрсетпе дедіңіз ғой, ешкім көрмегенмен, құдай көрін тұр,өлтіре алмадым» - деп жауап беріпті. Сонда ұстаз келешек ел билеушінің осы екенін білген екен. Ұстазы оған ерекше көңіл бөліп жүріпті.
Күндердің күнінде Ақсақ Темір ел билеуші болып, жорыққа шыға бастаған кезінде, Ахмет Иассауи түсінде аян беріпті. «Сен менің басыма ғимарат тұрғыз, менің әруағым сені демеп жүреді», - деген. Сонда Ақсақ Темір: «Мен сені қайдан табамын?» - дегенде, «Жолды мен өзім көрсетіп отырамын»,- деген екен. Сонымен, Ақсақ Темір бел байлап, Қожа Ахметті іздеп шығыпты. Ұзақ жүріп, Түркістан шаһарына келгенде түсінде аян беріп, жатқан жерін айтады. Таңертең ертерек барып қараса, шынында да, кішкене ғана мазарат тұр екен. Құран оқып, ертесіне іс бастапты. Кешке дейін біраз дуал қалап қойған екен, таңертең барса, бұзылып жатқанын көреді. Басына қарауыл қояды. Таң алдында үйықтап кетіп, кімнің бұзғанын білмей қала береді. Болмаған соң үшінші күні өзі барады. Таң алдында үйқы қысады, үйқыға бой алдыра берген соң қолын қанжармен тіліп жіберіп, үйықтамау үшін түз сеуіп қояды. Сонымен, бір кезде караса, үлкен көк өгіз келіп, дуалды майқандап жатыр екен. Не істерін білмеген Ақсақ Темір ойланып қалады. Түсінде Қожа Ахмет тағы да аян беріп, былай депті: «Ол көк өгіз Арыстан Бабтың аруағы, соған қапаланып бұзып тастап жатыр. Ол менің ұстазым, сен оның аруағын аттап өттің, сол үшін алдымен оның басына ғимарат тұрғыз. Содан соң маған қайта келерсің»,- депті. «Мен оны калай табамын?» - дегенде, «Мен өзім жол сілтеп отырамын» - деп жауап береді. Сонымен, ерте тұрып, Отырарға бет алады. Кешке сонда жетін үйықтап жатқанда, түсінде аян беріп, жатқан жерін көрсетеді. Таң ата басына барып, Құран оқып, құрылысты салуға кіріседі. Басталған құрылыс ойдағыдай аяқталған соң, демалып жатқанда және түсінде аян беріп: «Міне, енді сәті болды, енді менің басыма ғимаратыңды салдыра бер»,- дейді. Сонымен Түрікстанға қайта келіп, Қожа Ахмет мешітін (кесенесін) салуды бастаған екен. Бірақ құрылыс жұмыстары жақсы жүрін жатқанда, Самарқанда басқа бір қауырт жұмыс шығып, құрылыс салып жатқан ұста сол жаққа кетіп,көптеген себептермен қайта оралмаған-ды. Содан ғимарат құрылысы толық бітпей калады. Сол кезден бастап Ақсақ Темір жорыққа шығар кезінде үнемі Түркістанға келіп, Ахмет Иассауидің басына зиярат етіп, ас беріп, тайқазаннан дәм тату әдетке айналған екен. Сондай бір сапармен келгенде, қатты сырқаттанып, осы жерде қайтыс болған деседі. Оның айтқан өз өсиеті бойынша, ол Самарқанға қайтуы керек еді. Бірақ халық арасында шу шықпасын деп, білдірмей «Әмір науқас» деп жол жүрін кетеді. Сол жолда Отырардан бері жайғасқан Темір бекетіне келгенде, бір демалыс жасаған көрінеді. Соның құрметіне «Темір» аталып кетіпті. Содан «Темір Арлан» деген жерге барғанда, халың Ақсақ Темірдің қайтыс болғанын біліпті, сыр ашылған көрінеді. Міне, «Темірлан» аталуы содан шыққан екен деп ел аңыз етіседі. Ол Темір арқылы лаң шықты деген ұғымды білдіреді. Бұған қосымша, парсы тілінде ақсақ дегенді «ланг» немесе «ләң» дейді, содан қалған «Темірлан» аталуы да мүмкін ғой. «Темірләң», ягни Ақсақ Темір, қалай болғанда да, осы әңімелердің бір шетінде шындық жатқаны ақиқат.
МАУЛАНА АХМЕТ (ЛАҚАП АТЫ - МАХДУМ-И А’ЗАМ) ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕР.
Батыр қожа йінан ұлы Құрбанқожа йінанның жазып қалдырған шежіресінде мынадай сөз келтірілген: «Хазрат Махдуми А’замга қиргиз, қазақ барінаси муриддир». Бұл шежіре хижраның 1322 (1904-1905) жылы Бухарадан жазып әкелінген, бұрынан бері бар.
Енді бұл Батырдың шығу тегі туралы азғана магұлмат бере кетейік. Жоғарыда айтылып өткен сайид Бурхан ад-дин Қылыш деген кісіге төрт атамен баратын саййид Джалал ад-дин Ахмет Иассауидің Гауһар деген қызына үйленеді, міне сол екеуінен Маулана Ахмет туады. Маулана Ахметтің Ысқақ Уәли деген баласы болған. Осы баладан Нурила дүниеге келеді. Бұл кісні «Домалақ ана» деп атайды. Бұдан Жарықшақ, одан терт ата ұлы жүз тайпалары тарайды. Домалақ Ана кезінде Маулана Ахметтің қолында тәрбиеленген. Тарихи деректерге қарағанда, Ысқақ Уәли (Али Усман деп те келеді) Ақсақ Темір әскерінде қолбасшы болып қызмет етіп, ерлікпен қаза тапқан екен. Тағы бір дерекке қарағанда, атақты Жалаңтөс батыр Маулана Ахметті және осы кісінің шәкірттерін ұстаз тұтып, өз өсиетінде: «Мені жерлегенде Дахбидқа апарып, ұстаздарымның аяқ жағына және төмендеу қойыңдар»,- деген екен. Өсиеті орындалып, сол айтқан жайға жерленген екен. Қазір барған адамдар оны өз көзімен көруіне болады.
Аңыз-әңгінелерді жинаған С. Дурбонқожаев
Ұқсас тақырыптар:
- Абу Али Хусейн Ибн Абдаллах Ибн Сина (980-1037)
- AVICENNA (Abu Ali ibn Sina)
- ABU RAIHAN AL-BIRUNI (973 - 1048 A.D.)
- Ал-ХОРЕЗМИ Мухаммед бен-Муса (783-850)
- УЛУГБЕК ТАРАГАЙ (1394-1449)
- ОМАР ХАЙЯМ - УЧЕНЫЙ МЫСЛИТЕЛЬ, ПОЭТ (1048-1123)
- OMAR AL-KHAYYAM (1044 - 1123 A.D)
- МАХМУД КАШГАРИ. “ДИУАНИ ЛУГАТ АТ-ТЮРК”
- Maxmwd Kaşgarï Al-Kaşgarï (lat).
- ИАССАУИ ҰРПАҚТАРЫ