PAINT графикалық редакторы (Жоба сабақ).
Суюнтаева Салтанат Маратовна, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың информатика пәні мұғалімі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды графиктік редактор мүмкіндігімен таныстыру, редактормен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру. Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен, үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып,редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды компьютерлік және басқада ақпараттық-байланыс технологияларын оқу үрдісінде қолдана білуде ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру
Жоба сабақ туралы қысқаша мәлімет:
Компьютердің қолданылу аясы шектелмеген десе де болады. Компьютерлердің көмегімен күрделі әрі зиянды өндіріс үрдісін автоматты түрде басқару жүзеге асырылады, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі, көп рет қайталанатын амалдар орындалады, компьютерлік жаттықтырушылар көмегімен кадрларды кәсіби қайта даярлау жүргізіледі және басқа да көптеген жұмыстар атқарылады. Сол сияқты компьютер көмегімен түрлі-түрлі суреттер салуға болады. Сурет салу үшін мектеп бағдарламасында Paint графикалық редакторы қолданылады
Пәнаралық байланыс:
Информатика, әдебиет, қазақ тілі,бейнелеу өнері
Класы:
7-класс оқушылары, информатика
Жоба сабағының ұзақтығы:
2 сағат, 2 апта
Жобадан күтілетін нәтиже: Жоба сабақ аяқталғаннан кейін: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады».
Жобаға дейін бағалау (Оқушылардың белсенділігі, ұйымшылдығы) Жоба кезіндегі бағалау (оқушылардың жоба барысында жасалған жұмыстарын бағалау)
Жобаға керекті материалдар
Фотоаппарат, видеомагнитофон, компьютер, видеокамера, камера,DVD-ойнатқыш, сканер
Интерактивті тақта.
Баспа материалдары Оқулықтар,хрестоматия,сөздіктер, әдістемелік журналдар.
Басқа қажеттіліктер Плакаттар, буклеттер, суреттер
Ғаламтор ресурстары Жобаға қажетті сайттармен жұмыс жасау
Басқа ресурстар Мұғалімдерді,ата-аналарды,программисттерді шақыруға болады.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды түгелдеу.
ІІ Ассоциация. Кім жылдам?
***
Мен Paint графиктік редакторы туралы не білемін? (Эссе жазу)
Бағыт беруші сұрақтар:
Негізгі сұрақ Біз жасап шығара алмайтын нәрсе бар ба?
***
Тақырыпқа сай проблемалық сұрақтар
Компьютер суретті адамнан жақсы сала ма?
Paint бізге не үшін қажет?
***
Тақырыптық сұрақтар
1. Қандай графикалық редакторларды білесіз?
2. Paint графикалық редакторының мүмкіндіктерін ата
3. Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады?
4. Түстер палитрасы не үшін қажет?
5. Саймандар панелінің қызметі?
6. Батырмаларға сәйкес олардың қызметтері қандай?
7. Суреттерді сақтау үшін қандай әрекеттер орындау керек?
8. Сақталған суреттерді ашу үшін қандай әрекеттер тізбегі орындалады?
9. Жаңа бет ашу әрекеттерін ата
10. Суретті не үзіндіні өшіру үшін қандай әрекеттер орындау керек?
11. Үзіндіні бейнелеу немесе бұру үшін қандай әрекеттер орындау керек?
12. Үзіндіні еңкейту мен созу үшін қандай әрекеттер орындау керек?
13. Суреттерді қағазға басып шығару үшін қандай әрекеттер орындау керек?
14. Түстер палитрасын өзгерту үшін қандай әрекеттер орындау керек?
15. Суреттерді көшіру не қиып алу үшін қандай әрекеттер орындау керек?
Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Информатика. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу.
- Paint графикалық редакторында үзінділермен жұмыс жасау. Саяхат-сабақ
- «Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс (4-5)
- И-5-7. Paint графикалық редакторының құралдары.
- Paint графикалық редакторының командалары. Мәтіні бар сурет салу.
- И-5. Paint графикалық редакторының құралдары.
- Информатика. Paint еліне саяхат.
- Открытый урок по информатике на тему: «Панель инструментов. Палитра цветов. Меню»
- Paint графикалық редакторы
- Инф-7. «Информатика патшалығында» СТС.
Салта жумысына саттилик!