К к әрпі мен дыбысы
Сабақтың тақырыбы: К к дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты: К дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл
ұстарта отырып сөз
құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасау.
Дидактикалық материалдар арқылы балалардың
есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды
К дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету.
Таза қазақ тілінде сөйлеуге,
байланыстырып сөйлеуге, түзу отыруға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, көрнекілік, ойын, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктері: к дыбысының баспа түрі, текшелер, кеспе әріптер
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі.
− Балалар, қанеки «Ұзын құлақ сұр қоян» өлеңін хормен, қимылмен айтайық.
− Бәрекелде! Ал енді балалар, біз өткен сауат ашу пәнінен қай әріпті өткен едік? Естеріңде бар ма?
− Дұрыс, Ее әрпі мен дыбысын өткенбіз.Қанеки, Е дыбыс кездесетін сөздерді айтайық. Кім маған сөзді пайдаланып сөйлем құрайды?
Бір оқушыға «есен» сөзін кеспе әріптерден қалташаларға салу арқылы жаздырамын.
− Ее қандай дыбыс?
− Дұрыс, дауысты. Неге дауысты?
− Өкпеден шыққан ауа іштен еркін шығады.
− Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
− Әріпті біз көреміз, жазамыз. Ал, дыбысты естиміз және айтамыз.
− Ее әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі?
− Тамаша, тақтаға қарайық. «Буын құра» ойын ойнайық.
(балаларға жекелеп буын құратып айтқызамын мысалы: де, бе, ең,ер, ре т.б.)
- Ер сөзінің көмегімен қандай мақал айта аламыз?
Ер жігіт ел үшін туады, Ер қадірін ел біледі,
Ел үшін өледі. Зер қадірін зергер біледі.
- Мінекей, балалар, біз қанша әріпті білеміз. Осы буындармен сөз құрай аламыз.
- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
- Жыл мезгілдерінің қайсысының атауында Е дыбысы кездеседі?
- Дұрыс, «көктем» мезгілінде. Көктем қай жыл мезгілінен кейін келеді?
- Көздеріңді жұмып көктемді көздеріңе елестетіңдерші. Нелер елестеді?
- Бәрекелде, ия, көк шалғын, қар еруі, құстар ұшып келуі, күн сәулесінің ысуы т.б.
- Көктемнің ертерек шыққанын қалайсындар ма?
-. Ол үшін мынадай тапсырмаларды орындуларың шарт. (күн көзі салынған суретті төртке бөліп… )
• Емен сөзін оқып, буынға бөліп бер
• Тер сөзін тақтаға жазып, дыбыстық талдау жаса.
• Суреттегі затқа сөйлем құра (етіктің суреті)
• Еңбек жайлы мақал-мәтел айт.
Еңбек түбі -береке, Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Көптің түбі -мереке. Егін екпесең жерге өкпелеме.
• Жарайсыңдар, мына төрт бөліктің тапсырмаларын орындап, біріктірген едік ненің суреті пайда болды?
• Күннің көзінің жылуы көктем мезгілінің алғашқы нышандарының бірі.
• Күн сөзінде бірінші қандай дыбыс? Дұрыс, к дыбысы. Енді мына суретке қарап к әрпі бар сөздерді айтайық. Оларға сөйлем құрайық.(кірпі, көпір, керуен, көзілдірік, кептер, күрек, кітап, күн, кілт т.б.)
• Енді, к дыбысы сөздің қай жерде тұратынын талдайық.
•
•
• Қараңдаршы күннің көзі ұйықтап жатыр. Оны ояту үшін бізге қонақтар келді. Оларды танимыз ба? (тақтаға күшік, кенгуру, бүркіт суреттері ілінеді; буынға бөліп, әр сөзде қанша дауысты, дауыссыз дыбысы бар екенін анықтау)
• Бәрекелде! Күннің көзі оянды.
• К дыбысын дыбыстайық.
Түсіндіру. К дыбысы дауыссыз дыбыс, дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленеді.
• Ал, балалар араларыңда жұмбақ жасырамын дегендерің бар ма?
Жұмбақтар
Жер көрдім қаласы бар, Көреді бәрін өзгенің, Мен жүгірсем ол да жүгіреді,
Үйлері жоқ мекендейтін. Көре алмайды өздерін. Мен мүдірсем, ол да мүдіреді.
Көл көрдім, өзен көрдім, (көздер) (көлеңке)
Сулары жоқ тереңдейтін. (карта)
− К әріпін ауада жазып көрейік.
Әліппе дәптермен жұмыс.
Сергіту сәті. Жаза, жаза қолымыз,
Талып кетті көзіміз.
Бір, екі, үш
Отырамыз тып-тыныш.
Сөзжұмбақ шешу
к к
к
к к
к к
Шешуі: көк, кесе, көжек, көлшік;
• Еліміздің туының түсі қандай?
• Әжелеріміз шәйді немен ішеді?
• Қоянның баласын не деп атайды?
• Жаңбырдан кейін қалған кішкентай су қалай аталады?
Бәрекелде балалар, енді сызба көмегімен сөйлем құрайық.
, . , .
Кемел, мектепке кел. Мектепке кел, оқы.
Жаңылтпаш айту
Есет атам ет асатар, Көтере алмай керегін Ақ көбелек, көк көбелек,
Ет асатса бес асатар. Кербез керік кері кетті. Ұшып қонған көп көбелек.
Кезі келіп кезігіп, Жалт бергенде топ көбелек,
Кекілік оны келемеж етті. Таба алмайсың, жоқ көбелек
Жұмбақ шешу
Қайталап атымды Дөп дөңгелек ілінген,
Көктемде ән салам. Күннен көмек тілеген.(күнбағыс)
Кез келген ұяға
Жұмыртқа табамын. (көкек)
• Көкек, күнбағыс сөздерінде неше дыбыс бар, бірінші қай дыбыс естіледі?
Қалай естіледі? – деп балалардан жауап ала отырып, сабақты қорыту.
Балаларды мадақтау.
Ұқсас тақырыптар:
- None Found
Бұл сабақ сауат ашу пәнінен мектепалды даярлық тобында өтілді. Авторы Заводской кенті, Заводской орта мектебінің бастауыш сыныптың 1 санатты мұғалімі Сарсенбаева Мөлдір Омарханқызы. Сабақ өте сәтті өтті.