Тарих. Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы.
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы, Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәнінің мұғалімі Абажаппарқызы Мира
Білімділік: Қазақстандағы сәулет өнерінің даму тарихын, ондағы адамзат баласының тәжірибесін нақты елестету арқылы сәулет өнерінің өз заманының тарихы екеніне оқушылардың көзін жеткізу.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге, өз бетінше қорытынды жасауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушылар бойында өз жеріне, өз халқының мәдени жетістіктеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке баулу, оның қадір-қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Шаталовтың трек- схемалар технологиясы, дискуссиялық сұрақтар, глоссарий, кубизм әдісі,
Көрнекілігі: «Орта ғасырлардағы сәулет ескерткіштері» бүктеме, слайд, Қазақстанның саяси картасы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Миға шабуыл
1. Қолөнердің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Ұсталық кәсіптің дамуына не әсер етті?
3. Зергерлер не жасаумен айналысты?
4. Сауда мен ақша айналымы қалай пайда болды?
5. Егіншіліктің дамуына қандай жағдайлар әсер етті?
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Дискуссиялық сұрақтар
«Келісемін», «Келіспеймін»
- Қала тұрғындарының көбеюі салдарынан тұтыну бұйымдары өндірілмеді.
- Қазақстан жерінен қыш құмыра мен су құбырларын жасайтын шеберханалар табылған жоқ.
- Қыш құмырашылардың қолы жеткен жетістіктерінің бірі- шыны болды.
- Сәулет өнерін ұсталықтағы шеберліктің жетістігі деп әбден айтуға болады.
- Орта ғасыр қолөнерінде дамыған кісіптердің бірі- сүйек ұқсату.
- Сауда айырбас жағдайында немесе ақша арқылы жүргізілді.
- Қала маңындағы егін егуге қажетті жер сауданың дамуына байланысты игерілмеді.
ІV. Жаңа сабаққа кіріспе.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Сәндік қолданбалы өнер
2. Архитектуралық құрылыс жүйелері
3. Кесенелер
V. Жаңа сабақты түсіндіру.
|
|
Архитектуралық сәндігі ерекше көзге түсетін құрылыс
VІ. Бекіту.
Глоссаий:
- Ғаныш- Күйдірілген бор тас. Ол қалау жұмысына және сылаққа қолданылған.
- Терракота- ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын шағын көзе кірпіш
- Мешіт-мұсылман дінінің әдет- ғұрып, салт- дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат
Тарихи сынақ хат.
Орта ғасырлардағы қолданбалы өнердің материалдары сары топырақты балшық пен ғаныш болды. Сәулетті архитектуалық құрылыс жүйелерінің сыртқы көрініс стилі Орта Азия мен Қазақстанда бірдей болды. Діни кешендерге мешітті, кесенелерді, мазарларды, моншаларды жатқызуға болады. Өзінің алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштер- Бабаджа- қатын мен Айша- бибі кесенелері. Археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде Отырар, Тараз, Түркістан қалаларынан шығыс моншасы табылған. Арыстан- баб діни аңыздар бойынша Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы болған. Бабаджа- қатын кесенесі- күйдірілген кірпіштен салынған, әсем күмбезді ғимарат. Айша- бибі кесенесінің сыртқы қабырғалары оюлы терракот кірпіштермен қапталған. Археологиялық қазба жұмыстары барысында көптеген қалалардан шығыс моншаларының орындары белгілі болды.
Кубизм әдісі:
- Қолданбалы өнердің құрылыс материалдары не болды?
- Ғаныш дегеніміз не?
- Сәулетті ірі құрылыстар қай ғасырларда салына бастады?
- Мұндай құрылыс жүйелерінің салынуына не себеп болды?
Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- Технология. Сәулет өнері.
- Тарих. Үйсіндер тарихы, орналасқан жері.
- История. Государственно-административное устройство Белой Орды, Могулистана, ханства Абулхаира, Ногайской Орды.
- Тарих. Ұлы Отан соғысының басталуы (АС).
- Тарих. Қазақстан коммунистік партиясының тарихы.
- Тарих-9. XX ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті
- Тарих. 1-сабақ: Қазақ халқының материалдық мәдениеті. 2-сабақ: Алаш қозғалысы.
- Тарих 9-сынып. Қазақстандағы 1926-1941 жылдардағы индустрияландыру.
- 9 класс. Аңыз болған «Құлагер».
- Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жүздерінің шығуы. Қазақ халқының этностық құрамы.
Әдемі екенсин!
А Вы умеете делать комплементы, рахмет Сізге!
Бұл сайтта әдемі қыздар көп, жиі қарап тұрыңыз.