Truth human growth hormone
Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.
8 Апрель 2012 – 18:58 | Комментариев 59

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Информатика

WordPad редакторы анықтама бөлімінің қазақшаланған нұсқасы

Опубликовал в 15 Январь 2013 – 10:58Нет комментариев

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, “Қазығұрт” жалпы орта мектебінің қосымша білім беру педагогы Серікбай Сембек Уалиханұлы

WordPad редакторында жұмыс
Құжатты жасау, ашу немесе сақтау
Құжаттарды пішімдеу
Құжаттарға дата және суреттер кірістіру
Құжаттарды алдын ала қарау
Беттің параметрлерін өзгерту
Құжаттарды баспаға беру
WordPad-та жылдам жұмыс

WordPad – құжаттарды жасау және редакциялауға арналған мәтіндік редактор. Блокноттан өзгешелігі,  WordPad құжаттарында түрлі пішімдеулер мен графикалық объектілер болуы мүмкін. WordPad құжатына объектілерді (суреттер немесе басқа құжаттар) кірістіруге немесе олармен байланыстыруға болады.

1 – WordPad батырмасы      2 – жылдам қатынау тақтасы    3 – таспа (лента)

WordPad терезесі

  1. Құжатты жасау, ашу немесе сақтау үшін төменде сипатталған командаларды пайдаланыңыздар.

Тапсырма

Әрекет

Жаңа құжат жасау WordPad менюіндегі  батырмасын басыңыз және Жасау (Создать) бөлімін таңдаңыз.
Құжатты ашу WordPad менюіндегі  батырмасын басыңыз және Ашу (Открыть) бөлімін таңдаңыз.
Құжатты сақтау WordPad менюіндегі  батырмасын басыңыз және Сақтау (Сохранить) бөлімін таңдаңыз.
Құжатты басқа атпен немесе басқа форматта сақтау WordPad менюіндегі  батырмасын басыңыз және маус көрсеткішін деп Сақтау (Сохранить как) бөліміне апарыңыз, онан соң құжаттың сақталу форматын таңдаңыз.


Ескерту

  • WordPad –та мәтіндік құжаттарды (TXT-файлдар), пішімделген  мәтіндік құжаттарды  (RTF-файлдар), Word форматындағы құжаттарды (DOCX-файлдар) және OpenDocument Text  форматындағы құжаттарды (ODT-файлдар) ашуға және сақтауға болады. Басқа форматтағы құжаттар кәдімгі мәтін түрінде ашылады және дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.

Құжаттарды пішімдеу

Пішімдеу деп құжаттағы мәтіннің көрінісі мен орналасу тәсілін айтады. Пішімдеуді қолдану үшін тақырып қатарының астында орналасқан лентаны пайдалануға болады. Мысалы, түрлі қаріптер мен олардың көлемін таңдауға, мәтінге іс жүзінде қалаған түсті беруге болады. Құжатты туралау да қиыншылық туғызбайды.

  1. Құжаттағы пішімдеуді өзгерту үшін төменде көрсетілген командаларды пайдаланыңыздар.

Тапсырма

Әрекет

Құжаттағы мәтіннің түрін өзгерту Өзгертілетін мәтінді ерекшелеңіз, Басты (Главная) қосымшасының Қаріп (Шрифт) тобындағы батырмаларды қолданыңыз. Әр батырманың қызметін білу үшін батырмаға маус көрсеткішін жақындатып көруге болады.
Құжаттағы мәтіннің туралануын өзгерту Өзгертілетін мәтінді ерекшелеңіз, Басты (Главная) қосымшасының Абзац тобындағы батырмаларды қолданыңыз. Әр батырманың қызметін білу үшін батырмаға маус көрсеткішін жақындатып көруге болады.

Құжаттарға дата және суреттер кірістіру

Құжаттарға дата және суреттер кірістіру үшін төменде көрсетілген командаларды пайдаланыңыздар.

Тапсырма

Әрекет

Ағымдағы күнді қою
  1. Басты (Главная) қосымшасының Кірістіру (Вставка) тобындағы Күн және уақытты (Дата и время) таңдаңыз.
  2. Қажет форматты таңдаңыз және ОК батырмасын басыңыз.
Суретті кірістіру
  1. Басты (Главная) қосымшасының Кірістіру (Вставка) тобындағы Сурет (Рисунок) таңдаңыз.
  2. Қажет суретіңізді табыңыз және Ашу (Открыть) батырмасын басыңыз.
Сурет кірістіру
  1. Басты (Главная) қосымшасының Кірістіру (Вставка) тобындағы Paint суретін (Рисунок Paint) таңдаңыз.
  1. Кірістіретін суретіңізді салыңыз және Paint қолданбасын жауып тастаңыз.

Құжаттарды алдын ала қарау

  1. Құжаттарды қарап шығу үшін төменде сипатталған командаларды қолданыңыз.
Тапсырма Әрекет
Масштабты үлкейту не кішірейту Түр қосымшасының Масштаб тобындағы Үлкейту (Увеличить) не Кішірейту (Уменшить) батырмаларын басыңыз.
Құжаттың нақты өлшемін көру Түр қосымшасының  Масштаб тобындағы 100% батырмасын шертіңіз.
Сызғышты көрсету Түр қосымшасының Көрсету немесе жасыру тобындағы Сызғыш (Линейка) тұсына қанатбелгі қойыңыз.
Қалып-күй қатарын көрсету Түр қосымшасының  Көрсету немесе жасыру тобындағы Қалып-күй қатары (Строка состояния) тұсына қанатбелгі қойыңыз.
Сөздерді тасымалдау параметрлерін өзгерту Түр қосымшасының Параметрлер (параметры) тобындағы Сөздер бойынша тасымалдау (Перенос по словам) батырмасын шертіңіз және қажетті параметрлерді таңдаңыз.
Сызғыштың өлшем бірлігін өзгерту Түр қосымшасының Параметрлер (параметры) тобындағы Өлшем бірліктері (Единицы измерения) батырмасын шертіңіз және қажетті параметрлерді таңдаңыз.

Кеңес

Құжаттың масштабын үлкейту немесе кішірейту үшін терезенің төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Масштаб жүгіртпесінің Үлкейту (Увеличить) не Кішірейту (Уменшить) басуға болады.

Толық нұсқасын көшіріп алыңыз.


Құрметті әріптес!

Бұл қапшықтарда Paint қолданбасы бойынша тест және сөзжұмбақтар бар. Олар png файлдар түрінде сақталған, яғни Сіз оларды тексеріп отырмай-ақ, бірден баспаға шығара бересіз. Сізге қағаз үнемдеу үшін А4 парағына екі тест немесе сөзжұмбақ сиятындай етіп жасалған. Жауаптарын біледі деген үміттемін.

Екіншісі WordPad анықтамалығының қазақшаланған нұсқасы.

Ұсыныстарыңызды э-поштама жіберсеңіздер.

 Paint қолданбасы бойынша тест және сөзжұмбақтарды көшіріп алу.

 

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.