Рейтинг@Mail.ru
Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.
30 Сентябрь 2013 – 12:36 | Комментариев 60

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Read the full story »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Бастауыш сынып

Бастауыш 1-сынып. Қазақстан картасы

Опубликовал в 25 Июнь 2012 – 01:46Нет комментариев

Сынып: 1 «Б» сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан картасы
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Карта туралы мағлұмат беру, өлеңнің мазмұнын меңгерту, сөздерді дұрыс тасымалдауға үйрету. Жамбыл Жабаев туралы түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Отанымыздың қалаларын картадан тауып көрсетуге қызығушылықтарын арттыру, еліміздің жерімен, табиғаты мен таныстыру, табиғатын, жерін қорғауға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: «ҚР картасы» презентация, компьютер, интерактивті тақта, глобус, Семей, Өскемен қалаларының суреттер жинағы.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Қазақстан-Республикам менің» өлеңін мәнерлеп оқыту, ереже сұрау. Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

- Балалар, біз қай елдің азаматымыз?
- Қазақстан Республикасының азаматымыз.
-Біздің мекен-жайымыз қандай?
- ҚР, ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы.

ІІІ. Жаңа сабақ.

(Карта туралы түсінік беру ) ,

Карта-Жер бетінің, жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі (үлгісі). Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың өзгеруін, батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын, т.б. анықтауға болады. Картаның өндіріс пен шаруашылықта, ғылым мен елдің қорғанысында маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде, жоспарлауда, әр түрлі құрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады;

Карта — Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір мөлшердегі жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап бейнелеу. Қолданылу мақсатына қарай керекті мәліметтер көрсетіледі.

“Қазақстан картасы” прзентацияны көрсету, қалаларды көрсете отырып, орналасу ерекшеліктеріне тоқталу. MS Power Point бағдарламасында жасалған «ҚР картасы» слайдтарды презентациялай отырып өлеңді мәнерлеп оқып беру, түсіндіру. Жеке оқушыларға тізбектей оқыту.

Сергіту жаттығуларын жасату.

“Қазақстан картасы” презентациясын пайдаланып, өзіміздің ШҚО туралы әңгімелеп беру.

Дәптермен жұмыс.

74 – жаттығу. Жазбаша орындату. Жаттығудың шартын оқушылардың біреуіне оқыту.

Оқушыларға сөздерді оқыту, буынға бөлгізу, й әрпінен бастап тасымалдатып жазғызу.

Жамбыл Жабаевтың нақыл сөзін дәптерлеріне жаздырып, жаттату. Ж.Жабаев туралы қысқаша мәлімет беру.

Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Жерленген жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз. Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық–жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. Балаларға арналған «Балаларға» деген өлеңі бар.

ІV. Қорытынды.

а) Оқушылардың жауаптарын талдай отырып, оқушыларға бағалату.

б) Үйге тапсырма. «Қазақстан картасы» өлеңін мәнерлеп оқу. 75 – жаттығуды жазбаша орындау. Ол жаттығуда берілген сөздерді у әрпінен бастап тасымалдап жазу.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.