«Corel Draw векторлық графика». Авторлық бағдарлама.
Информатика пәнінен жаратылыстану-математика бағытындағы 10 сыныптарға арналған практикалық курс
Автор: Баяхметова Шынар Сұлтанқызы-
Семей қаласы, Шәкірім атындағы №5 мектеп-гимназияның информатика пәнінің мұғалімі, 2010 жыл.
Бекітті: Мақамбаев Мұрат Болатович- Қазақ инновациялық гуманитарлық- Заң университетінің информатика және математика кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент, ақпарат академиясының корреспондент мүшесі.
(24 тамыз 2010 жылы кафедра отырысында талқыланып бекітілді)
Рецензия
«Corel Draw векторлық графика»
Информатика пәнінен жаратылыстану-математика бағытындағы
10-сыныптарға арналған практикалық курс
Шәкәрім атындағы №5 мектеп-гимназияның информатика пәні мұғалімдері С.Т.Минаева, Ш.С.Баяхметова ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін «Corel Draw векторлық графика» бағдарламасын қазақ мектебіндегі жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныптарға арнап құрастырды.
Бұл бағдарлама мемлекеттік білім стандартынан тыс «Corel Draw векторлық графика» практикалық курсы болып құрылды.
Курстың мазмұнына сәйкес бағдарлама 34 сағатқа құрылған. «Corel Draw векторлық графика» практикалық курсы Corel Draw программасын толық меңгеруге, компьютерде практика дағдылары мен машықтарын игеруге, әр түрлі объектілерге қатысты өңдеу, түрлендіру және жаңа объектілерді тұрғызуға арналған бірнеше зертханалық жұмыстар жиынтығын қамтыған. Осы практикалық курсты пайдалану арқылы «Corel Draw» программасын толық және жемісті меңгертуге болады. «Corel Draw» программасын үйренушілер курстан көп көмек ала алады.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында информатика пәнін кәсіби бағытта оқыту және оқушының білім деңгейін жетілдіру мақсаты бағдарламада толығымен қамтылған.
Мақамбаев Мұрат Болатович-
Қазақ инновациялық гуманитарлық-Заң университетінің информатика және математика кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент, ақпарат академиясының корреспондент мүшесі.
(24 тамыз 2010 жылы кафедра отырысында талқыланып бекітілді)
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
Ғылыми - техникалық прогрестің қазіргі заманғы жағдайларға сәйкес дамуы компьютерлендіру тенденциясымен, электронды-есептеу машиналары, жүйелер және компьютерлік желілерден тұратын деректерді өңдеудің тармақталған жүйесін жасаумен айқын ерекшеленеді. Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Кейбіреулер осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарды пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады. Болашақта осындай жұмыстарды өз бетімен жасайтындай тұлғалардың қатарын көбейту үшін информатика пәнін кәсіби бағытта оқыту керек. Оқытудың құрылымы мен мазмұнындағы өзгерістер бүгінгі күннің негізгі проблемасына айналып отыр. Сондықтан аталған проблеманы шешу барысында «Corel Draw векторлық графика» курсын оқытудың қажеттілігі туындайды.
Corel Draw -Corel Сorporation каналдық фирманың көмегімен аты әлемге мәлім болған программа. Corel Draw графикалық редакторы компьютерде ірі қуатты жұмыстар атқаруға мүмкіндік жасайды. Мәні жағынан объектіге қатысты жұмыстар атқаруға, оны өңдеуге, құруға және ең жеңіл программаладарда сурет салуға қолайлы жағдай туғызады.
Программаның көмегімен құрылатын күрделі иллюстрациялар басқа графиктік редакторлармен салыстырғанда жоғары деңгейде жасалады. Сонымен бірге шығармашылық өнерді шынайы түрде құруға мүмкіндік жасайды. Corel Draw программасында кез келген тапсырманы орындауға арнайы құрал-жабдықтары жәрдемдеседі. Осы құрал-жабдықтарды дұрыс қолдана білу керек.
Осы бағытта информатика пәнін оқытудың мемлекеттік білім стандартынан тыс 10-сыныптарға арналған «Corel Draw векторлық графика» практикалық курсының бағдарламасы құрылды.
Курстың мазмұнына сәйкес бағдарлама 34 сағатқа құрылған (апталық жүктеме 1 сағат). «Corel Draw векторлық графика» практикалық курсы Corel Draw программасын толық меңгертуге, компьютерде практика дағдылары мен машықтарын игертуге арналған бірнеше зертханалық жұмыстар жиынтығынан тұрады.
Курстың мақсаты:
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында информатика пәнін кәсіби бағытта оқыту және оқушылардың білім деңгейлерін жетілдіру.
Курстың міндеттері:
• оқушыларды Corel Draw программасының жұмыс жасау технологиясымен таныстырып, графикалық ортада ақпараттарды түрлендіруге үйрету;
• оқушыларды информатика пәнін кәсіби бағытта оқытудың теориялық негіздерімен және дидактикалық бірліктерімен қаруландыру;
• оқушыларды компьютерлік дизайнда жұмыс жасау технологиясымен таныстыру, оны ғылыми-теориялық және дидактикалық тұрғыдан негіздеп, таңдауға үйрету;
• компьютерлік дизайнда жұмыс жасау арқылы оқушының эстетикалық талғамын дамыту.
Бұл курс бағдарламасы 11-сыныпта «Photoshop растрлық графика» тақырыбымен жалғасын табу керек.
Corel Draw графикалық редакторымен танысу, элементтерімен жұмыс –10 сағат
Объектілер тобымен жұмыс- 6 сағат
Интарактивті процестер- 18 сағат
р/с | Сабақ тақырыбы | Сағат саны | Сабақтың мазмұны | Пән аралық байланыс |
1 | Corel Draw графикалық редакторымен танысу. | 1 | Corel Draw 12 терезесімен танысу. | Сызу |
2 | Графикамен жұмыс. | 1 | Қисықтар салуды, оларды трасформациялауды үйрету. | Геометрия |
3 | Сызықтар, эллипстер, төтрбұрыштар және көпбұрыштарды салу. | 1 | Сызықтар, эллипстер, төтрбұрыштар және көпбұрыштарды салу әдістерімен таныстыру | ГеометрияСызу |
4 | Суретті дискіде сақтау және редакторда жүктеу. | 1 | Салған суреттер мен объектілеррімізді дискіде сақтауды және оларды редакторда жүктей білуге үйрету | География |
5 | Қарапайым объектілерді ерекшелеу және өңдеу. | 2 | Салған суреттер мен ерекшелеп, өңдеу жұмыстарын жүргізуді үйрету. | Сызу |
6 | Объктіні бояу және контурының түсі. | 2 | Салған суреттер мен объектілеррімізді бояуды және контурына түстер беруді үйрету. | Сызу |
7 | Кескіндерді көрудің түрлі әдістері | 2 | Салған суреттер мен объектілеррімізді алдын ала көру тәсілдерін үйрету. | Сызу |
8 | Объектілер тобымен жүгізілетін әрекеттер. | 2 | Объектілермен жұмыс тәсілдерін үйрету. Графиктік редакторда иллюстрациялар жасауға үйрету. | География |
9 | Суреттердегі текст. | 2 | Текстік объектілер құруды үйрету. | Қазақ тілі Орыс тілі Ағылшын |
10 | Corel Draw графикалық редакторының қосалқы мүмкіндіктері. Rectangle, Shape, Bezier құралдарының қолданысы. | 2 | Rectangle, Polygon, Shape, Bezier құралдарын қолдана білуді үйрету. | Геометрия |
11 | Интарактивті ауысу.Көлемді имитациялау. | 2 | Объектілерді ауыстыру мен олардың көлемдерін имитациялаудың әдістерін үйрету. | Еңбек |
12 | Интарактивті көлем. | 2 | «Интарактивті көлем» құралын қажетті жағдайда қолдана білуге үйрету | География |
13 | Интарактивті бұрмалау. Көлемін ұқсату | 2 | «Интарактивті бұрмалау» эффектісі құралдырымен таныстыру. | Сызу |
14 | Powerclip. Растрлық бейнелерді өңдеу | 2 | «Powerclip» командаларының жиынтығымен таныстыру | География |
15 | Машық, дағдыларды қолдану. | 2 | Corel Draw бағдарламасынан үйренген машық пен дағдыларымызды қолдана білуді тексеру тапсырмалар орындату. | Сызу |
16 | Corel R.A.V.E программасымен танысу. | 2 | Corel R.A.V.E программасында анимацияларымен негізгі жұмыс. | Еңбек |
17 | CorelRave программасында қозғалыстарды құру. | 2 | М программасының көмегімен хаостық қозғалыстарды құруды үйрету. | Сызу |
18 | R.A.V.E көмегімен жарнамалық банер жасау. | 2 | R.A.V.E көмегімен жарнамалық банер жасау жолдарымен таныстыру. | Сызу |
19 | Corel RAVE программасында интарактивті ауысуды пайдалану. | 2 | Corel RAVE программасының қосымша мүмкіндіктерімен таныстыру. | Сызу |
Барлығы: | 34 сағ |
Ұқсас тақырыптар:
- Қарапайым және фигуралық мәтін
- Информатика. Внеурочная работа “Своя игра”
- VBasic. Басқару объектілері
- Файлдар көшіру
- «Pascal тілінде программалау» таңдау пәні бойынша авторлық бағдарлама
- И-10.Horizontal Scroll Bar, Vertical Scroll Bar, Shape базалық элементтері.
- Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі. 6-сынып.
- Сабақтар көшіру
- «AutoCAD жүйесінде «Сурет салу» құрал-саймандар тақтасымен танысу»
- Информатикадан факультативтік сабақ: Графикалық көмекшi программалар.
Баяхметова Шынар Сұлтанқызы- осы курстың күнделікті сабақ жоспарын сизден ала аламын ба