10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Физика

Физика. Жарық дисперсиясы.

Опубликовал Айгүл Бисенова в 26 Апрель 2012 – 13:04Пікір жоқ
Бұл мақала 98 рет оқылды, 3 рет бүгін

Физика пәні  мұғалімі  Жүгінісова Розаның 16 қараша 2011 жылы өткізген “Онлайн” ашық сабақ “Бағдаршам” танымдық интеллектуалды ойын сабағы.

Сабақтың тақырыбы: Жарықтың поляризациясы.
Мақсаты: Сабақты танымдық интеллектуалды ойын түрінде ұйымдастыра отырып, бағдаршам түстерін жарықтың интерференция, дифракция, дисперсия құбылыстарындағы табиғи түстерімен байланыстыру негізінде өмір көшелеріндегі бағдаршамға мұқият болуға тәрбиелеу.
1) Білімділік: Оқушылардың жарықтың интерференция, дифракция құбылыстары туралы алған теориялық, практикалық білімдерін пысықтау. Жарықтың поляризациясы туралы түсінік беру.
2) Тәрбиелік: Оқушыларды сабақ кезіңде жауапкершілікке, жоғары саналылыққа, адалдыққа бірін-бірі қадірлеуге үйрету. Сабақта халықтық-педагогика элементтерін пайдалана отырып, оқушы-ларды ұлттық салт-дәстүрлерімізді қастерлеуге тәрбиелеу.
3) Дамытушылық:   Сабақ барысында оқушылардың танымдық ойлау қабілетін арттыру. Жарық құбылыстарын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығы мен шығармашылық белсен-ділігін дамыту.
Сабақтың түрі. Танымдық интеллектуалды ойын сабағы.
Сабақтың әдісі.       Баяндау, сұрақ-жауап жеке, ұжымдық жұмыс.
Пәнаралық байланыс:  Математатика, халық ауыз әдебиеті, сурет, өмір қауіпсіздік негіздері.
Көрнекілік және      1) тірек-сызбалар, слайдтар.
техникалық                2) демонстрациялық құралдар.
құралдар:                     3) интерактивті тақта, видеопроектор.

Сабақтың барысы.
І.   Ұйымдастыру.

а) «Бағдаршам» танымдық интеллектуалды ойын сабағының мақсатымен танысу.
б)  Сынып оқушылары бағдаршамның жасыл, қызыл, сары түстері бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды орындайды, яғни жүргізушілік куәлікке сынақ тапсырады.
в)  Сынақтан өткен оқушыларға бағалау негізінде жүргізушілік куәлік беріледі, ол да бағдаршам түстері бойынша.

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру.
А)  «Жасыл шамның» жайдарлы тапсырмалары.
1.   Жарықтың табиғаты туралы теориялар.
2.   Жарықтың интерференциясы дегеніміз не?
3.   Жарық интерференциясы қалай байқалады, когеренттік толқындар дегеніміз не?
4.   Жарықтың интерференциясын қандай әдістермен алуға болады? (жарықтын интерференциясы слайдтан көрінеді Юнг әдісі)
Жарықтың дифракциясы дегеніміз не?
Дифракциялық тор деп нені айтамыз?
Тор периоды неге тең (формуласы)

Б)   «Қызыл шамның» қызықты тапсырмалары.
Жарықтың интерференциясын қалай байқауға болады. (өмірмен байланыстыру.)
Су бетіне тамған мұнай, бензин, майдағы интерференциялық көрініс.
Сабын көпіршіктеріндегі және дөңгелек сақинадағы интерференциялық көрініс.
Дифракциялық тордағы (CD дискідегі) дифракция.

«Жасыл шамның» жайдарлы тапсырмалары.  Тірек сызба – 1.
Гюйгенстің толқынды                          Жарық теориясы                             Ньютонның корпускулалық
Жарықтың интерферен -циясы        Когеренттік толқындар             Жарықтың дифракциясы
Томас Юнг әдісі                                        max, min шарттары                      Гюйгенс-Френель принципі
Френель әдістері                                      Биайнадағы,  бипризмадағы     Дифракциялық    тор
Ньютон сақиналары                               Жұқа пленка әдісі                           Табиғи (кемпірқосақ) түстердің көрінуі
«Сары шамның» салмақты тапсырмалары.

Деңгейлік есептер. (ҰБТ тапсырмалары бойынша)
I деңгей.
1. Ортаның сыну көрсеткіші 2-ге тең болса, осы ортадағы жарық жылдамдығы неге тең?
2. Кеңістіктің қайсыбір нүктесінде жол айырымы 2,25 мкм когерентті сәулелер түседі. Егер   толқын ұзындығы қызыл   (λ=750 нм), жасыл (λ=500нм) болса, осы нүктедегі интерференция нәтижесі қандай?

II деңгей.
1.Толқын көзінің тербеліс теңдеуі x=2Sin200πt. Тербелістің ортада таралу жылдамдығы 400м/с. Толқын ұзындығы неге тең?
2.Толқын ұзындығы 0,5 мкм жарықтың екінші реттік дифракциялық максимумы 30° бұрышпен байқалу үшін дифракциялық тордың 1мм-дегі штрих саны.

III деңгей
1.Периоды 0,01 мм дифракциялық тордан 3м алыс тұрған экранда алынған   бірінші реттік барлық спектрдің ені қандай? (λ=0,38 мкм; λ=0,76 мкм)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
І. Жарық дисперсиясының ашылуы, Ньютон тәжірибесі.
1) Дисперсия – жарықтың призма арқылы өткенде ақ түстің спектрлерге жіктелуі.
2) Дисперсия – жарықтың сыну көрсеткішінің жарық жиілігіне (толқын ұзындығына) тәуелділігі.
3) Сыну көрсеткіштерінің жарықтың зат ішіндегі таралу жылдамдығына тәуелділігі:

> >
uк < uж < uқ

4)  Спектрдің түстеріне сәйкес толқын ұзындығы:
λқ = 780нм;
λк = 400нм;
5) Толықтауыш түстер, алғашқы түстер, түстердің қосылуы.
6) Ақ жарықтың заттардың бетінен шағылуы.

ІІ.  Жарықтың поляризациясы.
1) Табиғи және поляризацияланған жарық.
2) Жарық поляризациясының ашылуы.

3) Турмалин кристалымен жасалған тәжірибе нәтижесі:
а) Турмалин кристалы жарықты белгілі бір жазықтықта ғана өткізеді.
б) Жарық тербелістерінің бағыты жарықтың таралу бағытына перпендикуляр, яғни жарық толқындары көлденең толқын екені дәлелденді.
в) Қарапайым жарық көзінен таралатын жарықтың әр түрлі жазықтықтардағы тер-белістері бірдей.
4) Поляроидтар.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1) Ақ жарықтың жіктелуін ретімен орналастыру. (ойын элементтері түрінде)
2) Жасыл – қызыл түстерді сырлы бояуды пайдаланып, қосу арқылы сары түсті шығарып, бағдаршам түстерін біріктіру.
3) Жұмбақтар арқылы сабақты бекіту.
Фазалары бірдей боп,
Тербеледі толқындар.
Кеңістікте бір жерде
Кездеседі және олар,
max, min, шарттары
Орындалар сәті бар.
Бұл жұмбақтың шешуін
Кәне,кім тез таба алар.

Табиғатын жарықтың
Зерттегендей жан-жақты.
Интерференция, дисперсия,
Құбылысын да дәл тапқан,
Ағылшынның ғалымы.

Жаңбырлар тамшысында шағылады,
Аспаннан түсті жарық табылады.
Табиғаттың тамаша сұлулығын
Көріп алып бар адам қайран қалды.

Жолаушыға әуелі «тұр» - деп белгі береді
Сәл кідіріп қайтадан
«Жүруге» рұқсат береді
Табиғатта екеуі,
Қосылып қай түс береді.

V. Сабақты қорытындылау.

«Бағдаршамды» білу, жолда жүру ережесін білу яғни өмір қауіпсіздігін сақтау. Болашақта автокөлік жүргізу үшін қандай сынақтардан өту керек екенін бүгінгі сабақтан біліп үйрендік. Бағдаршамның үш шамының тапсырмалары арқылы жарық табиғатының қасиеттерін толық меңгердік деуге болады. Сондықтан бүгінгі алған бағаларыңыз негізінде жүргізуші куәлігі тапсырылады.

Өмір көшелеріндегі бағдаршамға сақ болыңыздар!

VІ. Бағалау.
Бағдаршамның қызыл, сары, жасыл түстері бойынша бағаланады.
«5» - сары түс.
«4» - қызыл түс.
«3» - жасыл түс.

VII. Үйге тапсырма.
1. § 4.6; § 4.7; оқулықтан 123-128беттер.
2. № 4.2-15; №4.2-27; № 4.2-35; есептер. Есептер жинағы 11 сынып.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.