10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Математика

Математика. Озық ойлы оқушы. Сыныптан тыс жұмыс (9-10 сынып).

Опубликовал inust в 11 Апрель 2012 – 10:26Пікір жоқ
Бұл мақала 274 рет оқылды, 6 рет бүгін

Жамбыл  облысы,  Байзақ ауданы,  Қызыл  жұлдыз ауылы, Намазбай Ақшабаев атындағы  орта  мектебінің математика пәнінің мұғалімі  Момбекова Батима Чабанқызы.

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту және қызығушылығын арттыру, алған білімдерін пысықтау.
Сайыс 10 – сынып оқушылары арасында өтеді әр   сыныптан 3 – тен 6 оқушы қатысады.

1 бөлім. Бәйге
Математика бойынша сұрақтар қойылады, бағалануы 10 ұпайдан, жауап нақты, тез болуы керек.

Сұрақтар.
1.Жұп функцияның графигі қай оське қарағанда симметриялы. Жауабы: ординаталар осіне.
2. 1мен 10 цифрларына қандай амал қолданғанда 1 шығады? Жауабы: 1 10 =1;
3. Басқа кисең бөрік, сәнді сұлу көрік. Жауабы: Конус.
4. Арифметикалық прогрессияның анықтамасы. Жауабы:
5. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем. Жауабы: Аксиома.
6. «Алгебра» деген сөз қандай сөзден шыққан? Жауабы: «Эль – жебр» деген араб сөзінен.
7. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы неге тең? Жауабы: 180° - қа тең.
8. Синус және косинус функцияларының мәндерінің облысы қандай кесінді? Жауабы: (-1: 1)
9. Дөңес көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының формуласы. Жауабы.:1805 (n-1)
10. Математика ғылымдар патшасы, арифметика математика патшасы сөзінің авторы кім? Жауабы: Карл Гаусс.
11. Жұп функцияны ата? Жауабы: Косинус.
12. Фигураларды зерттейтін ғылымды не дейміз? Жауабы: Геометрия.
13. Стереометрия – геометрияның қандай бөлімі? Жауабы: Кеңістіктегі фигураларды зерттейтін.
14. Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш? Жауабы: Квадрат.
15. Синустар теоремасын айт.
16 Екі қабырғасы параллель төртбұрыш? Жауабы: Трапеция.
17.Қарама – қарсы қабырғалары параллель төртбұрыш? Жауабы: Параллелограм.
18. Теңсіздіктерді шешудің тиімді әдісі. Жауабы: Интервалдар әдісі.
19. Бұрышты өлшейтін құрал? Жауабы: Транспортир.
20. Үшбұрыш деген не?

2 бөлім («Полиглот»)
Бұл бөлімде жұмбақ айтылады, жұмбақ шешілу керек, жауабын үш тілде айту керек. Үш тілде айтса 30 ұпай.

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, ұзындығы жазулы тұр бойында? Жауабы: Сызғыш, линейка, arulez.
Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама. Жауабы: Кітап, книга, book.
Жиырма төрт батыр, бірін – бірі жеп жатыр. Жауабы: Дойбы, шашки, а strip.

Алды артымсыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге
Сәуле мен кесінді
Шыққан тегін білсін де
Жауабы: Түзу, прямая,  straight

5. Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан,
Жан – жағыңа қарамай.
Жауабы: Натурал сан, натуральные числа, real.

Патшаға мола болды, математикаға мұра болды. Жауаб:. Пирамида.

Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.
3-бөлім («Кім жылдам»).

Бұл бөлімде карточкалар таратылады, ауызша есептер шығарылады.
1. arcsin 0 + arcos 0 =?
Жауабы : 900 немесе

2. Тік төртбұрыштың периметрі 30 см, ұзындығы 11 см, ені неге тең?
Жауабы : 4 см

3.  Параллелограмның бір қабырғасы 2 см, екіншісі одан 4 см артық. Периметрі неге тең?
Жауабы : 16 см

4.  arcsin(түбірасты 3)/2 + arccosтүбір астында (3/2)=     Жауабы : 900 немесе

IV  бөлім («Жеті жұмбақ»).

Плакат ілінеді.
Алгебра                 Геометрия                  Алгебра
20                             20                                    20
30                             30                                    30
40                             40                                    40

1. Сол жақтағы 20- квадрат теңдеуге анықтама бер.
2. Сол жақтағы 30- Геометриялық прогрессияның анықтамасы.
3. Сол жақтағы 40- нөл қай елдің сөзі. Жауабы : араб сөзі, жоқ деген.
4. Ортадағы 20- жазықтықта координаттар жүйесін енгізген ғалым? Жауабы : Р.Дэкарт.
5. Ортадағы 30- Косинустар теоремасы.
6. Ортадағы 40- Геометриялық прогрессияның n-ші мүшісінің формуласы.
7. Оң жақтағы 20- арнайы сұрақ.
8. Оң жақтағы 30- (алгебрадан) синус және косинус функцияларының анықталу облысы қандай сандар жиыны?          Жауабы : R

V бөлім (шешендік)
Бұл бөлімде ұпайлары жоғары 2 оқушы қатысады.
Тақырыбы : «Егер мен мұғалім болсам», «Егер мен әкім болсам»

VI бөлім («Жорға»).
Сұрақтар уақытқа беріледі. І конверт («А» нұсқасы).
1. Геометрияның жазықтықты зерттейтін бөлімі?   Жауабы : планиметрия.
2. Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу.     Жауабы : параллель.
3. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу.   Жауабы : перпендикуляр.
4. Төртбұрыштың бір түрі.   Жауабы : параллелограмм
5. Санның     бөлігі   Жауабы : пайыз.
6. Көпбұрыш қабырғаларының қосындысы.   Жауабы : периметр.
7. Квадрат функциясының графигі.   Жауабы : парабола
8. Көпжақтың түрлері.  Жауабы : призма, пирамида, параллелепид
9. Қосу амалын өрнектейтін белгі.  Жауабы : плюс
10. Тік бұрышты үшбұрыш туралы теорема.  Жауабы : Пифагор

ІІ конверт («В» нұсқасы)

  1. Геометрияның кеңістікті зерттейтін бөлімі.  Жауабы : Стереометрия
  2. Бұрыштың түрі.  Жауабы : Сүйір
  3. Тригонометриялық функция.   Жауабы : Синус
  4. Дөңгелектің сәйкес центрлік бұрышы ішінде жатқан бөлігі.  Жауабы : Сектор
  5. Дөңгелек пен жарты жазықтықтың ортақ бөлігі. Жауабы : Сегмент
  6. Басталатын нүктесі бар сызық. Жауабы : Сәуле
  7. Тригонометриялық функцияның графигі.  Жауабы : Синусоида
  8. Қозғалысты бейнелейтін атау.  Жауабы : Симметрия
  9. Көпмүшенің қалыпты түрі.  Жауабы : Стандарт
  10. Нүктелерден және олардан қосатын кесінділерден құралатын фигура. Жауабы : Сынық сызық

Бұдан кейін ұпайлары қосылып жеңімпаз анықталады және марапатталады.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.