10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Бастауыш сынып, Педагогика, Тәрбие сағаттар

Тәрбие сағаттар жинағы 1 сынып.

Опубликовал Kamzina в 15 Январь 2012 – 00:11Пікір жоқ
Бұл мақала 15173 рет оқылды, 273 рет бүгін

ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ

Мақсаты: Оқушылардың сауат  ашу пәнін  оқу барысында алған білімдерін   тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету,эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу,өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу
1) Так,так ,так
Бәрін бері қара.
Бүгін бізде
Болмақ қандай шара?
2) Тағзым етем, тақсырым,
Айтайын мен жан сырын
Естідім ұзынқұлақтан
1»в» сыныбынан.
3) Келеді бүгін ертекке,
Ән салып, би билекке.
Қоштасқалы отыр екен
Сүйікті кітап Әліппенен.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!  Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1- сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың,
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
4) Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
5) Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Ән:    Біз өмірдің гүліміз (қыздар)
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
-    Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:  Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
-    Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен:       Әліппе.
Әліппе:
Менің атым -  Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Аған менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Әліппе: - Осы сендер қандайсындар?
-    Талабы биік таудаймыз.
-    Мың бұралған бишіміз.
-    Біз шеберміз.
-    Ақылдымыз.
-    Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
-    Көп оқимыз.
Барлығы: Біз -  қазақ елінің болашағымыз.
Ән:  Әліппе
Мұғалім: Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.
6) Алфавитті жатадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
7) Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеңіндер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.
Әріптердің атаманы қай әріп?
8) А дегенің Асия
Асия деген мен бала.
9) А әрпінен есімім
Айтсам сөздің кесімін.
Аружан мен боламын,
Айдай өсіп толамын.
10) Әбілмансұрды білесіз,
Көңілге мені түйесіз.
Ә әрпі де атымда
Оқып – біліп жүресіз.
11) Дөңгелене доп келеді,
Оны теуіп Даниал келеді.
Мәз боламын шаттана
Ойым мүлде басқада.
12) Ж дегенің Жанбота
Жанбота деген мен бала.
Жақсы оқысам сабақты
Одан артық жоқ шара.
13) Азат деген есімді,
Білдіңіздер кесімді.
З әрпі бар ішінде,
Тыңдасаныз шешімді.
14) Н әрпі Надиямын мен деген,
Білім іздеп, оқу оқып терлеген.
15) Сая деген мен едім,
Алсам білім тереңін,
С әрпінен есімім,
Аламын оқу білімін.
16) Т дегенің Төлегенұлы Төлеби
Әріптерден қаламын ба мен,
Достарыма тілейтінім алдымен
Денсаулық пен зор байлық.
17) Х дегеніңіз Алихан,
Х-ны білу керек бұл.
Х деген де тамаша,
Хат, хабарлар - деректер.
18) Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Қыздар:   Балаларға ақ тілек,
Ұлдар:      Болашаққа бақ тілеп.
Хормен:   Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет.
Ән   «Балдырғандар әні»
Әліппе:
-    Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.
Әліппе:  Ретімен тізбелі
Әрбір санды даралап,
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ?
19) 1 дегенім- бесік,
Шықтың содан өсіп.
20) 2 дегенім – елім,
Далам, тауым, көгім.
21) 3 дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
22) 4 дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
23) 5 дегенім – бақыт,
Бағалайтын бақыт.
24) 6 дегенім – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
25) 7 дегенім – жалау,
Жүректегі алау.
26) 8 дегенім – сөзің,
Серт беретін кезің.
27) 9 дегенім – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
28) 10 дегенім – Отан,
Қорға соңы, ботам.
Әліппенің тапсырмалары.
Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын
Ән бимен шашу шашылсың
Мың бұралған бишелер
Бименен кешті жалғасын.
Қыздардың орындауында «Кукарела» биі.
Математика сабағында үйренген сергіту сәтін айтып көрсету.
29) Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.
30) Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреткен!
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.
31) Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата –ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Әліппе: Балалар, рахмет сендерге.
Ән «Ертегілер»
32)  Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
33) Ақыл құйған санама,
Күннен де артық расында.
Күн-алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
Мұғалім: - Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.
Ән «Ана»
Көрініс  «Бауырсақ»
Әліппе:   Енді мен сендермен қоштасайын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарын есте болсың,
Күнделіктерің 5-ке толсын!
Қыздар: Бәрімізді сүйіп өткен,
Ұлдар:    Балаларға үйреткен.
Хормен.Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
Ән   « Қош бол құтты әліппе!»
Мектеп басшыларына сөз беріледі.
Мұғалім:   Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар
Сөз берейік әкелер мен аналарға.
Мұғалім:   Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.
-    Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!
-    Қош сау болыңдар.

Аяулы анашым

Мақсаты: ананың құдыретті де мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру; мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу.
Барысы:
Кіріспе.
Бала,бала, бала деп,
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған
Қолын қатты тигізбей,
Кір көйлек кигізбей,
Иісін жұрап анқытқан
Бұл кім?
Бәрі:   - Ана.
Ана, Ана, Ана… Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді. Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді?!
1)    Бүгін – наурыздың сегізі.
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз-
Адамның
Анаға айтар лебізі.
2)    Анасыз бір жоқ күнің,
Әжесіз бір жоқ күнің.
Ұсынамыз бүгін біз
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
3)    Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі
4)    Балапаным дейді әжем,
Балақаным дейді әже
Ұзақ күнге бүкшендеп,
Біздің қамды жейді әжем
5)    Жақсы оқыған сабағын,
Балаға мен ағамын.
Біздер үшін Ананың
Бұлт баспасын қабағын
6)    Сізден өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар
Ән «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен»
7)    Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым!
8)    Айналайын, анашым,
Аялайсын, бағасың.
Менің үшін не керек –
Бәрін іздеп табасың.
9)    Айналайын, анашым,
Жұмысына барасың.
Қайтып мені көргенше
Шын сағынып қаласың.
10)    Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
11)Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.

Ән «Дастархан» орындайтын Төкен Назерке

11)    Көктемде көңілді
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
13)Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс!
14) Адал бол, - деп балдырған,
Әділдікке баулыған
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймыз сіздерді!
15)Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын
16) Жан ана жарық күн жанарын
Бір сенде кендігі даланың.
Балаңды құшақтап сүйгенде,
Сеземін көктемнің самалын

Сахналық көрініс. «Әжесі мен Асия»
17) Әлемге тыныштық тілеген,
Жан ана жанына гүл егем.
Балалық  жүректен айтылған,
Махаббат белгісі бұл өлең.
20) Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтінді өтермін.
21) Асыл жан деп әлемде,
Ардақтаймыз ананы!
Ақын қосып өлеңге,
Суретін оның салады.
22) Әлпештеген, аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын.
Ән»Анашым»
23) Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз
( Қыздарға сыйлықтар ұсынады)
Ұлдардың орындауында «Еркем-ай» әні
1)    Ал, бастайық, бастайық
Қолға домбыра алайық
Аналарды құтықтап,
Мерекені бастайық.
2)    Біздің қыздар әдемі,
Өздері сондай сүйкімді.
Біз оларды сыйлаймыз,
Шаштарынан жұлмаймыз.
3)    Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлайық.
4)    Ана – біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүрініз.
5)    Мен қыздарды сыйлаймын,
Мен оларға тиспеймін
Тек қана анда-санда
Сабақты көшіремін.
24)Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Анаға сыйлаймыз.
25) Құрметіне кешенің
Тақпақ айтып береміз.
Шаттық толы әр күнін,
Мақтап айтып береміз
26)Сегізінші наурызда,
Құттықтаймыз ананы.
Теңеп оны  жұлдызға-
Сый тартамыз бағалы!
(Аналарға сыйлықтар ұсынады)
Би «Қазақ вальсы»

-    Болар күнде алаң,
-    Жанашыр кім саған?
-    Анам.
-    Болсаң егер жаман,
-    Кейитін кім саған?
-    Анам.
-    Таң қалғандай ғалам,
-    Кім ең сұлу адам?
-    Анам.
-    Боташым дер саған,
-    Кім сүйікті адам?
-    Анам.
Ән«Айналдым ана деген»
Бірге:  Бәрі жақсы ананың,
Бәрі де оның керек-ау…
Бірақ әрбір баланың
Өз анасы бөлек – ау!
Ән «Әрқашан күн сөнбесін!»
-    Ана – отбасының тірегі. Барлық ана бейбітшілікті қалайды. Балаларының бақытты болуын қалайды. Біз аналарды сыйлаймыз, құрметтейміз.

Құрметті анашым!

Сізді наурыздың 5-де, сағат 12.00-де

«Аяулы анашым» атты тәрбие сағатына шақырамыз. 1«в»сынып оқушылары

Мен әдепті боламын!

Мақсаты: 1) оқушыларды жақсылыққа, жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға үйрету;2) шыншылдыққа, ата-анаға мейірімді болуға, туған жерге, айналадағы заттарға ұқыпты  болуға баулу;3) оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Барысы.
Кіріспе.
- Бүгінгі іс-шара жақсылыққа жол бастап, жамандықтан арылуға бағыттайды.Өмірде бұл құбылыстар қатар орын алған. Мектеп жасынан жақсы әдеттерге тәрбиеленіп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстаған жөн.
I бөлім.Әдеби – музыкалық монтаж.”Не деу керек?”
1)  Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деу керек?    (Рахмет апа) деу керек.
2)  Балалар жүр көшеде,
Естіледі шу-айқай.
Сен де шықтың, көршінді
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?  ( Кешіріңіз!) деу керек.
3) Осы келген бетіңде
Допты құдың, жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір танысың.
Ұмыттың  сен не деуді?  ( Сәлеметсіз бе?) деу керек.
4)Үй артында қоқысты
Жатқанкөптен үйіліп
Тазалайды қарт кісі
Белі зорға иіліп.
Не дегенің  жөн еді ?  (Көмектесейін) деу керек.
5) Кіші үлкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса.
Ол қандай бала? (Әдепті)

II  бөлім. ”Мақал - мәтелдер”
Оқушылар білген мақал-мәтелдерді айтады.
III бөлім. Сұрақ-жауап. Ізгілік, әдептілік, адамгершілік жөнінде.
Мұғалім:
1)Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз? (ұқыпты)
2)Таудай биік талабы
Жақсы оқитын балан
Кім дейміз? (үлгілі)
3) Бақшаны суарып, келеді су алып,
Қояды жайнатып, самаурын қайнатып.
Ол қандай бала? ( еңбекқор)
4)  5 асыл (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
5)  5 дұшпан ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
III бөлім.”Сайыс”( жақсы, жаман әдеттер)
Оқушыларды жақсы әдеттерді, жаман әдеттерді айтқызып жарыстыру.
( Бұл жарыста көп жақсы әдеттерді айтқан топ жеңіске жетеді)

жақсы    жаман
Үлкенді  сыйлау    Өтірік  сөйлеу
Өтірік  айтпау    Салақтық
Сабақтан  қалмау    Сабақтан  қашу
Үлкенді  тыңдау    Үлкенді  тыңдамау
Қамқоршы  болу    Кішіге күш  көрсету
Үлкендердің  сөзін  бөлмеу

IV бөлім. Үй жұмысы.
Амандасу түрлерін айтып, көрсету.

V бөлім
Сурет салу сайысы
Жаман жолдас, Үлкенді құрметте, Кішіге қамқорлық, Аналарды сыйлау, Құстарды атпау.
«Құпия хаттарға» жауап беру
1)    Автобусқа мінгенде не істеу керек?
2)    Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?
3)    Мектепте, сынып ішінде қалай жүру керек?
4)    Қонақ келгенде бала неістеу керек?
5)    Телефонмен қалай сөйлесу керек?

-    Сонымен, біз қандай  баламыз ?(әдепті, тәртіпті)
-    Балалар, бүгін біз сендермен әдептілік жайлы білдік, әр адам өзін кез-келген жағдайда әдепті  де әдемі сөйлей білуі керек екен.

Марапаттау.

9 мамыр - Жеңіс күні.

Мақсаты: 1. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру.
2.Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.
3. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Барысы:
Мұғалім:   Балалар, бүгінгі « 9 мамыр - Жеңіс күні » атты сынып сағатымыз бізге балалық шақ, бейбіт өмір әперген Ұлы Жеңіске арналады.
Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткіштер мен обелисклерге барады.
Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүл шоғын койып, батырлар есімін еске алады.

1 оқушы:   Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамды.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды.
2 оқушы:   Отаным еркелеймін енді кімге,
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басыңа қатер бұлты төнген күнде.

Мұғалім:    Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырды, қай күні.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғына.
( бір минут үнсіздік)
1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан             кезде фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
3 оқушы:    Ойлап-ойлап тұрдым көп
Сұрақ қойдым білгім кеп:
- Қуанышты мереке –
Жеңіс күні қай күн деп?
Атамнан да сұрадым,
Әкемнен де сұрадым,
Ағамнан да сұрадым,
Анамнан да сұрадым.
Тосты бәрі құлағын:
- Дұрыс, - десті сұрағың. –
Бейбіт күннің бәрі де
Жеңіс күні, шырағым!
Мұғалім:  Өз халқының батырлығын әлемге әйгілі еткен қазақтың Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағуловадай батыр қыздары туралы ақиқат пен аңыз халыққа кең таралды.
4 оқушы: Сонау жылы жер-көкті,
Соғыс бұлты торлаған.
Сонда Мәншүк апамыз
Жаудан елді қорғаған.
Мұғалім:  Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын  аты Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншақ деп кеткен. Әкесі дәрігер болған. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанады. Мәншүк ол кезде небары 19 жаста болған. Елін жаудан қорғаймын деп шепке сұранып пулеметші болады. Өзі қорғаған Невель қаласында Мәншүкке ескерткіш қойылған.
5 оқушы:   Айтамыз біз өлең ғып,
Айтамыз біз жыр етіп.
Әлия апай ерлігі
Ұмытылмас мәңгілік.
Мұғалім: Әлия 1924 жылы Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туған. Екі жасында жетім қалып, Әүбәкір деген ағасы өз тәрбиесіне алады. Кейін ағасы Ленинград қаласына көшіп келеді де, Әлия сол қалада оқиды. Отбасының жағдайына байланысты Әлия кейін балалар үйінде тәрбиеленеді. Соғыс басталғанда ол 17 жаста еді. Сол кезде майданға өзі сұранып, атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді.
Зымырап жылдар өтеді,
Жанымыз жауға ызалы.
Соғыста өлген атаны
Бөбегім сен де ұмытпа.
-    Ал, сендер Отанның қадірін білетін боларсыңдар?!
Хормен:  Біз Отанымызды мақтан етіп, сүюге, қорғауға ант етеміз.
Мұғалім: Рақмет.
Ән:  «Әрқашан күн сөнбесін!»

«Мен және менің міндеттерім, құқықтарым»

Мақсаты: 1) адамзаттың басты құндылықтарын айыра білу;
2) дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, заң, құқық, міндет, борыш сияқты сөздердің мағынасын ашу;
3) оқушыларды жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Барысы.
1. Кіріспе.
Қысқаша шолу. «Бүгін сабақта»
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
ҚР Конституциясы.
Өмір, денсаулық, бостандық.

2 . «Қызықты сұрақтар» ойыны (сұрақтарға жауап береді)
а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?
ә) Партада кіммен отырдың?
б) Білім туралы мақал айт.
в) 1- қыркүйекті  неге Білім күні деп атаймыз?
г) Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?

3. «Бәріміз бірге!»  ойыны ( қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді)
а) Біздің  мемлекет – ҚР.
ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба.
в) Елорда – Астана.
г) ҚР кім басқарады? – Президент.
Мұғалім:  - Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқыған бар.Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өо Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.
4. Пікірталас.
- Адамға не қымбат? – Өмір
15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
29 бап. 1.ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
1.    Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға хұқылы.

- Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы».Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыныз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».
Олай болса, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
Оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман-тоғай елімізді.
Сабақты қорыту.
-Сендердің қазіргі міндеттерің?  -Адамзаттың басты құндылықтарын ата.

«Әліппемен қоштасу»

Автор:  Анель
Жеті жасар баласын,
Жетпіске шал жетектеп,
Келе жатыр көшеде,
Қайда әлгі мектеп деп.
Жетпіс келеді сүрініп,
Жеті келеді жүгіріп.
Ата:  Ермек
Балам, балам жақсы бол,
Міне, сенің мектебің.
Сабағына зейін сал,
Ақылды бол, тентегім.
Немере:  Алихан
Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды ұстаз мейіріммен,
Қадамымды құп алып.
1 жүргізуші: Анель
Ассаламағалейкум, уа, халайық!
Армысыздар аналар,
Бармысыздар балалар,
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр, әніміз!

Бахтияр: - Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! «Қош бол, құтты Әліппе!»
атты ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер.
Мұғалім:
-    Құрметті жиналған барша қауым, ата-аналар, ұстаздар. Біз сүйікті Әліппемен қоштаспақшымыз.Әліппені бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан да салтанатты мерекеге қош келдіңіздер.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың!
Ата-ана қуанып шаттанады,
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығыпты,
Барлық маман мектептен аттанады.
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
Хормен:        Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Қонақтарды құрметтеп,
Бас  иеміз біз.
Алдияр: - Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені, тұңғыш рет
сауатымызды ашқан жақын досымыз «Әліппені» бітірдік.
Малика: - Мен енді алыстағы  туыстарыма өзім-ақ хат жазып,
қысқа әңгімелерді де бөгетсіз оқи аламын, қуаныштымын.
Әулет: - Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік. сурет салуға,
ән айтуға, есептеуге, денемізді шынықтыруға, еңбек етуге.
Мұғалім: - Ал, балалар, біз оқыған 4 ай ішінде қандай өзгерістеріміз бар?
Гүлзат: - Дүйсенбі күні Әнұран айтуға, күнде үйден келгенде жаттығу
жасауға үйрендік.
Гульнар: - «Күзгі мереке», «Тілдер күні» тойларымыз өтті, Денсаулық күні
спорттық мерекесіне қатыстық.
Бахтияр: -  Мектебіміздегі «Алтын күз»  мерекесінде Қаиргельдинова Анель бас жүлдеге ие болды.
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларын.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
-Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
-  Іші толы әріпке,   Білімдегі жарық не?
Хормен:      Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе.

Айгерім:   Ең алғаш қолға алғанда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сыр жұмбақ бұл кітаптардың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Мұғалім:  Олай болса ортаға Әліппені шақырайық.
Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Менің атым – Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен,
Аған менен әпкеңде.
Әліппе: - Осы сендер қандайсындар?
-Талабы биік таудаймыз.(Мәди)
-Мың бұралған бишіміз.(Айгерим)
-Біз шеберміз.(ДаниярЖ.)
-Ақылдымыз.(Ансат)
-Көп оқимыз.(Әнел)
Хормен:  Біз – қазақ елінің болашағымыз.
Ән «Әліппе»
Әліппе: - Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.
1-оқушы:  Алихан А.
А-ға й-ді қосаңыз,
Көкте туған ай болар.
Т-ны алдына тоссаңыз,
Бәсірелі тай болар.
2-оқушы: Мирхат
Ә әрпінен табамыз
Әжемізді ақыл ғой.
Б дегенің бабамыз,
Батыржандай батыр ғой.
3-оқушы: Алдияр
В дегенің вал деңіз,
Толқын күшін шамалар.
М дегенің мал деңіз,
Қадір тұтқан бабалар.
4-оқушы: Әулет
Г әрпінен гүлденер,
Қызғалдақты қырат тау.
Ғ әрпімен бір келер,
Ғалым атты ұлы атау.
5-оқушы: Әнел Кабдысагит
Д әрпінен бастасақ,
Дарқан, дария далам бар.
Е-ні ұмытпас ешқашан,
Елін сүйген жарандар.
6-оқушы: Гүлзат
Ж дегенің жөргегің,
Туған, өскен жерлерің.
З әрпімен зерледім,
Зергерлердің зерлерін.
7-оқушы: Алихан Е.
И дегенің иманың,
Адамдықтың асқары.
К дегенің күй дарын,
Домбыраның дастаны.
8-оқушы: Азиза
Қ әрпінен құралған,
Бас-аяғы қазақтың.
Жарылқасын бір Аллам,
Жасай берсін Азат күн!
9-оқушы: Гульнар
Л әрпінің шөресі,
Лақ деген түлікпін.
Н әрпінде келесі,
Нар есімді үлекпін
10-оқушы: Данияр И.
О дегенің «Отбасы»,
«Отан» деген ұғымдар,
Я деген Ясы ғой,
Қала болған бұрындар.
11-оқушы:Данияр Ж.
Ө әрпімен өрістер,
Өмір атты дүниең.
П дегенің періште,
Желеп-жебер мың иең.
12-оқушы: Айгерим
Р дегенің рақым,
Мейірің мен пейілің.
С әрпінің тұратын,
Сый-сыяпат сенімнің.
13-оқушы:
Ұ әрпі ұлысың,
Ағайының өз елің.
Ы дегенің ырысың,
Орман-тоғай, өзенің.
14-оқушы: Мәди
Ү әрпі үкідей,
Үлпілдеген үмітің.
І дегенің інідей,
Ізбасардың бірі-тіл.
15-оқушы: Ермек
Ш дегенің шапағат,
Тие берсін баршаға.
Х дегенің сәлем хат,
Қуанышы қаншама.
16-оқушы: Арман
Жазуды да жазамыз,
Суретті де саламыз.
Нұрға толған санамыз,
Біз өнерлі боламыз.
Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Қыздар: Балаларға ақ тілек.
Ұлдар:   Болашаққа бақ тілеп.
Хормен: Біздерге білім үйреткен,
Әліппе саған рахмет.
Әліппе: Жарайсыңдар, менің ақылды достарым!
Сендер әріптерді жақсы меңгеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын.
Ән «Сурет сабағы»
Әліппе: Біздің қазақ балалары үшін ең алғаш «Әліппе» жазған кім?
Оқушылар: Ыбырай Алтынсарин.
Хормен:  -Біз не үйрендік?
-42 әріпті,(Арман)
-10-ға дейін санауға,(Азиза)
-Үлкен-кішіні құрметтеуді;(Алихан Е.)
-Өлең айтып,би билеуді;(Ермек)
Хормен:   -Біз болашақта…
-Түрлі сайыстардың жеңімпазы; (Алдияр)
-Білім биігіне шығатын; (Малика)
-Тәуелсіз еліміздің туын көкке көтерер; (Анель)
-Адал; (ДаниярИ.)
-Еңбекқор; (Әулет)
-Парасатты; (Алишер)
-Азамат болып өсуге;(Гүлзат)
Бірге:  Уәде  етеміз.
17оқушы: Алишер
Іші толы әріпке,
Мынау - әйбат Әліппе.
Барлық ілім-білімнің,
Әжесі – осы Әліппе!
18-оқушы:
Жиналған қауым таң қалсын,
Ән бимен шашу шашылсын,
Мың бұралып бишілер,
Бименен кешті жалғасын.
Қыздардың орындауда би
Ән «Есеп сабағы» (ұлдар)
19-оқушы: Малика
Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітірдім,
Бала болдым ақылды.
20-оқушы: Айгерім
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Көрініс  «                     »
Әліппе:
Енді мен сендермен қоштасайын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарын есте болсың,
Күнделіктерің 5-ке толсын!
Ән   « Қош бол құтты Әліппем!»
Мектеп басшыларына сөз беріледі.
Мұғалім:   Арманмен алыстарға аттанарда,
Жас оралар іркіліп жанарларға.
Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар
Сөз берейік әкелер мен аналарға.
Мұғалім:   Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.
-    Уақыттарыңызды бөліп қуашынымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!
-    Қош сау болыңдар.
Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жолережесіне арналған кітаптар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :
Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін ,заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
Мұғалім : Ал енді  » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды  ашық деп  жариялаймын .
ІІ. Негізгі бөлім:
Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1.  Ала таяқ ұстаған,                                                       2.   Көше бойлап аяңдайды,
Жол тәртібін нұсқаған.                                                    Адам тасып аялайды.
Өміріңді  күзеткен, (Автобус)
Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)
3. Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,
Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
Мұғалім : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.
1. Неге ?
Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.
2.  Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.
3. Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .
4. Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.
Тақтада
Қызыл – Тоқта !
Сары  – Сақтан !
Жасыл – Жол ашық!
Құндызай :  Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем  баспа  алға !
Диана: Сары  көзін ашқанда ,
Қарап қалма  аспанға !
Сұлупан:   Жасыл көзін ашқанда ,
Өте  бергін , жасқанба !Оқушылар  бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап , кезегі келгенде көрсетіп  тұрады.
Ән: Бағдаршам
1.  Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата – ана .
Жолда сен бол  лайық,
Жас ұлан деген  атқа
Қ- сы :
Әрқашан күн  сөнбесін,
Аспаннан бұлт  төнбесін .
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман !
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре  аласың ,
Сен өзіңді сау сақтап
Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»
Инспектор :
Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,
Ауырса адамды, аңды да  емдейді .
Отырған мынау Медбике апаға
Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?
(Осы кезде басын ақ  шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)
Инспектор :
Апа, қараңыз мына  сұмдықты ,
Маймақты кім  қыңжылтты ?
Мед.бике:
Маймағым, не  болған өзіңе,
Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?
Аю:
Айтайын мен жасырмай  шынымды – ай,
Сақтап қал , апа  жанымды шыбындай.
Жармасып бал тасыр машина үстіне
Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.
Мед.бике:
Бір асар тәтті бал үшін,
Тәртіпті  бұздың қарынның қамы  үшін.
Міне, енді  еңіреп тұрғаның ұят – ақ,
Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !
Аю.
Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті  бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!
Мұғалім : – Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?
Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\
Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.
Инспектор:
Көреген, дәу қырағы.
Көшемізде тұрады.
Оның аты – бағдаршам,
Жол сілтейді әрқашан.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда.
Бағдаршам:
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Бағдаршам:
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
Диана:
Төрт топтан құралған,
Белгілер туыстай.
Жол сілтеп тұрады.
У-шусыз ұрыспай.
Сақтандыру , ескерту белгісі :
Қып – қызыл  үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.
Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.
Тыйым салу  белгісі:
Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .
Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,
Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.
Міндеттеу белгісі Томирис :
Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,
Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті  орында !
Ңұсқау белгісі Ислам:
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.
Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,
Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
Қорытындылау :
Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.