10 Август 2011 – 18:58 | 15 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИК ҰСТАЗДАР!
бұрынғы сайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып еді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

PowerPoint- та көрмелерді демонстрациялау.

Опубликовал inust в 12 Октябрь 2011 – 19:36Пікір жоқ

Рысқалиева А.М
Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: PowerPoint- та көрмелерді демонстрациялау.

Информатика бөлімінде  PowerPoint презентация (тұсаукесер) тақырыбы қазіргі ақпараттық технологиялар заманында жетекші орында тұрған ақпараттық бағдарламалардың бірі. PowerPointтің негізгі міндеті- ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатында көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.

Көрме – бұл диафильмдер сияқты қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды(компьютер, сканер, интерактивтік тақтаны, проекторды)пайдалана отырып слайдтан тұратын қысқа әңгіме. Слайдтар қызықты суреттермен және жан бітірім эффектілермен безендіріледі.

Технологиялық карта.

Пән, сыныбы Информатика, 10 сыныбы
Сабақтың тақырыбы PowerPointта көрмелерді демонстрациялау. Орындаған презентацияларын қорғау. Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты Оқушыларды PowerPointтің негізгі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, алған білімдерін қайталау, бір – бірімен ой алмастыру, шығармашылық толғаныс жасау..
Сабақтың талаптары біліктілік дамытушылық тәрбиелік
Оқушыларды әр түрлі типтегі ақпаратты бір электрондық құжат PowerPointтта мультимедиа технологияларын пайдаланып, презентация құру үйрету. ақпараты есте сақтауды, қабылдаудың, алгоритмдік ойлау  тиімділігін арттыру Оқушыларды  пәнге деген көзқарасын, қызығушылығын  арттырып,  тыңдай білу, көре отырып, қоршаған ортаға деген сезімін қалыптастыру.
Сабақтың типі Баяндау, көрсету, практикум.
Бағдарламалық –дидактикалық қамсыздандыру Мультимедиялық сынып, Micrsoft Office пакеті, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, сабақтың мақсаты, талаптары және орындалу жолдарымен таныстыру.

ІІ. Негізгі бөлім.

Оқушылардың алған актуальдық тірек білімдерін (өткен сабақта алған білімдерін  қайталау), өздерінің жасаған слайдтарының мазмұнына және көркемдік жағына баса көңіл аударып, жан бітірім (анимация) эффектілерін қолданып, көрсетуге дайындау.

Сыныпқа өткен тақырыптан фронтальдық сұрақ:

  1. PowerPoint дегеніміз не?
  2. Интерфейс дегеніміз не? (интерфейс – пайдаланушы мен компьютер арасындағы қарым – қатынас)
  3. PowerPoint бағдарламасының экрандық  интерфейсі

1. Тақырып жолы – Windows терезесі үшін стандартты.
2. Меню жолы тақырып жолының астында орналасқан.
3. Құралдар панелі жиі кездесетін жағдай  батырмалаы орналасқан
3. Жұмыс  аумағы – құжат бейнеленетін және редакцияланатын аудан.
4. Жағдай жолы – көрі режимі және презентация туралы әр түрлі ақпара: слайдтар саны, тіл, және т.б. параметрлерді көрсететін ақпараттық жол.
5.Структуралар ауданы – слайдтан слайдқа тез өтетін, көшіретін, өшіретін және орналасуын өзгертеді.
6. Біздер өткен сабақта нені үйрендік
7. Презентация жасап үйрендік.
8. Презентация үлгітүрін ( шаблоны оформления) қолдандық
9. Жасақтамаларды (разметка слайда) пайдаландық.
10. Ағымдағы слайдқа бейнесі бар графикалық файлды енгізуді.
11. Жан бітірім (аннимация) эффектілерін қолдануды
12. Слайдқа диаграммалар салып үйрендік.
13. Кесте салып үйрендік.
14. Презентацияны дыбыстық файлдармен  сүйемелдеуді..

5) Үй тапсырмасын тексеру. (кроссворд).

ш м
а у
б г с л а й д
л и ь
о п т
и н т е р а к т и в т і л і к
р м
с п р е з е н т а ц и я
і д
л и
т а
е
м
е

Кроссворд сұрақтары:

  1. Мультимедия  технологиясына баса назар  аударатын, компьютер мен пайдаланушы арасындағы қарым – қатынас қалай аталады? (интерактивтілік)
  2. Ағылшын тілінен аударғанда көп орта дегенді білдіреді  (мультимедиа). Мультимедиа технологиясы бір мезгілде ақпараттың әр түрімен: сан, мәтін, графика, жан бітірім, бейне және дыбыстық ақпаратпен жұмыс жасайды..
  3. Презентацияның өлшем бірлігі (слайд).
  4. Оның көмегімен слайдтан слайдқа өтуге болады. (гиперссылка)
  5. PowerPoint бағдарламадасында  бар қалып  (шаблон).
  6. Мультимедиалық объект қолданылған слайдтар тізбегі  не деп аталады? (презентация)

Практикалық жұмыстың жүру алгоритмі:

  1. Пуск – Программа - PowerPoint .
  2. PowerPoint – Формат – Оформление слайда
  3. Формат – разметка слайда
  4. Формат – Фон – Применить ко всем
  5. Вставка –Рисунок
  6. Всатвка – Фильмы и звук
  7. Формат – Оформление слайда – Эффекты анимаций немесе
  8. Показ слайдов —> Настройка анимации.
  9. F5 немесе Показ слайдов – Начать показ

ІІІ. Бекіту.
Оқушылардың алған білімдерін тексеру, сабақты қорытындылау. Оқушылар өздерінің жан бітірім эффектілерімен жасаған жұмыстарын қорғайды.
IV. Үйге тапсырма.
«Интернет – ғаламдық тор» атты презентацияға материал дайындау.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.