10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Педагогика

Информатика 7-11. Оқу бағдарламасы, барлық сыныптар бойынша толық түсіндірмелерімен (екі бағыт).

Опубликовал inust в 1 Сентябрь 2011 – 10:4810 пікір
Бұл мақала 25664 рет оқылды, 38 рет бүгін

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы  Қазақ  білім академиясы Мектеп және  мектепке дейінгі білім институты
БАҒДАРЛАМА ИНФОРМАТИКА
жалпы орта білім беретін мектептің
7 – сыныбына арналған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Республикалық оқу - әдістемелік кеңесі ұсынған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің
11.03.2022 ж. №148 бұйрығымен бекітілген
Авторлар:
Ермеков Нүрмұхамбет Түрлынұлы
Мұхамбетжанова Сәуле Талапбеденқызы
Ағанина Құндыз Жәмиқызы
Информатика
.

Жалпы орта білім беретін мектептің 7-Сыныбына арналған бағдарлама.

Алматы: РОНД. Ы. Алтынсарин атындағы  Қазақ білім академиясы. 2003
ЖШС «РОНД»,2003.

Түсінік хат

Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың ролі әлемнің жүйелі ақпараттық бейнесін, адам мен ақпараттық ортаның  тиімді өзара қарым – қатынасын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің  мәнімен, қазіргі  заманғы ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметтің  негізгі  құраушысы ретіндегі  ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырумен анықталады.

Ақпараттық қоғамдағы  оқушылардың дайындық деңгейін анықтау үшін информатикадан мемлекеттік жалпыға міндетті (7-11- сыныптар үшін)  стандарт әзірленді, оған сәйкес «Информатика» пәні 7 –сыныптан бастап оқытылады.

Оқытудың негізгі  мақсаты  оқушылардың  оқу процесінде  компьютерлік технология арқылы өз бетінше тиімді білім алуды  және өзін - өзі  анықтауы үшін мүмкіндік туғызуы болып табылады. Оқыту  мазмұны  информатиканың дүниетанымдық және пайдаланушылық аспектілерін  қалыптастыруға  бағытталған.  Мұндай мазмұн Мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының  мақсаты мен міндеттерімен туындайды. Ол компьютерді оқу құралы ретінде  оқушылардың оқу – танымдық қызметіне  тұрақты пайдалануын көздейді.

Информатиканы  оқу оқушылардың компьютер туралы жалпы түсініктерін қалыптастырады, ақпараттық технология әдістерімен қарулануына себеп тигізеді.

7 – сыныпқа  арналған информатика  бағдарламасының мазмұны оқушылардың оқу – танымдық қызметінде  компьютерлік техниканы еркін пайдалану дағдысын қалыптастыруға  қажет материалдарды қамтиды және ақпараттық технологияны кеңінен  пайдалану жағдайындағы оқуға даярлайды. Курс  аптасына  1 сағаттан  жалпы көлемі 34 сағатқа есептелген.

«Информатика»  пәнінен  білім беру  тақырыптық жоспардағы әрбір бөлімдерге  сәйкестендіріліп ұсынылады.

Бағдарлама  құрылымына  төмендегі  мәселелер енеді:
-        7 – сынып  бойынша  білім беру  мазмұнының  міндетті минимумы;
-        оқушылардың  дайындық деңгейіне  қойылатын талаптар;
-        тақырыптық  жоспарлау.

Бағдарлама мазмұны

Табиғаттағы ақпарат түсінігі. Ақпараттың түрлері мен  формалары  және оларды  өңдеу тәсілдері. Ақпаратты  түрлендіру,  сақтау, жеткізу және өңдеу тәсілдері.  Ақпаратты кодтау. Информатика  дегеніміз не?

Компьютер  - ақпаратты  өңдеу құралы. Есептеуіш техникасының даму тарихы. ЭЕМ – нің қолданылу салалары. Қазіргі  қоғамдағы ЭЕМ – нің рөлі.

Компьютердің негізгі  құрылғылары , олардың  қызметтері  және  компьютердің  жұмысы  барысындағы  өзара байланысы. ЭЕМ – де  жұмыс жасау кезіндегі  техника қауіпсіздігінің ережелері.

Программа  мен программалық  қамтасыз ету. Операциялық жүйелер. Windows  операциялық жүйесі. Жұмыс үстелі. Тышқанмен жұмыс. Терезе.  Терезе элементтері  мен оның құрылымы. Файлдар, бумалар және жарлықтар. Объектілерді басқару. Сілтеуіш. Ақпаратты тасымалдаушылар.

ЭВМ – ді  қолданбалы программалық қамтамсыз ету туралы түсінік. Қолданбалы  программалық қамтасыз ету түрлері.

Компьютерде  графиктік ақпаратты өңдеу. Paint графиктік редакторы. Суреттерді құру,  редакторлау сақтау және ашу.

Компьютерде мәтіндік  ақпаратты  өңдеу. WordPad мәтіндік редакторы. Мәтінді теру ережелері. . Мәтінді редакторлау және форматтау.

Калькулятор стандартты программасының  көмегімен сандық ақпаратты өңдеу.

Фонограф көмегімен  музыкалық ақпаратты өңдеу.

Компьютер  көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау. Жергілікті желі. Электрондық пошта.

Компакт – дискіден программаларды қондыру және оларды жіберу.

Оқушыларды  дайындық деңгейіне  қойылатын талаптар

Курс міндетіне оқушыларда  ақпарат түсінігін және оларды  өңдеу  тәсілдерін қалыптастыру, компьютермен таныстыру; пернетақтамен  және тышқанмен  жұмыс жасау  дағдыларына баулу; оқушылардың компьютердің  мүмкіндіктері  туралы  түсініктерін қалыптастыру;  күнделікті  өмірде  компьютерді  пайдалану құрал ретінде  еркін пайдалана алуға үйрету кіреді.

Оқушылар мыналарды:

-        ақпарат түсінігін, түрлерін, формаларын  және оларды өңдеу тәсілдерін,
-        ақпарат мөлшерінің  негізгі  өлшем бірліктерін,
-        компьютер түсінігін, оның негізгі  құрылғылары мен олардың орнын,
-        программалық  қамтамсыз ету түсінігін,
-        компьютерді  программалық  қамтамасыз етудің рөлін,  программалық қамтасыз ету түрлерін: жүйелік, қолданбалы,
-        операциялық жүйе түсінігі,
-        терезе түсінігі мен оның мәнін,
-        файл мен бума түсінігін,
-        қолданбалы программалардың әр түрлілігін,
-        сандық, графиктік, мәтіндік және дыбыстық ақпараттарды өңдеу,
-        компьютерлік желі түсінігін білуі тиіс.

Оқушылар мына біліктілерді:

-        қоғам мен адам қызметіндегі, техникадағы, тірі табиғаттағы ақпараттарды жеткізу, өңдеу және сақтау тәсілдеріне  мысалдар келтіруді,
-        компьютерді  іске қосуды және өшіруді, пернетақтамен  және «тышқан»  типті  манипулятормен жұмыс жасауды,
-        операциялық жүйені жүктеу,
-        терезе элементтерімен  жұмыс жасауды
-        файлдармен  және бумалармен жұмыс жасауды.
-        объектілерді  басқаруды
-        қарапайым  мәтіндерді теруді және редакторлауды
-        калькуляторды пайдалануды
-        дыбыстарды жазуды және қабылдауды.
-        хабарларды жіберуді, қабылдауды.
-        әр түрлі стандарт программаларды іске қосуды игеруі тиіс.

Тақырыптық жоспарлау үлгісі

Тақырыбы Сағаты
1 Кіріспе. Есептеуіш техника кабинетінде техника қауіпсіздігін сақтау ережелері. 1 сағ.
2 Табиғаттағы ақпарат түсінігі. Ақпарат түрлері. Ақпарат формалары мен оларды өңдеу түрлері. Ақпаратты ұсыну, жеткізу өңдеу және  сақтау тәсілдері. Ақпаратты  кодтау. Ақпараттың өлшем бірліктері. Ақпаратты жеткізудің өңдеудің  және сақтаудың техникалық құрылғылары. 3 сағ.
3 Компьютер – әмбебап ақпараттық машина. Информатика  дегеніміз не? Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы. Есептеуіш  техникасының  даму тарихы. ЭЕМ – нің  қолданылу салалары. Қоғам өміріндегі ЭЕМ – нің  рөлі, мектепте, үйде, медицинада, бизнесте, мәдениетте, ғылымда. Компьютерде  өңделетін ақпарат түрлері. 2 сағ.
4 Ақпараттық құрылғы. Құрылғының мәні.  Пернетақтамен танысу. 3 сағ.
5 Программа пен программалық қамтасыз ету түсінігі. Операциялық жүйелер. Стандарт программалар. 2 сағ.
6 Windows операциялық жүйесінің  жұмыс үстелі.  Терезе, оның элементтері мен құрылымы. Файлдар, бумалар, жарлықтар. Бумалар мен жарлықтарды құру және  олардың атын өзгерту. Бумалар иерархиясы. Бумалар құрылғысы. Объектілерді көшіру және  оны жылжыту. Себет. Себетке  объектілерді көшіру. Өшірілген файлдар мен бумаларды  қалпына келтіру. Объектілерді іздеу. Сілтеуіш. Анықтама. Ақпаратты  жазу және  оны есептеу. Ақпаратты тасымалдаушылар. 7 сағ.
7 Paint  графиктік редакторымен  жұмыс. Құралдар тақтасы, түстер палитрасы. Суреттерді құру, редакторлау, сақтау және ашу. Paint – тің қосымша мүмкіндіктері. 6 сағ.
8 WordPad  мәтіндік редактор көмегімен  компьютерде  мәтіндік  ақпараттарды өңдеу. Мәтіндік редактор терезесі. Мәзір, құралдар тақтасы және сызғыш.  Мәтіндерді теру ережелері.  Құжаттарды құру, сақтау және  ашу. Мәтін үзінділерін өшіру, форматтау. Мәтінге  графиктік объектілерге мәтінді қою. 4 сағ.
9 Калькулятор. Қарапайым  және күрделі есептеулерді жүргізу. 3 сағ.
10 Фонограф көмегімен  ЭЕМ – ге әуендер мен сөздерді жазу және тыңдау. Әмбебап және лазерлік ойнатқыштардың  көмегімен  музыкалық шығармаларды  тыңдау. 1 сағ.
11 Компьютердің көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау. Жергілікті желі.  Электронды пошта. 1 сағ.
12 Компакт – дискіден программаларды қондыру және жіберу. 1 сағ.
Барлығы 34 сағ.

ИНФОРМАТИКА жалпы орта білім беретін мектептің 8-9– сыныптарына арналған
Алматы 2004 ж
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық оқу - әдістемелік кеңесі ұсынған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің
12.05.2021 ж. №403 бұйрығымен бекітілген

Бағдарламардың авторлары:
Ермеков Нүрмұхамбет Түрлынұлы
Мұхамбетжанова Сәуле Талапбеденқызы

Информатика. Жалпы орта білім беретін мектептің
8- Сыныбына арналған бағдарлама. – Алматы: РОНД.
Ы. Алтынсарин атындағы
Қазақ білім академиясы. 2003
ЖШС «РОНД»,2003.

Түсінік хат

Орта білім  беру жүйесіндегі  информатиканың  рөлі ақпараттық  білімнің  ақпараттық  орта мен адамның  өзара қарым – қатынасын  үйлесімді  етудегі,  жаңа ақпараттық  қоғамда кәсіпкерлік қызметтің  басты  құрамды  бөлігі болып табылатын ақпараттық  технологияны  пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы,  сондай – ақ  оның  әлемнің  жүйелік – ақпараттық  бейнесін  қалыптастырудағы  алатын орнымен,  мән – маңызымен анықталады.

Информатиканы  оқытудың негізгі  мақсаты  -  оқушыларды  ақпаратты  беру, түрлендіру және оны қолдану  білімдерімен  қаруландыру, олардың  компьютерлік  технологияны  өз  қызметтеріне  еркін,  тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.

Аталған мақсатты  іске асыру нәтижесінде  оқушыларда,  үйренушілерде  әлемнің  қазіргі  ақпараттық бейнесі және  ақпараттық технологияны қолдану біліктіліктері мен  дағдылары қалыптасуы тиіс.

Информатика 7 – 9 сыныптарда базалық  курс ретінде  жүргізіледі және оқушылардың  міндетті  минималды білімділік деңгейін  қамтамасыз етеді.  Оның мазмұны  оқушыларға  ақпараттық технологияны  қолданудың әдістері мен тәсілдерін  меңгертуге  және өздерінің  іс - әрекетіне  компьютерді  еркін  пайдалана алатындай дәрежедегі  білік – дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Информатика курсын  7 – 9  сыныптарда  оқытып – үйрету коцентрлер  түрінде  ұйымдастырылған, яғни  бағдарламаның  жалпы  құрылымдық элементтері  барлық кезеңде  қарастырылады, ал курс материалдары оқу сатысы  неғұрлым жоғарылаған сайын жинақталған,  толықтырылып, кезеңдер  бойынша  күрделеніп отырады.

Курсты  8 сыныпта  оқыту бағдарламасында  мынадай мәселелер қарастырылады:  ақпараттарды түрлендіру; ақпараттық процестер; ақпараттық технолгиялар.

Информатика курсын  9 сыныпта  оқыту бағдарламасында алгоритмдеу; формальдау және модельдеу; телекоммникацмия; ақпараттық технологиялар; информатиканың  әлеуметтік мәселелері қарастырылған.

Бағдарламаның  мазмұны «Информатика» білім саласының  дүниетанымдық ; қолданушылық; алгоритмдік; модельдеу; ақпараттық  мәдениет аспектілерін қамтиды.

Бағдарламада  оқушының  жас ерекшелігі  және білім  деңгейі  мен математикалық білік  -  дағдыларын қалыптасу деңгейі ескеріледі.

Бағдарлама  мазмұнын  меңгертудің  қажетті  тереңдігі  мен толықтығы  оқушының  дайындық деңгейіне қойылатын талаптарда көрініс тапқан.  Оқушының  дайындық деңгейіне  қойылатын  талап минималды деңгейге  бағытталған, бірақ  бағдарламада берілген  оқу материалының  мазмұны  әрбір  оқушының  мүмкіндік деңгейін де қанағаттандырады.

Курстың  түрлі  тақырыптарының  көлемі мен оқытылу ретін мұғалім өз шығармашылығына  байланысты  өзгертуіне болады.  Бірақ  бұл жағдайда курсты  үйрету тақырыптарына  қойылатын талап сақталуы қажет.

ОҚУ ПӘНІНІҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ
8 СЫНЫП

(Барлығы 34 сағат, аптасын 1 сағаттан)

Ақпарат. Әлемнің  ақпараттық бейнесі. Ақпарат және  басқару. Информатика ғылым ретінде.

Компьютердің  арифметикалық негіздері.  Санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық, он алтылық). Сандарды бір санау  жүйесінен  басқа санау жүйесіне  аудару. Екілік арифметика.

Компьютердің логикалық негіздері.  Негізгі түсінік – ұғымдар және алгебра логикасының қолданылу салалары. Элементарлық логикалық амалдар. Ақиқат кестесін құру. Компьютердің  базалық логикалық элементтері («ЖӘНЕ», «ЕМЕС», «НЕМЕСЕ») және логикалық функциялар.

Арнаулы компьютерлар  және олардың дамуы. Арнаулы компьютерлердің  техникалық сипаттамаларының  шешілетін есептермен өзара байланысы. Компьютерді  құрылымдық ұйымдастыру және оның жұмыс жасауы. Программалық басқару принциптері.

Windows операциялық жүйесін іске қосу. Операциялық жүйе түрлері. Файлдар мен бумаларды іздеу. Желілік функциялар. Ақпаратты қорғау.  Вирустан қорғау программалары. Ақпараттарды ықшамдау. Архивтеу программалары.

Графиктік, мәтіндік және дыбыстық ақпараттарды түрлендіру. Графиктік ақпараттарды өңдеу. Графиктік мәліметтерді сипаттау әдістері (вектор, растр, фрактал). Графиктік мүмкіндіктер.  Графикалық мүмкіндіктер. Графиктік объектілермен жұмыс жасау әрекеттері. Түстер және палитра. Графиктік редакторлар. Іс жүргізудегі графика.

Компьютерде мәтіндік  ақпараттарды  өңдеу. Мәтіндік құжаттарды  өңдеу технологиясы: құру, реадакциялау, сақтау, оқу, шығару. Кестелермен жұмыс. Графиктік объектілерді мәтіндік құжаттарға түсіру. Гипермәтін түсінігі.

Компьютерде сандық ақпараттарды түрлендіру. Мәліметтерді түрлендірудің  кестелік формасы. Электрондық кестелер. Электрондық  кестелердегі  кітап, жұмыс беттері, оқу, жазу, формулаларды қолдану, диаграммалар салу, шығару,  нәтижелер түсініктері.

Деректер қорын басқару  жүйесі. Компьютер жадысында кесте түріндегі кең көлемдегі  ақпараттарды сақтау. Деректер қорының  құрылымы. Деректер қорын  толтыру, сұрыптау және берілген  шаблон бойынша ақпараттарды іздеу.

Тақырыптық жоспарлау үлгісі

Тақырыптар Сағат саны
1 Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және  есептеуіш техника кабинетіндегі тәртіп сақтау ережелері. 1
2 Ақпарат. Ақпараттық процесс.  Ақпарат қасиеттері. Ақпараттар саны.  Кодтау. Санау жүйелеері.  Бір санау жүйесінен  басқа санау жүйесіне сандарды аудару. Екілік арифметика. 3
3 Логика – формальды және математикалық логика ретіндегі пән.  Сөйлем алгебрасы. Логикалық амалдар. Ақиқат кестелері. Орындау кестелері.  Компьютердің  логикалық негіздері. 3
4 ЭЕМ – де деректерді түрлендірудің  формалары. Арнаулы компьютердің  техникалық сипаттамаларының шешілетін есептермен  өзара байланысы. Элементарлық база және  ЭЕМ буындары. Басқарудың программалық принциптері. 2
5 Операциялық жүйе (ОЖ) . ОЖ түрлері. ОЖ ядросы. Бумалармен, файлдармен, дискілермен  жұмыс жасаудың негізгі  командалары. Қолданбалы программалар. 3
6 Windows  қосымшалары. Графиктік және мәтіндік редакторлар. 10
7 Электронды кестелер.  Сандық ақпараттарды өңдеу. Кестелер құрылымы,  құру және  оны толтыру. 3
8 Деректер қоры және оны басқару жүйелері.  Іздеу амалдары. Деректер қорын құру және оны редакторлау.
Барлығы 34

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Білуі тиіс:

-        жаңа типтегі  арнаулы компьютердің құрылымын;
-        компьютердің негізгі  құрылғыларының мәнін;
-        операциялық жүйе түрлерін, қолданушы (орындаушы) итерфейсін;
-        операциялық жүйенің негізгі командалары;
-        ақпараттық негізгі  сандық бірліктерін;
-        екілік санау жүйелері мен екілік арифметиканың ережелерін;
-        программаны  автоматты  түрде орындау принциптерін;
-        компьютерді программалық қамсыздандырудың  рөлін,  программалық  қамсыздандырудың түрлерін: жүйелік,  қолданбалы;
-        программалау жүйелерін;
-        мәтіндік редакторларды, оның мәнін,  типтерді редакторлаудың негізгі қызметтерін және  оларды жүзеге асыру;
-        графиктік редакторлар және  оның негізгі мүмкіндіктерін;
-        гипермәтіндік, мультимедиялық программаларды ұйымдастыру принциптерін;
-        электрондық редакторларды және олардың негізгі  мүмкіндіктерін;
-        деректер қорын және олардың  негізгі мүмкіндіктерін;

Үйренуі тиіс::

-        компьютердің негізгі құрылғыларын іске  қосуды және  оның жұмыстарын басқаруды;
-        дискілерді форматтауды;
-        файлдарды архивтеу және  оны архивтен шығаруды;
-        вирустан қорғау программалары қолдануды;
-        бір санау жүйесінен  басқа санау жүйесіне  сандарды аударуды, екілік санау жүйесіндегі  арифметикалық амалдарды орындауды;
-        мәтіндік редакторларды шақыруды,  жаңа мәтіндік файлдар құруды, ішкі жадыға мәтіндерді сақтауды, мәтіндік файлдарды ішкі жадыдан жүктеп, оларды түрлендіруді;
-        графиктік редакторларды  шақыруды,  суреттерді  осы  редактордың  түрлі  құралдарын қолдана отырып салуды, оларды ішкі жадыға сақтауды, ішкі жадыдан суреттерді оқуды және оларды түрлендіруді;
-        дыбыстық  файлдарды жазуды, оқуды және оларды  модификациялауды;
-        электрондық кестелерді және деректер қорын ақпараттарды іздеу, өңдеу және сақтау әрекеттерін орындауда қоолдануды.

9  сынып
(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)

Алгоритм түсінігі  және қасиеттері. Алгоритмді түрлендіру тәсілдері. Алгоритм типтері. Атқаушы. Алгоритмдер кітапханасы. Компьютерде есептерді  шешу.  Есептерді шешу кезеңдері. Бөліктеу әдістері.

Программалау әдістері: программмалау  тілінің алфавиті, командаларды жазу ережелері. Программа түсінігі және оның  құрылымы. Айнымалы  түсінігі: аты, типі,  мәні.

Мәліметтер түсінігі. Өрнек түсінігі.

Программадагы  мәліметтерді  енгізу және шығару әрекеттерін ұйымдастыру. Сызықтық, тармақтық және  циклдік алгоритмдерді программалау. Литерлік шамалар. Графиктік объектілер. Ішкі программалар.

Массив түсінігі: элементтер типі, өлшемі, индекстері.

Программалар жүйелерінің  мүмкіндіктерін үйрену.

Модель және модельдеу түсінігі.  Модель анықтамасы. Модель типері. Компьютерлік модельдеу элементтері. Статистикалық және динамикалық модельдер. Модельдеу тәсілдері.

Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Жергілікті желілер: құру тәсілдері,  жұмысты ұйымдастыру, программалық камтамасыздандыру. Глобальдық ақпараттық желілер. Интернет. Электронды пошта. Қазіргі  қоғамдағы ЭЕМ – нің рөлі: Интернет – бүкіләлемдік анықтама; бүкіләлемдік кітапхана; бүкіләлемдік білімдік орта; бүкіләлемдік дүкен; Әлемдік ақпараттық қоғам.

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАУ ҮЛГІЛЕРІ

Тақырыптар Сағат

саны

Кіріспе. Техника қауіпсіздік және есептеуіш техника кабинетіндегі  тәртіп сақтау ережелері. 1
Алгоритм түсінігі.  Атқарушы командаы жүйесі. 1
Атқарушы түсінігі.  Атқарушы команалары жүйесі. 1
Алгоритм типтері.  Көмекші алгоритм. 2
Есептерді шешу кезеңдері. Қадамдарды бөліктеу әдістері. 2
Программалау тілдері. Программа және оның құрылымы. Командалар  және операторлар. 3
Деректер типтері. Айнымалы түсінігі. 1
Өрнектер. Меншіктеу.Сандық функциялар. 2
Деректерді енгізу және шығару. Сызықтық, тармақтық және циклдік алгоритмдерді программалау. Шартты операторлар. Цикл операторлары. 8
Графиктік объектілерді программалау. 2
Символдық объектілермен жұмыс. 2
Массивтер. Бір өлшемді массивтермен жұмыс. 2
Модельдеу. Модель түсінігі. 4
Интернет – бүкіләлемдік  анықтама; бүкіләлемдік кітапхана; бүкіләлемдік білімдік орта;  бүкіләлемдік дүкен; Әлемдік ақпараттық қоғам. 1
Интернетте ақпараттарды іздеу. Электрондық пошта бойынша хабарларды жіберу және қабылдау. 2
Барлығы: 34

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ИНФОРМАТИКА
жалпы орта білім беретін мектептің 10-11– сыныптарына арналған

Алматы 2006 ж
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минитрінің
18.10.2021 ж №672 Бұйрығымен бекітілген

Орта жалпы  білім беретін мектептің жаратылыстану – математикалық бағытындағы 10-11 сыныптарына арналған бағдарлама

Авторлар:
Ермеков Нұрмұхамбет Тұрлынұлы,
Мұхамбетжанұлы Сәуле Талапеденқызы
Стифутина Нина Федоровна.

Орта жалпы білім беретін  мектептің  қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы       10 – 11 сыныптарына арналған бағдарламаАвторлар:
Ермеков Нұрмұхамбет Тұрлынұлы,
Мұхамбетжанұлы Сәуле Талапеденқызы
Стифутина Нина Федоровна

 

Информатика. Орта жалпы  білім беретін мектептің 10 – 11 – сыныптарына арналған бағдарламалар. – Алматы, 2006 – 9 б
Ы. Алтынсарин атындағы
Қазақ білім академиясы. 2003
ЖШС «РОНД»,2003.

Түсінік хат

Ақпараттық қоғам жағдайында информатика пәнінің рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі орнымен қамтамасыз етіледі.

Ақпараттық бірліктің білімге айналуы әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамды бөлігі болып табылатын интеллектуальдық дамуды қамтамасыз етеді.

Бұл жағдай адам мен ақпараттық ортаның («мұғалім-компьютер (ақпараттық- үйрету ортасы)-оқушы», «оқушы –компьютер-оқушы») арасындағы өзара жеке тұлғалық бағыттағы қарым-қатынасты зерттеуді қажт етеді.

10-11 сыныптарда информатиканы оқытудың оқу бағдарламасы Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру бағытында және мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес жүзеге жасақталды.

Негізгі мақсаты- оқушыларға ақпаратты өңдеу, беру және қолдану процестері туралы білімді меңгерту және оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Оқытудың мазмұны шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға, логикалық-құрылымдық ойлау қабілетін дамытуға, яғни оны қызмет субьектісі ретінде қалыптастыруға және компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін өздерінің кәсіби дайындық деңгейлеріне еркін пайдалана білуге бағытталған.

Информатиканың мамандыққа баулу курсы ретінде оқытуда оқушылардың жаңа ақпараттық технологияның көмегімен қолданбалы программалық құралдарды жасақтау, ақпараттық-логикалық модельдерді құру, деректер қорын өңдеуді, Web – беттерінің дизайнын құру мен ақпараттық технологиямен жұмыс жасауды меңгерту сияқты мәселелер қамтылады.

Оқу бағдарламасының мазмүнына визуальды програмалау әдістері, қолданбалы программалық құралдар мен мультимедиялық электрондық оқулықтарды жасақтаудағы программалаудың мүмкіндіктері, деректер қорын өңдеу тәсілдері, Web-беттерінің дизайнын құру алгоритмі және ақпараттық технологияның қолданылу сияқты тақырыптар енген.

Тақырыптық жоспарлауда мамандыққа баулудың түрлі бағыттары қарастырылған, атап айтқанда: компьютерлік дизайн, программалау әдістері, ақпараттық жүйелер және  Web-дизайн.

Бағдарлама құрылымы мынадай бөліктерден тұрады:

-        оқу материалының мазмұны мен құрылымы;
-        тақырыптық жоспарлау үлгісі;
-        оқушының дайындығына қойылатын талаптар.

Курс аптасына 4 сағаттан жалпы саны 136 сағатқа есептелген.

Жаратылыстану – математикалық бағыт
Оқу материалының мазмұны мен құрылымы

Жаңа программалық қамтамасыз ету. Компьютер. Операциялық жүйенің қосымша мүмкіндіктері. Қондыру, конфигурация, операциялық жүйенің және басқа да программалық өнімдердің параметрлерін реттеу.

Программалаудың құрылымдық, модульдық, обьектілі – бағдарлы, визуальді әдістері. Программалау жүйелері.

Визуальді программалау жүйесі: формалары, басқару элементтері, модулдері және кластары, мәліметтер типтері, сұхбат терезелер, қосымша жөндеу, компиляция және қосымшаларды тарату.

Компьютерлік графика. Негізгі графикалық процедуралар және функциялар, тұрақтылар, айнымалылар. Агимация, мультипликация. Дыбыстық әсерлеу, дыбыстық файл ашу. Мультимедиялық программалар жасау технологиясы. Программа құру.

Презентация. Презентация компоненттері. Презентация құралдары. Бейнені сканерлеу және өңдеу. Шаблондар мен дизайн. Мастер. Слайд. Рәсімдеу. Баспаға беру, баптау және демонстрация. Презентация жасау.

Үлкен көлемді ақпаратты өңдеу. Ақпараттарды жүйелеу, сақтау және іздестіру. Ақпараттық-логикалық модельдер. Ақпараттық-логикалық модельдер жасау технологиясы. Мәліметтер модельдері, реляциялық модель. Мәліметтербазасымен жұмыс: мәліметтер базасының құрылымы, мәліметтер базасының кестесін құру. Сұраныстармен, формалармен, есептермен жұмыс. Оқу мәліметтері базасын құру.

Ақпараттық жүйелер: мәліметтр банкі, білім базалары, жасанды интеллект жүйелері, эксперттік жүйелер.

Internet торабы: ақпараттарды қарау және іздестіру. Іздестіру жүйелері.

Web-программалау. Web-парақтарын ашу және дизайн.

Оқу материалдарының тақырыптық жоспарлау үлгісі.

Тақырыбы Сағат саны
1 Жаңа программалық құралдармен қамтамасыз ету 4 2 10 сынып
2 Программалау әдістері 4 2
3 Визуальді программалау жүйесі 40 20
4 Компьютерлік графика 10 5
5 Презентация 10 5
6 Үлкен көлемді ақпаратты өңдеу 30 15 11 сынып
7 Ақпараттық жүйелер 4 2
8 Internet желісі 10 5
9 Web- программалау 14 7
Барлығы 136 68

Бағдарламаға ескерту. Бағдарламада техникалық қате жіберілгендіктен, 3-бетте берілген сөйлемді былайша түзетіп оқу керек: «10-11 сыныптарда информатиканы оқыту әр сынып бойынша аптасына 1 сағаттан барлығы 68 сағатқа есептелген».

Оқушылардың дайндық деңгейіне қойылатын талаптар.<

Оқушылар:

-        программалау жүйелерінің ерекшеліктерін;
-        құрылымдық, модульдік, обьектілі – бағдарлы программалау ұғымдарын;
-        анимацияны және мультипликацияны ұйымдастыру негіздерін;
-        оқытушы, бақылаушы, ойын программаларын жасау принциптерін;
-        компьютерді программалық қамтамасыз ету реті мен ережелерін;
-        растрлық және векторлық графиканы өңдеу құралдарын;
-        компьютерлік презентация ұғымын;
-        презентация жасау ережелерін;
-        үлкен көлемді ақпараттарды өңдеу өңдеуді ұйымдастыруды;
-        ақпараттық-логикалық моделдерді жасау технологиясын;
-        реляциялық модельдердің қолданыоуын;
-        ақпараттық жүйелер ұғымын;
-        Internet-тегі іздестіру жүйесі ұғымын;
-        Web-парақтарын ашу ретін білуі тиіс.

Оқушылар:

-        машиналық графиктер мен дыбыстық файлдар обьектілерін құра алуы;
-        графикалық обьектілер мен олардың қозғалысын программалай алуы;
-        үйретуші, бақылаушы, ойын программаларын құра алуы;
-        операциялық жүйені құра және үйлестіре алуы;
-        қолданбалы программаларды компьютерге енгізе алуы;
-        арнай программалық құралдар көмегімен презентация жасай алуы;
-        берілген пәндік облыста ақпараттық-логикалық моделдер құра алуы;
-        ақпараттарға түзете алуы, шаблон бойынша ақпараттарды іздестіре алуы, мәліметтер базасындағы ақпараттарды іріктей алуы;
-        берілген пәндік облыста мәліметтер базасын құра алуы;
-        ақпараттық жүйелермен жұмыс істей алуы;
-        Internet-тен ақпарат қарай алуы және оны іздестіре алуы;
-        Internet пен электрондық пошта (у-mail) желісімен жұмысістей алуы;
-        Web-парақтарын аша алуы, Web-парақтары дизайнын рәсімдей алуы тиіс.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
Оқу материалының мазмұны мен құрылымы

Ақпараттық технологияға кіріспе

Ақпараттық технологиямен танысу. Ақпараттық технологияның даму тарихы (Сөз-Кітап басу-Компьютер). Түрлі ақпараттарды сабақтастырып қолдану. Ақпаратты қорғау әдістері.

Компьютермен жұмыс жасау негіздері

Программалық қамсыздандыру туралы түсінік. Программалық қамсыздандыруды топтау және оның сипаттамасы, құрамды бөліктерінің мәні. Программалық қамсыздандыту тарихы және оның даму келешегі. Операциялық жүйе: мәні мен оның атқаратын негізгі қызметтері. Компьютердің операциялық жүйесі (мәні, құрамы, жүктеу). Операциялық жүйенің даму тарихы. Операциялық жүйенің даму тарихы. Компьютерлік вирустар. Вирустан қорғау тәсілдері. Вирустан қорғау программалары.

Мәтіндік ақпараттарды өңдеу технологиясы

Мәтін ұғымы және оны өңдеу. Мәтіндік редактор(мәні мен онң атқаратын негізгі қызметтері). Мәтіндік ақпараттарды өңдеудің типтік міндеттері: дискіге мәтіндерді жазу, файлдан мәтіндерді жүктеу, құжаттарды теру, редакторлеу, форматтау, мәтін бөліктерімен жұмыс, тереземен жұмыс, орфографиялық бақылау, мәтіндерді баспаға беру. Мәтіндік құжаттарды дайындау кезеңдері. Мәтіндік құжаттарды топтау. Кестемен жұмыс. Гипермәтін. Мәтіндермен жұмысжасауда компьютерді практикалық түрде қолданылуы. Баспа жүйелері.

Графиктік ақпараттарды өңдеу технологиясы

Компьютерлік графика. Графикалық ақпараттарды кодтау. Графиктік редактор( мәні мен атқаратын қызмттері). Графиктік редактор түрлері (қолданушылық интерфейсі мен негізгі мүмкіндіктері). Растрлық және векторлық график ұғымдары. Графиктік ақпараттарды өңдеудің типтік міндеттері: құру, редакторлеу, дискіге  ақпараттарды жазу, файлдарды жүктеу, графиктік обьектілерді баспаға беру.

Презентацияны өңдеу технологиясы

ПРезентация бөліктері. Презентация құралдары. Бейнелерді өңдеу және сканерлеу. Шаблондар мен дизайн. Мастер. Слайд. Презентацияны безендіру. Презентацияны баспаға беру, баптау және көрнекті түрде көрсету. Презентацияны құру.

Компьютерлік желілер және телекоммуникация

Жергілікті желі және глобальды ақпараттық желілер (мәні мен құрылымы). Телекоммуникациялық тораптардың атқаратын қызметтері. Модемдер, байланыс арналары және ақпараттарды беру жылдамдығы. Негізгі ақпараттық ресурстар: электрондық пошта, телеконференциялар, файлдық архивтер, кітапханалар, деректер қоры мен деректер жинағы. Интернет желісі – глобальды телекоммуникациялық торап. WWW-бүкіләлемдік өрмекші. Web –сайттар мен Web-беттер. Web-дизайн.

Оқу материалының тақырыптық жоспарлау үлгісі

Тақырыбы Сағат саны
1 Мультимедия 4 2 10 сынып
2 Жаңа типті компьютерлердің программалық жабдықтары 4 2
3 Windows   2000 операциялық жүйесі 12 6
4 Microsoft Office   2000 14 7
5 Word  2000  мәтіндік процессоры 12 6
6 Компьютерлік графика 4 2
7 Құжаттарды тану жүйелері 4 2
8 Мәтіндерді түзету және оны тексеру программалары 4 2
9 Фильм слайдтарын  құру 10 5
10 Баспалық жүйелер 30 15 11 сынып
11 Жаңа офистердің  техникалық құралдары 6 3
12 Телекоммуникциялық тораптар 4 2
13 Интернетте ақпаратты іздеу 8 4
14 Web – құжаттарын құру 20 10
Барлығы 136 68

Бағдарламаға ескерту. Бағдарламада техникалық қате жіберілгендіктен, 3-бетте берілген сөйлемді былайша түзетіп оқу керек: «10-11 сыныптарда информатиканы оқыту әр сынып бойынша аптасына 1 сағаттан барлығы 68 сағатқа есептелген».

Оқушылардың  дайындық  деңгейіне қойылатын талаптар

Оқушылар:
-        жаңа программалық  құралдармен қамтамасыз ету;
-        компьютерге  программаларды  енгізу реті мен ережелерін;
-        мәтіндік  құжаттарды рәсімдеу элементтерін;
-        мәтіндік процессорларды автоматты түрде  икемдеулердің  арналымын және мүмкіндіктерін;
-        қарапайым  баспалық  жүйелерді,  олардың мүмкіндіктерін,  оларды программалық қамтамасыз  етуді;
-        растрлық  және векторлық  графикаларды  өңдеу құралдарын;
-        анимация мен мультипликацияны ұйымдастыру негіздерін;
-        компьютерлік презентация ұғымын;
-        компьютерлік презентация жасау  технологиясын;
-        Internet – тегі ақпараттарды  іздестіру жүйесі ұғымын;
-        Web – парактарын ашуды білуі тиіс;

Оқушылар:

-        операциялық  жүйелерді орната және  үйлестіре алуы;
-        компьютерге қолданбалы программаларды енгізе алуы;
-        мәтіндік редакторлар параметрін икемдей алуы;
-        мәтіндік  редакторлардың  графиктік  және қаріптік мүмкіндіктерін пайдалан алуы;
-        графиктік  бейнелерді өңдей алуы;
-        мәтіндік  редактор көмегімен  баспалық  өнімдерге  верстка  жасай алуы және олардың  макетін жасай алуы;
-        құжаттармен  танысу жүйесімен жұмыс істей алуы;
-        мәтінді тексеру және оған түзету жасау жүйесімен жұмыс істей алуы;
-        машиналық графиктердің  және дыбыстық файлдардың объектілерін құра алуы;
-        презентациялаудың арнайы құралдарының көмегімен  презентация жасай алуы;
-        қазіргі офистің  техникалық құралдарымен  жұмыс істей алуы;
-        Internet – тен ақпараттарды іздестіре және қарай алуы;
-        Web – парақтарын аша алуы, оның дизайн безендіре алуы тиіс.

БАҒДАРЛАМАЛАР ИНФОРМАТИКА

Орта жалпы білім беретін мектептің  10-11 сыныптарына арналған
06.02.06 ж қол қойылды. Формат 84х108 0,56 т.
Шрифт «Times/Kazakh». Офсеттік қағаз 80 г/м2
Офсеттік басылым. Таралымы 1500 дана. Тапсырыс №72
2009–2010 оқу жылында  Қазақстан Республикасының жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында ғылым негiздерiн оқыту ерекшелiктерi туралы

ӘДIСТЕМЕЛIК НҰСҚАУ ХАТ

ИНФОРМАТИКА

«Информатика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.

Мектептік информатика курсы білім алушыларға осы курсты оқыту  саласындағы іргелі білімдердің жеткілікті деңгейдегі толық көлемін беруді, оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, ақпараттық қоғам өміріндегі информатиканың ролі туралы түсінігін қалыптастыру және жалпыадамзаттық құндылықты дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғышарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

Мектеп информатикасының мазмұнын дамыту келешегі оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру бағытында  информатиканың ғылыми зерттеу объектісінің кеңеюімен байланысты.

Информатика пәні оқушыларда әлемдік ақпараттық бейнені қалыптастыру мен  компьютерлік техниканы және ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытудың  теориялық негізі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық құралдарының жеделдетіп дамуына байланысты сәйкес қолданбалы программалық құралдар, офистік программалар және т.б. өзгерістерін ескере отырып, құрылады. Олардың көпшілігі информатиканы жоғарғы сыныптарда оқытудың мазмұнында ерекше мәнге ие. Сонымен бірге бұл мәселелерді ерте жастан бастап үйрету де қарастырылуда.

Мектептің білім мазмұнында информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарын бөліп алуға болады:

  • ақпараттық қоғам жағдайында оқушыларды жан-жақты даярлау;
  • ақпараттық қоғам мен технологиялардың мүмкіндігіне  бейімделген оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;
  • информатиканың ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану сияқты  іргелі ұғымдарын  оқушыларға  меңгерту;
  • әлемдік ғылыми бейнені қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін ашу және қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттық технология мен компьютерлік техниканың ролі;
  • оқушыларды компьютерді оқу үрдісіне, бағдарлы  бағытқа тиімді және ұқыпты пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру;
  • мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу үшін жағдай туғызу.

Бұл мақсаттарға жету келесі  мiндеттердi шешу арқылы жүзеге асады:

  • ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру (ғылыми әлемдік бейнені құруда және оны тірі табиғатта, техникада, қоғамда ақпараттық үрдістердің мәні туралы біліммен қаруландыру; қоғамның дамуында, адам еңбегінің сипаты мен мазмұнын өзгертуде информатика мен есептеуіш техниканың мәні туралы білімдермен қамтамасыз ету);
  • оқушылардың ойлау қабілетін дамыту (жеке  жағдайда, алгоритмдік, әрекеттік және модульдік-рефлексивтік ойлау қабілетін дамыту);
  • оқушыларды практикалық және бағдарлы бағыттарға даярлау (компьютермен жұмыс жасау пригциптері, ақпаратты беру тәсілдері және  түрлі мәселелерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық  технологияның негізгі кезеңдері туралы білімдермен қамтамасыз ету; түрлі пәндік салаларда ақпараттық технологияны қолдану мен модельдеу және компьютерді түрлі практикалық міндеттерді шешуде сапалы, әрі тиімді құрал түрінде қолдану  дағдыларын қалыптастыру).

Информатиканы оқытудың басты мiндеттерi негiзiнде оқу бағдарламасында нақты дидактикалық мiндеттер айқындалады, оның iшiнде  оқушыларды бiлiммен қаруландыру тәсiлдерiн үйрету  аса маңызды болып табылады.

2009-2010 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде информатиканы 7-11 сыныптарда оқытудың міндеттері ҚР БжҒМ-нің 24.09.2021 ж. № 693  бұйрығымен бекітілген ҚР орта жалпы бiлiм берудің «Информатика» пәні бойынша мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарты (ҚР БжҒМ-нің  24.09.2021 ж. № 693 бұйрығымен бекітілген)  негiзiнде жүзеге асырылады.

Базистiк оқу жоспарында мектептiң негiзгi сатысында (7-9 сыныптарда) информатиканы оқытуға аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 102 сағат, оның iшiнде:

7 сыныпта - аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат,
8 сыныпта - аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат,
9 сыныпта - аптасына 1сағаттан, оқу жылында 34 сағат бөлiнген.

Еліміздегі білім беруді жаңарту үрдістерінің басты бағыттарының бірі бәсекелестікке қабілетті білім беру өрісін құруды меңзейтін мектептің жоғары деңгейіндегі бағдарлы оқыту болып табылады. Оның нормативті бағыттары  білім берудің Мемлекеттік стандартында  белгіленіп көрсетілген (2002 ж.) және де онда 11-жылдық мектептің жоғары сыныптарында бағдарлы бағытта оқытуға кезеңмен көшу ескерілген болатын. 2009-2010 оқу жылдарында бағдарлы оқыту оқушылар қалаулары  бойынша қоғамдық-гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағыттарының бірін  таңдай алады.

Базистiк оқу жоспарында 10-11 сыныпта жаратылыстану-математикалық бағытта информатиканы оқытуға аптасына 1 сағат (10-11 сыныптарда информатиканы 2 жылда оқытуға барлығы 68 сағат), қоғамдық-гуманитарлық бағытта аптасына 1 сағат (10-11 сыныптарда информатиканы 2 жылда оқытуға барлығы 68 сағат) бөлінген. Кез келген бағдарлап оқытуда  информатикаға және оның қолданыстарына қызығушылық танытқан оқушыларға мектеп таңдау курстарын ұйымдастыру арқылы информатикаға бөлінген сағат санын арттыра алады.

7-9 сыныптарда информатиканы оқытуда 7-сыныпқа арналған «Информатика» бағдарламасы - Алматы: РОНД, 2003 (ҚР БжҒМ-нің 11.03.2022 ж. № 148 бұйрығымен бекітілген);  8-9-сыныптарға арналған «Информатика» бағдарламасы - Алматы, 2004     (ҚР БжҒМ-нің 12.05.2021 ж. № 405 бұйрығымен бекітілген) пайдаланылатын болады.

·                     ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің 18.10.2021 ж. № 672 бұйрығымен бекітілген Информатиканы 10-11 сыныптарда оқыту үшін келесі бағдарламалар қолданылады:

1.      Жалпы білім беретін мектептердің  жаратылыстану-математикалық бағытта  информатиканы 10-11 сыныпта оқыту бағдарламасы. Ермеков Н., Мұхамбетжанова С.Т. // Орта жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарына арналған Информатика. Бағдарламалар. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА, 2006.
2.      Жалпы білім беретін мектептердің  қоғамдық-гуманитарлық бағытта  информатиканы 10-11 сыныпта оқыту бағдарламасы. Ермеков Н., Мұхамбетжанова С.Т. // Орта жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарына арналған Информатика. Бағдарламалар. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА, 2006.

Бағдарламаға ескерту. Бағдарламада техникалық қате жіберілгендіктен, 3-бетте берілген сөйлемді былайша түзетіп оқу керек: «10-11 сыныптарда информатиканы оқыту әр сынып бойынша аптасына 1 сағаттан барлығы 68 сағатқа есептелген».

2009-2010 оқу жылында білім беру ұйымдарына пайдалануға рұқсат етілген оқулық басылымдарының тізбесі  ҚР БжҒМ-нің 03.04.2022 ж. № 160 бұйрығымен бекітілген және оған сәйкес 7-9 сыныптарда келесі оқулықтармен оқыту жалғасатын болады:

  1. 7 сынып. Информатика. Ермеков Н., Стифутина Н. - Алматы: Атамұра, 2007
  2. 8 сынып. Информатика. Е.Шевчук, Н.Кольева - Алматы: Мектеп, 2008
  3. 9 сынып.  Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту. Б.Нақысбеков, А.Мұхамеди, Г.Мадиярова - Алматы: Мектеп, 2009
  4. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 10 сыныбына арналған оқулық (жаратылыстану-математикалық бағыт). – Алматы: Жазушы, 2006.
  5. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 10 сыныбына арналған оқулық (қоғамдық-гуманитарлық). – Алматы: Жазушы, 2006.
  6. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 11 сыныбына арналған оқулық (жаратылыстану-математикалық бағыт). – Алматы: Жазушы, 2007.
  7. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 11 сыныбына арналған оқулық (қоғамдық-гуманитарлық). – Алматы: Жазушы, 2007.

7-11 сыныптарда мектептерге  сәйкес келесі оқу-әдістемелік кешендерін қолданылу ұсынылады:

  1. 7-сынып. Информатика. Әдістемелік құрал. Н.Ермеков, С.Давиденко, С.Пилипенко. – Алматы: Жазушы, 2008.
  2. 7-сынып. Информатикадан практикум.  Н.Ермеков, С.Давиденко, С.Пилипенко. – Алматы: Жазушы, 2008.
  3. 8-сынып. Информатика. Әдістемелік құрал. Е.Шевчук, Н.Кольева, Н.Завертунова. - Алматы: Мектеп, 2008
  4. 8-сынып. Информатика. Жұмыс дәптері. Е.Шевчук, Н.Кольева - Алматы: Мектеп, 2008
  5. 9-сынып. Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту.Әдiстемелiк құрал. Б.Нақысбеков, А.Мұхамеди, Г.Мадиярова - Алматы: Мектеп, 2009
  6. 9-сынып. Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту.Есептер мен жаттығулар жинағы. Б.Бөрібаев, Р.Дузбаева, А.Махметова – Алматы: Мектеп, 2009
  7. 9-сынып. Информатика (Паскаль). - әдістемелік құрал. - Н.Ермеков,  .Криворучко,  Л.Кафтункина - Алматы: Мектеп, 2009
  8. 10-сынып. Информатика. әдістемелік құрал (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Ермеков Н., Криворучко В.А., Заречная О. – Алматы: Жазушы, 2006.
  9. 10-сынып. Информатика. Дидактикалық құрал (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). Н.Ермеков, В.Криворучко,  Н.Стифутина – Алматы: Жазушы, 2006.
  10. 10-сынып. Информатика. әдістемелік құрал (жаратылыстану-математикалық бағыт) Н.Ермеков, В.Криворучко, Н.Шпигарь – Алматы: Жазушы, 2006
  11. 10-сынып. Информатика. Дидактикалық материал (жаратылыстану-математикалық бағыт) Н.Ермеков, В.Криворучко,  Н.Стифутина – Алматы: Жазушы, 2006
  12. 11-сынып. Информатика. (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) әдістемелік құрал Н.Ермеков, В. Криворучко, С.Ноғайбаланова      - Алматы: Жазушы, 2007
  13. 11-сынып. Информатика. Практикум. Дидактикалық материал (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). Н.Ермеков, В.Криворучко, С.Ноғгайбаланова              - Алматы:           Жазушы, 2007
  14. 11-сынып. Информатика. әдістемелік құрал (жаратылыстану-математикалық бағыт) Н.Ермеков, В.Криворучко, С.Ноғгайбаланова             - Алматы:           Жазушы, 2007
  15. 11-сынып. Информатика. Практикум. Дидактикалық материал (жаратылыстану-математикалық бағыт). Н.Ермеков, В.Криворучко, С.Ноғгайбаланова - Алматы:         Жазушы, 2007.

Информатиканы тереңдетіп оқығысы келетін оқушылардың саны жеткілікті көп болған жағдайда мектеп базистік оқу жоспарында бағдарлы курстарға бөлінген сағат саны есебінен информатиканы оқытуға бағдарлы деңгейде бөлінген 1 сағатқа аптасына қосымша 2 сағат қоса алады.  Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар сәйкес деңгейлер үшін білім беру стандартымен анықталады.

Жоғары сыныптарда информатиканы  оқыту кезінде мектептің оқу жоспарына таңдау курстарын енгізу қажет. Бұл келесі мазмұндағы таңдау курстары болуы мүмкін: Объектілі-бағдарланған программалау тілі», «ЭЕМ операторы», «Компьютерде іс-қағаздарын жүргізуші», «Компьютерлік графика», «Web-дизайн», «Ақпараттық жүйелер», «Flash-программалау» және т.б.

Оқушылардың таңдауы бойынша оқу пәні ретіндегі информатиканы оқыту, сондай-ақ оны факультативті сабақтарда тереңдетіп оқыту жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбынан басталуы мүмкін.

Жоғарыда аталған оқу бағдарламалары мен оқулықтар информатиканы оқыту үшін негізгі материалдар болып табылады. Сонымен бірге оқу үрдісінде информатика пәнін тереңдетіп, не факультативтік сабақ  ретінде оқыту үшін  қосымша оқу құралдары қолданылады. Бағдарлы мектептерде, физика-математикалық және техникалық лицейлерде, физика мен математиканы тереңдетіп оқытатын мектептерде «Арман-ПВ - 2008», «НЦИ - 2008», «Атамұра-2005», «Аруна Ltd – 2008»   және т.б. баспалардан шыққан қосымша оқулықтар мен электрондық оқу құралдарын қолдануға болады.

Ұйғыр, өзбек тілдерінде оқытылатын жалпы  білім беретін мектептерде информатиканы оқыту үшін осы тілдерде аударылған оқулықтар қолданылады.

Информатиканы оқыту бағдарламаларын арнайы жабдықталған мультимедиялық кабинетте және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, қолданбалы программалық құралдар, мультимедиялық электрондық оқулықтар, виртуальды лабораториялар және т.б. бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Мектептің кітапхана қорында «Информатика» оқу пәні бойынша тағайындалған нормативтер мен оқу-әдістемелік кешендер құрамына сәйкес қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер болуы тиіс. Кiтапхана қоры мен ақпараттар базасын оқушылар пайдалана алатындай болуы керек.

 

Ұқсас тақырыптар:

10 пікір »

  • Салтанат пишет:

    Бұл бағдарламаларыныз ескирген алып тастау керек. Казир жана бағдалама шыккан 367 бұйрықпен бекітілген. соны кою керек.

  • Салта, өркеніңіз өссін! сол бағдарлама сізде бар болса бізбен бөліссеңіз. Сайт туралы деген жерден сайттың мақсатын оқыған шығарсыз. Сонымен қатар 2011-2012 деген жаңа бағдарлама бар осы сайтта. Оны да көріп сын айтcаңыз, бізге әрбір ойлы пікір құнды.

  • Гульмира пишет:

    Сәлеметсіз бе!Жалпы сайтыңыз өте жақсы,шығармашылық табыс тілеймін!Мен Салтанатпен толық келісемін,қазіргі бағдарлама 367 бұйрыққа сәйкес болу керек.Бірақ!Оқулықтарды табу мүмкін емес,оқушыларға түгел,өзіміз де әрбір жерден мәлімет жинап жоспар жазып отырмыз!Информатик мұғалімдер!!! Көмек беріңізші!Жаңа бағдарламаға сәйкес күнтізбелік жоспарларыңыз болса-үлкен рахмет!

  • Оқу бағдарламасы қатып қалған заң емес. Ол не оқыту және қалай оқыту керек екені туралы жалпы бағытты көрсетеді. Сол бағыттан таймасаңыз болды, бағдарламаның кей жерлерін өз қалауыңыз (әрине бұл жерде еңбек өтіліңіз, шығармашылық қабілетіңіз рол атқарады) бойынша оқушыларыңызға, мектебіңіздің материалдық жағдайына қарай (мүмкіндігінше мектебіңізде бар оқулыққа қарай) икемдеп өзгертуге болады. Ондай бағдарламаларды тәжірибелі ұстаздардан аласыз. Осылай істейтініңіз немесе істегеніңіз туралы АББ-на хабарлап қою керек. Олар қарсы болса, бағдарламаға сәйкес жаңа оқулық пен методикалық әдебиеттер тауып беріңіз деп талап ету керек. АББ, ОББ тығырықтан шыға білген ұстаздарды шығармашыл ұстаз -деп бағалайды көбінесе.

  • мына бағдарламаны жаңарту керек толық емес

  • Салтанат Жангазиева пишет:

    Салеметсідерме?! мына бағдарламаларды жаңарту керек. инфортамика мұғалімдеріне өтініш жаңа база бойнша күнтізбелік жоспарларынызды бөліссеніздер?

  • Нұртәліп пишет:

    сәлеметсіздерме! маған 2011-2012 оқу жылына арналған оқу әдістемелік нұсқау хат керек еді жалпы орта мектепке арналған қандай сайттан алуға болады адрессін жазып жіберіңіздерші

  • ganibet пишет:

    magan keremet xp taup bernizder

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.