Әлмерек ұрапақтары: Ермек Мырзагелдінің интервьюінен
Бұл мақала 607 рет оқылды, 2 рет бүгін
Ермек Мырзагелдінің интервьюінен
Мырзагелдиев Ермек 1957 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Шырғанақ ауылында дүниеге келдім. 1974 жылы Ыдырыс Көшкінов атындағы орта мектепті бітіріп 1974-1979 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетін бітірдім, екінші Алматы халық шаруашылығы институтын 1986 жылы бітірдім. Екі жоғары білімім бар. 1979 жылдан 1983 жылдарда Кеген ауданының Кеген мал бордақылау бірлестігінде экономист, Кеген ет-сүт совхозында экономист, Кеген ауыл шаруашылық бөлімінде бас экономист болып қызмет істедім. 1984-1997 жылдарда Еңбекшіқазақ ауданында салық бөлімінде инспектор, Алматы облыстық салық комитетінде, Қаржы министрлігінде бас маман болып жұмыс істедім.
1997 жылдан Қазақстан халық емшілер ассоциациясының вице-президенті болып жұмыс істеймін. 2004 жылдан К3-1/8 куәлігі бойынша Халықаралық дәстүрлі халық медицинасы, психологтар және емшілер ассоциациясының Қазақстан Республикасы бойынша вице-президенті болып тағайындалдым. 2005 жылдан 0015 куәлігі бойынша “Всемирное объединение земной цивилизации, знахарей, целителей, эниоинженеров” қауымдастығына вице-президенті болып тағайындалдым.
Халық емшілігінде сіңірген еңбегім үшін “Жұлдызды магистр” орденімен және Халықаралық жәрежедегі ұстаздық еңбегі үшін орденімен марапатталдым. 2005 жылы Москва қаласында Дүниежүзілік “Элита” съезіне делегат болып қатыстым.
1. Қазақстанның құрметті Халық емшісі атағы берілді.
2. Шығыс халықтар медицинасының магистрі атағы беріліп, оның алтын медалі берілді.
3. Гиппократ атындағы күміс медалімен,
4. Алтын “пирамида” медалімен,
5. Ресей мұсылмандар қоғамының алтын медалімен,
6. ІІІ мыңжылдықтың үздік емші атағы мен алтын медалімен марапатталдым.
7. Ресей халқының Халық емшісі атағын алдым.
8. Қазақстан емшілер қауымдастығының құрметті мүшесі және оның алтын медалімен марапатталдым.
9. Ресей Халық емшілігін дамытудағы еңбегі үшін І- дәрежелі алтын медалімен марапатталдым.
10. Дүниежүзілік ең үздік магистр атағы беріліп, алтын белгісімен марапатталдым.
11. Франциядағы Халықаралық М.Нострадамус атындағы академияның толық мүшесі және академик атағы беріліп, алтын белгісімен марапатталдым.
Жәнібек шежіресі кітабынан
авторы:
Әбілқасым Нұрмұқанбетов
Сайтқа жіберген Алматылық Назым /жиен қыз/
Салеметсиздерме! Менин сурайын дегеним, осы айтып отырган Ермек Мырзагелди туралы билгим келеди. Ермек агай кай жерде кабылдайды? Емдей жолдары туралы билгим келеди? Ол кисини кайдан табуга болады? Телефонын, жумыс телефонын табуга бола ма?
Рахмет.
Айка! Алматы қаласындағы “Сайрам” автовокзалынан, бұрынғы Мате Залке көшіесімен төмен қарай жұрсеңіз бір аялдамаға жетпес жерден “Әлмерек Абыз” деген жазуы бар қақпа көрiнедI. Ермек Мырзагелді тегін емедеуін сол жерде жасайды.
Салеметс1здерме,мен осы к1с1ден ем алып жаксы натижеге жетт1м!Осы енбек уш1н Ермек агага алгысымды б1лд1рейн деп ед1м,ол к1с1н1н туган кун1 нешес1!
Айгул оны мына телефоннан сұрап көріңіз
көмекшісі: 87023581032