30 Сентябрь 2011 – 10:50 | Пікір жоқ

САЙТҚА МАҚАЛА САЛУ
Уважаемые посетители сайта,
сегодня 26 сентября на сайте www.refkaz.kz стартовал конкурс “Refkaz Prodaction”, который продлится до 31 октября. Условия конкурса довольно просты - загрузи столько работ (рефератов, презентаций, курсовых и дипломных работ на казахском …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Математика

Математика 5 сынып күнтізбелік жоспар

Опубликовал Naziba в 4 Октябрь 2011 – 19:39Пікір жоқ

Түсінік хат
5 сынып – аптасына 5 сағат, жылына 170 сағат

Күнтізбелік тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2021 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған «Математика» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010» бағдарамасына негізделіп жасалған.
Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының ғылыми Кеңесінің 2011 жылғы 11 маусымдағы №4-02-3/1399 хаттамасымен ұсынылған “ 2010-2011 оқу жылының орта жалпы білім беретін оқу мекемелерінің сабақ берудегі негізгі ерекшеліктері туралы” әдістемелік нұсқау хатымен байланыстырылған.
Бастапқы, негізгі орта және жалпы орта ҚР МЖМС 2.003-2010 білім беру стандартына негізделген.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № 68 бұйрығы негізінде 2011-2012 оқу жылы жалпы орта білім беру ұйымдарында қолдануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізіміне сәйкес; Математика -5 (Т.А. Алдамуратова.,Е. С. Байшоланов) Алмата Атамұра 2010 оқулығына сәйкестірілген.
Ескертулер:
1)Сыныптың білім деңгейі ескеріліп бағдарламадағы ұсынылған бастапқы қайталаудан және қорытынды қайталаудан 2 сағат алынып «Проценттер» тарауына қосылған.
2) «Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тарауынан 1 сағат алынып, «Натурал сандардың бөлінгіштігі» тарауына қосылды.

СЫНЫП БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙIНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

5-сынып оқушысы:
- натурал санды өрнектiң мәнiн есептеу;
- белгiлерiн пайдаланып сандардың 2, 3, 5 және 10-ға бөлiнгiштiгiн анықтау;
- алымы мен бөлiмiн көрсете отырып жай бөлшектердi оқу және жазу;
- бөлiмдерi бiрдей жай бөлшектердi салыстыру;
- алымы мен бөлiмдерiнiң ортақ бөлгiшiне қысқарту арқылы жай бөлшектердi ықшамдау;
- қарапайым жағдайда жай бөлшектердi ең кiшi ортақ бөлiмге келтiру;
- жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану;
- разрядтарын ажырата отырып ондық бөлшектердi дұрыс оқу және оларды жазу;
- жай бөлшектер мен ондық бөлшектердiң өзара байланысын анықтау, сандардың жазылуының бiр фомасынан қарапайым түрде екiншi формасына өту;
- жиi кездесетiн сияқты қатынастарды пайдалану;
- кез келген ондық бөлшектердi салыстыру;
- берiлген разрядқа дейiн ондық бөлшектердi дөңгелектеу;
- ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану;
- жай және ондық бөлшектерi бар санды өрнектердiң мәнiн есептеу;
- берiлген санның процентiн, процентi бойынша санды табу;
- сандардың қатынасын процент арқылы өрнектеу, проценттi бөлшек түрiнде жазу;
- арифметикалық тәсiлдер (бөлшектерге, процентке берiлген негiзгi есептермен бiрге) мен теңдеулер көмегiмен мәтiндi есептер шығару;
- күрделi емес комбинаторикалық есептердi шығару барысында қажеттi варианттарды таңдай алу, өз ойын жеткiзе алу;
- арифметикалық ортаны, моданы, медиананы, ауқымды табу;
- сәйкес формуланың көмегiмен шамалардың мәнiн есептеу;
- геометриялық фигураларды ажырата алу және салу;
- сызғыштың, бұрыштың, траспортирдiң, циркульдiң көмегiмен күрделi емес өлшеулер мен салуларды орындау;
- амалдардың компоненттерi арасындағы тәуелдiлiктер негiзiнде теңдеулер шешу;
- берiлген санның процентiн, процентi бойынша санды табу;
- сандардың қатынасын процент арқылы өрнектеу, проценттi бөлшек түрiнде жазу;
- арифметикалық тәсiлдер (бөлшектерге, процентке берiлген негiзгi есептермен бiрге) мен теңдеулер көмегiмен мәтiндi есептер шығару;
- ”процент” терминiн қолдану және оның күнделiктi өмiрдегi қолданымына мысалдар келтiру бiлiктерiн меңгерулерi тиiс.

Оқу-әдістемелік күнтізбелік жоспары
5-сынып
Математика
Аптасына -5 сағат, барлығы -170 сағат
Рет саны Сабақтың тақырыбы Сағат саны Өтілетін мерзімі Нақты өткен мерзімі
I тоқсан. 45 сағат
Қайталау. 4 сағат
1,2,3 4- сыныпта өткенді қайталау 3
4 Нөлдік үзік 1
I тарау. Өрнектер. Формулалар. 11 сағат
5 Санды өрнектер. Әріпті өрнектер 1
6 Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері 1
7,8 Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті 2
9,10 Теңдеу. Өзіңдік жұмыс №1 2
11,12,13 Формулалар 3
14 Қайталауға арналған жаттығулар 1
15 Бақылау жұмысы № 1 1
II тарау. Натурал сандардың бөлінгіштігі. 15 сағат
16,17 Натурал санның бөлгіші. Натурал санның еселігі 2
18,19 Қосындының және көбейтіндінің берілген санға бөлінгіштігі 2
20 2, 5 және 10 сандарына бөлінгіштік белгілері 1
21 3 және 9 бөлінгіштік белгілері 1
22 Жай сандар, құрама сандар 1
23 Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу 1
24,25 Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар 2
26,27 Ең кіші ортақ еселік 2
28 Мүмкін нұсқаларды іріктеу 1
29 Қайталауға арналған жаттығулар 1
30 Бақылау жұмысы №2 1
III тарау. Жай бөлшектер. 24 сағат
31,32 Шеңбер және дөңгелек 2
33,34 Үлестер. Жай бөлшектер 2
35,36 Жай бөлшектереге есептер 2
37,38 Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшекті қысқарту. 2
39 Бақылау жұмысы № 3(I тоқсандық) 1
40 Пысықтау 1
41,42 Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшекті қысқарту 2
43,44 Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер. Аралас сандар 2
45 Координаталық сәуле. Жай бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу
II тоқсан. 35 сағат
46 Координаталық сәуле. Жай бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу 2
47,48,49 Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру 3
50,51 Жай бөлшектерді салыстыру 2
52 Қайталауға арналған жаттығулар 1
53 Бақылау жұмысы № 4 1
54 Пысықтау 1
IV тарау. Жай бөлшектерге амалдар қолдану. 55 сағат
55,56,57,58,59 Жай бөлшектерді қосу 5
60,61,62,63 Аралас сандарды қосу 4
64,65,66,67,68 Жай бөлшектерді азайту 5
69,70,71,72 Аралас сандарды азайту 4
73 Аликвоттық бөлшектер 1
74,75,76 Қайталауға арналған жаттығулар 3
77 Бақылау жұмысы № 5 (II тоқсандық) 1
78 Пысықтау 1
79,80 Жай бөлшектерді көбейту 2
III тоқсан. 50 сағат
81,82,83 Жай бөлшектерді көбейту 3
84 Өзара кері сандар. Өзіндік жұмыс № 2 1
85,86,87,88 Санның бөлігін табу 4
89 Бақылау жұмысы № 6 1
90 Пысықтау 1
91,92,93,94,95 Жай бөлшектерді бөлу 5
96,97,98,99 Бөлігі бойынша санды табу 4
100,101 Бірлесіп орындалатын жұмыстарға еспетер 2
102,103,104,105 Бөлшектерге есептер шығару 4
106 Бақылау жұмысы № 7 1
107,108,109 Пысықтау 3
V тарау.Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерге амалдар қолдану. 36 сағат
110,111 Бөлшек сандардың ондық жазылуы 2
112,113 Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. 2
114,115 Ондық бөлшектерді салыстыру 2
116,117,118,119 Ондық бөлшектерді қосу 4
120,121,122,123 Ондық бөлшектерді азайту 4
124,125,126 Ондық бөлшекті натурал санға көбейту 2
127,128 Қайталауға арналған жаттығулар 2
129 Бақылау жұмысы № 8 (III тоқсандық) 1
130 Пысықтау 1
IV тоқсан. 40 сағат
131,132,133 Ондық бөлшектерді көбейту 3
134,135 Ондық бөлшекті натурал санға бөлу 2
136,137,138 Ондық бөлшектерді бөлу 3
139,140 Сандардың жуық мәндері. Сандарды дөңгелектеу 2
141,142 Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы модасы 2
143 Қайталауға арналған жаттығулар 1
144 Бақылау жұмысы № 9 1
145 Пысықтау 1
VI тарау. Проценттер. Бұрыштар. 15 сағат
146 Процент. 1
147,148 Берілген санның процентін табу 2
149,150 Проценті бойынша санды табу. 2
151,152 Бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу. 2
153,154 Процентке берілген есептер 2
155,156 Бұрыш. Бұрыштың градустық өлшемі. Транспортир 2
157 Бұрыштардың түрлері. Үшбұрышты сызғыш. 1
158 Дөңгелек диаграмма 1
159 Қайталау 1
160 Бақылау жұмысы № 10 1
Қайталау. 10 сағат
161 Өрнектер, формулалар 1
162 Натурал сандардың бөлінгіштігі 1
163,164 Жай бөлшектер. Жай бөлшектерге амалдар қолдану 2
165 Бақылау жұмысы № 11 (5-сыныпта өтілген материалдарды қорытындылау) 1
166,167 Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектерге амалдар қолдану. 2
168 Процент 1
169,170 Қорытындылау 2

I тоқ II тоқ III тоқ IV тоқ барлығы
Бақылау жұмысы 4 2 3 3 12
Өзіндік жұмысы 1 - 1 - 2

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.