Human Growth Hormone
Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.
8 Апрель 2012 – 18:58 | Комментариев 58

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Басты тақырып, Басқа пәндер, Информатика, Педагогика, Ұстаздар шығармашылығы

Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.

Опубликовал в 8 Апрель 2012 – 18:58Комментариев 58
Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик ұстаздар өз беделін көтерді. Информатик ұстаздар,  осы сайт арқылы, Қазақстандағы ақпараттық ортада өздерінің алдынғы қатарда екендіктерін көрсете білді. Информатик ұстаздар сайты қандайда бір пайда табуды көздемейді. Сайт админі мен де информатик мұғаліммін.

Сайтқа тіркеліп сабақтарыңызды салыңыздар. Басқаларға жақсылық жасайсыз, өзіңіздің мәртебеңізді өсіресіз.

2006 жылы Қазақстанның әр түкпіріндегі ұстаздар Информатиктердің интернеттегі ерікін бірлестігінқұрған едік.
Мақсаты: Информатикадан қазақша сабақтардың қорын құру, жас ұстаздарға көмек беру және өзара қолдау жасау.

Оның белсенді мүшелерінің жұмыстарын осы сайттан көріп отырсыздар, ал олардың өздері сайттың құрмет тақтасында тұр.

ИИЕБ мүшелері бір-бірінің сұрақтарына білгенінше жауап беруге, файл-құжаттар, жоспарлар, информатикадан аттестациялық тестілер, антивирус-программаларының кілттерін, конкурсқа қатысқандар немесе интерактив сабақ өткізгендер тәжірибесін, ақыл-кеңесін т.б тегін беруге, алуға, алмасуға, бөлісуге, бір-бірінің жаряланған сабақтарына пікірлер жазуға ерікті түрде міндеттеме алады. Біздің басқаруымызбен арнаулы сайттағы (мысалы: www.elp.kz) интерактив-бөлме арқылы өзіміз де, оқушыларымыз да онлайн-сұқбат өткізеді.

Сайтқа мақала слау үшін оған мүше болып тіркелу керек. Мақалаңыз сайтқа шыққан кезден бастап ИИЕБ мүшесі боласыз. Сайтқа жіберген әр жұмыстың басқы жағына (жоғарғы колонтитул) автор туралы толық мәлімет жазыңыздар.

Жаңа жұмыстарыңызды [email protected]  e-поштасынае жіберіңіздер немесе осы сайтқа тіркеліп өздеріңіз сала беріңіздір.

Бұл сайт Информатик мұғалімдерге арналғандықтан, информатика сабақтарына басымдық беріледі. Басқа пән мұғалімдері де сабақтарын өз мектептеріндегі информатик-мұғалімнің көмегімен жіберсе жариялана береді.

Егер, информатикадан өзіңіз құрастырған есебіңіз болса осы сайттың Паскаль туралы бөліміне жарялаңыз немесе төменде көрсетілген е-майлға жіберіңіз.
Есеп еш жерде (кітаптарда, журналдарда, газеттерде, сайттарда, ЖОО лекторларының дәрістерінде) жарияланбаған болуы керек. Егер есебіңіз сапалы болса, есептер саны жеткілікті жинақталған соң өз сайтымыз арқылы олимпиада ұйымдастырамыз. Бұл жұмыс информатик мұғалімдердің шығармашылық қабілетін дамытуына әсер етеді деп ойлаймын.

Сайтымыз былтырғы дәрежеден асып түскенін қуанышпен хабарлаймын. Сайтқа шыққан сабақтар үшін сертификат Білім министрлігінің бөлімдерінің (аудандық/қалалық білім бөлімдері, мектеп, колледж, университет, мұғалімдердің білім жетілдіру институттарының) пән бойынша әдіскер маманының тексеруінен өткендеріне ғана беріледі. Ол үшін осы аталған мекемелердің ішінде сертификат алғысы келетін мұғалім жұмыс істейтін білім мекемесімен “Информатик ұстаздар” сайты арасында шығармашылық одақ ұйымдастырамыз.  Сертифкатты осындай жолмен беру арқылы мақалаңыздың (жаряланған сабағыңыздың) мәртебесі жоғары болатынына кепілдік жасаймыз.

Осы сайтты казнетке шығаруға көмектескен “Ұлағатты Ұстаз. Естеу Нүсіпбеков.” сайтының авторы Нүсіпбеков Ержан мырзаға өз атымнан және Информатик ұстаздар атынан алғыс білдірем.

Сайтқа мақала салу

Сайтқа жеке сурет қою

Сертифкат туралы

Автор Туралы

Ұқсас тақырыптар:

Комментариев 58 »

  • Ержан Нүсіпбеков пишет:

    Өте жақсы идея екен. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін.

  • Венера Ордина пишет:

    Бастаманызға ақ жол тілеймін. Информатиктер Информатикадан қазақша сабақтардың қорын құру, жас ұстаздарға көмек беру және өзара қолдау жасау мақсатын қолдап көмек берері сөзсіз деп ойлаймын. Іске сәт құрметті информатика пәнінің оқытушылары.

  • Надирова Фарида пишет:

    Жаңа сайт құтты болсын САЙТ АДМИНІ!!!
    Міндетті түрде сайтыңыз танымал болады. Информатиктер негізі жатпайтын халық қой ))
    Сайтқа шығармашылық табыс тілеймін. Сайт табысты болса, біздіңде бір жұмысымыз жеңілдеп қалар. )))

  • Aibobek пишет:

    Жаңа сайт құтты болсын! Бұрынғы сайт сияқты ұстаздардың сенімді серігі болсын!

  • Nazgul пишет:

    Құрметті ағай! Бұл сайттағы ұсынылған ақпараттар өте маңызды. Осы Сіздің сайтыныз арқылы қаншама қажет дүниелер пайдамызға жарап жатыр! Осы сайт арқылы әріптестерімізбен кауыштық! Өзіңізге денсаулық, табыс тілеймін. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

  • Бакыт пишет:

    Өте жақсы қуанарлық дүние екен. Іске сәт.

  • Кулайхан Избасарова пишет:

    өте жақсы сайт сіздерге табыс тілеймін. Жаңа оқу жылы құтты болсын!Барлықтарыңызға шығармашылық табыс тілеймін.

  • Ерлан Мадигалиев пишет:

    Қадірменді әріптестер!!! Сіздердің жұмыстарыңызға шығармашылық табыстар тілеймін.

  • Венера, Айбөбек, Фарида, Назгул - бұл ұстаздар сайттың бұрыннан келе жатқан авторлары. Қолдауларыңызға алғысым шексіз.

    Күлайхан, Ерлан, Бақыт сияқты жаңа қолданушылар, хош келідіңіздер сайтқа!

    Ержан - сайттың спонсоры, нағашымның баласы жарап тұрсың!

  • Смагулова Айнур пишет:

    Өте қуаныштымын. Жұмыстарыңызға шығармашылық тілеймін!!!

  • Пернеева Айжамал пишет:

    ИИЕБ-ға үлкен табыс тілеймін. Осы саит арқылы қаншама информатиктерге көмек қолын созасыздар және тәжірибе аламасуға өте қажет деп ойлаймын.Коп рахмет сіздерге.Табыс тілеймін.

  • Гулмира Өтеп пишет:

    Сайтка табыс тілеймін! Информатиктердің сенімді серігі болады деп сенемін. Жаңа оқу жылы құтты болсын. Шығармашылық тілеймін.

  • Туғанбаева Бақытгул Хайдарқызы пишет:

    2011-2012 жаңа оқу жылдарын құтты болсын! Сайт информатика мұғалімдеріне өте қажетті көмекші құрал, әріптестерге табыс тілеймін және рахмет

  • Raushan пишет:

    Мен өте қуаныштымын. Сайтқа табыс тілеймін. Бұл Қазақстандағы ең танымал сайттардың бірі боларына сөз жок! Ағайға, әріптестерімнің жұмыстарына шығармашылық табыс тілеймін!

  • adminn пишет:

    Жаңа сайттарың кұтты болсын. Сайтқа тек қана табыс тілеймін. Сайттан біздер өте қажетті материалдар алып отырамыз, әріптестерімізге шығармашылық табыстар тілеймін!

  • Zhanna пишет:

    Осы сайтқа алғысым шексіз, пайдалы ақпарат өте көп, өркендеуін тілеймін

  • Разия Собалакова пишет:

    Infust.kz сайтына алгыс билдиремин. Агай, сизге улкен рахмет! Осы сайт аркылы сабагымызга катысты материалдыр алып пайдаланып жатырмыз. Болашакта да улкен жетистиктерге жете бериниз! Ариптестериме де жумыстарына табыс тилеймин!

  • inust пишет:

    Жылы сөздер айтқан жылы жүздеріңізге рахмет, бақытты болыңыздар!

  • 197875 пишет:

    Салеметсиздер ме?Сертификатка тапсырыс бергим келип еди.Аудандық білім басқармасының информатик-әдіскерінің келискенин сизге калай дәлелдейміз?

  • АББ маманы маған хабарлассын 87025493013 немесе менің е-поштамды беріңіз

  • Cәулетайұлы Еркебек пишет:

    Ассаллаумагаикум! мен 11 - сыныптарға арналған госстандарт бойыннша информатикада электрондық құрал әзірлеу. бұл менің дипломдық жұмысым маған 11 - сыныптарға арналған госстандарт жайлы матиралдар тауып бере аласыздарма өтініш

  • Толганай Тургамбекова пишет:

    Сәлеметсіздерме! Қадамдарыңыз сәтті болсын! Еңбектеріңізге табыс тілеймін.

  • Айтжанова Перизат Тұрдымұратқызы пишет:

    рахмет! Сайттарыңыздың жолы ұзағынан болсын!

  • Өте керемет сайт!!! Маған ұнады. Еңбектеріңізге табыс тілеймін! Игі бастама ешқашан өз жұмысын жоймасын!

  • Ерғали Құрманғалиев пишет:

    Өте керемет идея! Бұл сайттың ұстаздар мен оқушыларға, жалпы елімізге тигізер пайдасы мол. Сайттың қолданушылары көбее берсін! Аға, еңбектеріңіз жемісті болсын!

  • Raushan пишет:

    Маган педагогика-психологиядан тесттермен комектесиниздерши

  • Жаңа сайт құтты болсын! Еңбектеріңізге жеміс, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін.

  • inust пишет:

    Толғанай, Перизат, Ләззат, Ерғали, Раушан, Роза сіздерге рахмет! Сіздер сяқты, айналасына немқұрайды қарамайтын жандардың арқасында бұл сайт жүріп тұр.

  • Гулия пишет:

    Ал менде осындай 9 сынып бар. Егер, информатиктарде қызықты және сапалы жоспарлар жіберсе, неге оларға сайт атынан сертификат бермеске?

  • inust пишет:

    Сертификат мәселесі шешіледі.

  • Жанболат пишет:

    МҰҚАМЕТЖАН АГА ҚАЛЫҢЫЗ ҚАЛАЙ МЕНІҢ БІР СҰРАҒЫМ ҚАЗАҚША САЙТ ҚАЛАЙ ҚҰРУҒА БОЛАДЫ. КАНДАЙ САЙТТАН ТАБУҒА БОЛАДЫ

  • inust пишет:

    http://www.idhost.kz осы жерден қазақша тегін сайт ашуга болады

  • Сатымбеков Бахытжан пишет:

    Сәлем!
    Мен сайтқа табыс тілеймін. Жақсы екен. Осындай сайт керек еді бізге ИНФОРМАТИКТЕРГЕ. Осы сайтты ары қарай дамыту біздің қолымызда.Баршамыз соған ат салысайық!!!

  • Бекбатырова Назгуль пишет:

    Cәлеметсіздерме әріптестер! Еңбектеріңізге жеміс, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін.

  • Нурмаханова Нурия пишет:

    Маган унады,менде болашак инфарматика маманынын мугалимимин Сиздерге улкен табыс тилеим!!!

  • Жолдасбекова Нуршат пишет:

    Салеметсиздер ме?! Мен бұл сайтка биринши марте кирип отырмын, өте керемет! Жұмыстарыныз алға баса берсин!

  • салеметсіздер ме! мен бул сайтқа бірінші рет кіріп отырмын сіздерге тілейтінім жұмыстарыныз алға бассын!! саттілік тілеймін!

  • arman0976 пишет:

    Сіздерге көп рахмет айтамын.Сайттарыныз өте ұнады.Жұмыстарынызға табыс тілеймін.

  • Курманбаева Зейнеп пишет:

    Информатиктерге арналған жаңа сайт құтты болсын! Барлық инфформатиктер мен ұстаздар қауымын алда келе жатқан кәсіби меркелеріңізбен құттықтаймын.Толағай табыстарға жете беріңіздер!!!

  • Ассалаумағалейкум құрметті информатик ұстаздар. ұстаздық жолымды жаңа бастап жатырмын. маған көмектесіп 8 және 10(гуманитарылқ бағытқа) сыныптарға күнтізбелік жоспарларыңыз болса бөлісіңіздерші? бұл орыс сыныптары болғандықтан жоспарда орыс тілінде болса тіптен жақсы болар еді. Алдын ала рахмет! егер көмектесемін дайын жоспармен бөлісемін десеңіздер міне бұл менің электронды жәшігім. [email protected]

  • Айтбаева Айсулу Балтабайқызы пишет:

    Сайт өте жақсы құрылған. Шығармашылық табыс тілеймін.

  • Роллан Баяхметов пишет:

    Сайттарыңыз құтты болсын! Осы сайт арқылы барлық информатиктер үлкен натижеге жетіп білікті маман болайық! Мен биыл бірінші жыл осы пәннен мұғалім болдым! Жас ұстаздарға беретін ақыл кеңестеріңізді білгім келеді.

  • altyna пишет:

    салеметсизбе сайт админ!!! Маған информатикадан 2012-2013 жылға арналған әдістемелік нұсқау хат, стандарт, бағдарлама болса беринизші менин почтам [email protected]

  • Бибигул Нургалиева пишет:

    Cәлем әріптестер! Бул сайтка муше болганыма оте куаныштымын! Барлықтарыңызға шығармашылық табыс тілеймін! Бибигул Жомартқызы.

  • Arsen777 пишет:

    Привет!Касперские группы предлагает Антивирус Kasperyandeks version 180 дней. и аваст! 1.год windows 7/8 MS Office 2003/2010/2013 на сайте http://kasperavgg.ucoz.ru

  • Назира пишет:

    Пән бойынша күнтізбелік жоспар болғанымен күнделікті сабақ жоспарын жазу үшін оқулықтар , әдістемелік құралдар мүлдем жоқ десе болады. Сіздердің сайттарыңыздағы мәліметтер бұл олқылықтың орнын толтыруға болады екен. Шығармашылық топтарыңызға зор табыс тілеймін

  • Назира Жамангарина пишет:

    Сайттарыңызға міндетті түрде тіркелемін.

  • Назира Жамангарина пишет:

    Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық білім бөліміне қарасты мектептердің информатик мұғалімдеріне осы сайт туралы айтып, тіркелсе өздеріне қажетті әдістемелік көп көмек алатындарын айтамын.

  • inust пишет:

    Аскар, Айтбаева Айсулу, Роллан Баяхметов, Бибигул, altyna, Назира Жамангарина сіздерге көп рахмет, бақытты болыңыздарІ!!
    Админ.

  • Ақжүніс пишет:

    Құрметті Мұхаметжан мырза! Сайттарыңыз информатиктер мен ұстаздар қауымына ғана емес, өскелең ұрпаққа, мектеп оқушыларына өте керекті сайт екен. Қажетті ақпаратты көптеп ала алады. Бүгінгі заманда интернеттің пайдасынан гөрі зиянына бой алдырып жүрген жастар өте көп, сондай зиянды сайттардан жастарымызды сақтандыру үшін де, өз білімдерін тереңдету үшін де Сіздің сайтыңыздың ролі ерекше болмақ. Осы мақсаттағы жұмысыңыз алға оза берсін!

  • muhtar77 пишет:

    Ассалаумағалекум! Сайт қызметкерлері! Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Т.Рысқұлов атындағы ОМ МДШО-ның информатика пәнінің мұғалімі Тұрғынбаев Мұхтардан жалынды сәлем! Шығармашылық табыс тілеймін!
    Осы сайтқа жаңадан тіркелдім! Өзімнің тәжірибемнен және де Сіздердің тәжірибе алмасуға дайынмын!

  • Багдагуль пишет:

    Тәжірибе алмасу, пікірлесуге, әсіресе жас мамандарга тиер көмегі мол. Ұйымдастыру алқасы, әріптестерімізге, сайт қызыметкерлеріне алғысымыз шексіз.
    Жұмыстарыңызға тек сәттілік тілеймін!

  • inust пишет:

    Рахмет Бағдагүл, бақытты болыңыз!

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.