Махаббат биік шың

Махаббат биік шың ғои адам жетпес,
Махаббатқа есшқандай сезім жетпес.
Махаббаттың жақсысы бар, жаманы бар,
Махаббаттың тәттісі бар ащысы бар.

Сол биікке жетерсің сенде бір күн,
Жетерсіңде, жыларсың қиналарсың.
Өкінерсің қайдан ғана кездестім деп,
Махаббатсыз өмірім жақсы екен деп.

Бірақ шыда бұл сезім қлы сезім,
Ұлы сезім және де жылы сезім.
Жүрегіңе жылулық сыйлайды екен,
Сол жылумен жүрерсің сен де еркін.

Махаббатсыз өмірдің бәрі бекер,
Махаббаттың болса егер гүлдене бер.
Сол махаббат сені әрдайым қорғай жүрер,
Сен де қорға әрдайым қадірлей бер.

“Махаббат жоқ”! – дейдғой кей адамдар,
Махаббат әрине бар қорықпаңдар.
Махаббатқа сенбейміз дегендері,
Қалған ғой сол сезімнен көңілдері.

Дос – өмірдің тірегі.

Доспен әркез ойнап-күліп жүремін,
Доссыз айтшы қалай өмір сүремін.
Досым болса әрқашанда күлемін,
Күлемінде бақытты боп жүремін.
Өз досымды жан-тәніммен сүйемін,
Досым үшін әр нәрсеге күйемін,
Досым барда шалқып өмір сүремін!!!

Өмірде болады екен әрқандай дос,
Шыншылы да, адалы да, арамы да,
Сұмдығы да, харамы да, наданы да.
Ал, менің достарыма сөз жетпейді,
Сөз жетпейді ешқашан тіл жетпейді,

Әсем, Фако – міне бұлар жан-достарым,
Бұлар менің өмірім, сөнбес бағым.
Сүйіп өтем, күйіп өтем құрбыларым,
Сендер үшін  бәріне бұрыламын.

Сендер үшін ауырады жұрегім,
Сендерді ойлап сағына да жүремін,
Достарым-ау сендерге тек тілерім,
Бақытты боп, күліп- ойнап жүргенің!!!

13 комментариев к “Махаббат биік шың”

  1. Ренжімеңіздер, әдемі жазыпты, дегенмен маған ұнағаны шамалы. Себебі ұйқас онша емес, қоғамда кесдесіп жатқан оңай сөздер, тіпті жай ғана терілген қара сөз… Өлеңде қара сөз маржандай тізіле кету керек. Бұл менің пікірім, ренжімессіздер. Өзім өлең шығаратын болғандықтан осылай сынауды ұйғардым…

Оставить комментарий