10 Август 2011 – 18:58 | 47 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Сыныптан тыс жұмыстар, Таңдаулы

Информатика. «Компьютерді озат меңгерген сынып» (стс).

Опубликовал в 12 Сентябрь 2011 – 18:57Пікір жоқ
Бұл мақала 9333 рет оқылды, 1 рет бүгін

Кулушева Нұрғайша Жәдігерқызы

Л. Қлышев атындағы орта жалпы білім

беретін мектептің математика, информатика

пәнінің мұғалімі

Сабақтың көрнектерін көшіріп алыңыз.

Сабақтың мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;

Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату

Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ

Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер, радио-пульттер

Қатысушылар 9а,б сынып оқушылары.

Жүргізушілер: 10 сынып оқушылары

Әділқазылар мүшелері: 10 сынып оқушылары мен математика, информатика пән мұғалімдерінен құралған 5 мүше.

/Музыкамен қарсы аламыз./

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан математика, физика, информатика пәндерінің апталығына қош келдіңіздер! Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 9 сынып оқушылары «Компьютерді озат меңгерген сынып» атты сайыста білімдерін сынамақ. Олай болса ойыншыларымызды таныстырайық. Әр сыныптан екі оқушыдан шығады.

9 а сыныбынан:

9 б сыныбынан:

Ойын барысымен таныстырамыз Слайд шоу

1-тур. «Келесі» Информатика ғылымын екі тілде меңгердік!

2-тур. «Қай сөз артық?»

3-тур. Көрермендермен ойын

4-тур. «Полиглот»

5-тур. Сиқырлы суреттер

1-тур. «Келесі». Екі тілде сұрақ қойылады. Жауабын білмесеңдер, «Келесі» деп айтасыңдар, сол кезде сұраққа келесі сыныптың сайыскерлері жауап береді. Әр дұрыс жауапқа сыныпқа 5 ұпайдан қосылады.

1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

2. Сколько байт в одном килобайте (1024)

3. Сурет салуға арналған программа (пайнт)

4.Программа который находит и уничтажает вирусы (антивирус)

5. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)

6. Центральное устройство компьютера (системный блок)

7.Компакт-дискіні оқуға арналған программа (CD-ROM)

8. Устройство для записи звука (микрофон)

9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)

10. Сколько бит в одном байте (8)

11. Екілік жүйесінің сандары (0,1)

12. Небольшая программа которая припысывает себя к другим программам (вирус)

13. Адам мен компьютердің қарам-қатынас тілі (интерфейс)

14. Техническое устройство предназначенное для подключения к Интернету (модем)

15. Ең алғашқы программаны жазған (Ада Лавлейс)

16. Папка, в которую временно попадают удаленные объекты (корзина)

17. Жергілікті желімен жұмыс жасауға арналған қапшық (Желілік орта)

18. Первую вычислительную машину изобрел ()

19. Бейне материалдардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)

20. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама (WORD)

2-тур. «Қай сөз артық?». Тақтада 4 сөзден анаграмма түрінде берілген. Артық сөзді табу керек. Әр сөзге 2 ұпайдан, тапсырмаға 3 ұпай.

1. терчесвин – винчестер, такедис – дискета, акткомксиди – компакт – диск, сорецпро – процессор («процессор» сөзі артық. Ол ақпарат сақтайтын құрылғыға жатпайды.)

2. рептьюкром – компьютер, тамикатема – математика, азакиф – физика, лиягоибо – биология («компьютер» артық. Л пәнге жатпайды.)

3. марамгроп – программа, кышма – мышка, дакротре – редактор,енюм – меню («мышка» артық. Ол құрылғы.)

4. вочдека – девочка, инрпрет - принтер, чижмуна – мужчина, чунеки – ученик («принтер» артық. Ол құрылғы.)

3-тур. «Көрермендермен ойын».

Сайыскерлер 2-турдың тапсырмасын орындау барысында, көрермендерге компьютерлерге орнатылған кроссвордтар ұсынылады. Әр топқа 10 сұрақтан тұратын бір кроссвордтан. Әр дұрыс шешілген сұраққа 5 ұпайдан.

4-тур. «Полиглот».

Жас өркендердің тіл білімін тамашалайық. Қойылған сұрақтың жауабын үш тілде айту керек: қазақ, орыс, ағылшын тілінде.

10 ұпайға:

5-тур. «Сиқырлы сурет». Әр суреттің астында тапсырма.

«Excel» программасының көмегімен есептеңіз.

Әділқазы мүшелері оқушылардың жинаған ұпайы бойынша жеңімпаз сыныпты аяқтап, ең көп ұпай жинаған сыныпқа, «Компьютерді озат меңгерген сынып» атағын береді.

 

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.