Өткен жылдар жемісі. Тәуелсіз Қазақстаның тарихи кезеңдері (ТС материалдары).
5 Ноябрь 2013 – 09:32 | Нет комментариев

Саирова Назира К. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы білім бөлімінің әдіскері.
1990- 25 қазанда Қазақстан Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991-Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
16-желтоқсанда Қазақстан республикасы жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»-деп …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Физика

Тапқыр достар. Физикадан қорытынды кеш.

Опубликовал в 13 Апрель 2013 – 08:15Нет комментариев
Тапқыр достар. Физикадан қорытынды кеш.

Ляззат Акашаева Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы  №5 жалпы білім беретін орта мектебі.

«Білім – болашақ бастауы»
«Тапқыр достар» сайысы

Мақсаты:
Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету, қатысушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау, ұйымшыл болуға  тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабағы
Көрнекілігі: слайд, интерактивтік тақта

1-жүргізуші:   
Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды өскен жерге.
Жансызға жан бітіріп, қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.

2-жүргізуші:
Физика - табиғаттың тілі екен ғой,
Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой.
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,
Бәрінің бағынары физика ғой.

1-жүргізуші:
Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі математиканы оқы дер ем.

2-жүргізуші:
Бүгін де нақты ғылым барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!

Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, оқушылар, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайысқа қатысушылар.
Бүгінгі         «Білім – болашақ бастауы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Армысыздар, қымбатты төрешілер.
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер де әділ баға берерсіздер- Сайысымыздың әділ бағасын беріп отыратын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. Математика пәнінің мұғалімдері:
Кенжегарина Дина апай
Тлегенова Алуа  Ескалиевна

Сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар:

  1. «Сәлем сөздің атасы» топтардың таныстыруы.
  2. «Білгенге маржан» бұл бөлімде екі топқа сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай қосылады.
  3. «Формулалар сыры» Формулаларды құрастыру қажет.
  4. «Байқап қал» физикалық және математикалық құралдардың суретін қарап, содан  соң қандай құрал екенін жазу. Қай топ көп сөз жазады.
  5. «Мақал-сөздің мәйегі» суретке байланысты мақал құрастыру.
  6. «Ғажайып ұяшық» ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру.
  7.  «Тапқыр достар» берілген сөздерді ыммен түсіндіру қажет.
  8. «Сиқырлы бейнелер» үлестірме карточкалар беріліп, тапсырмасын орындап, тақтаға дұрыс жауаппен сәйкестендіреді.

1 бөлімінде екі топ өздерін таныстырады. «Алгоритм» және «Логарифм» топтары таныстыруы мен ұранын айтады.

«Білгенге маржан» бөлімі
І топтың сұрақтары:

  1. Жарық жылдамдығы неге тең? (3*108 м/с)
  2. Аты бар байттар тізбегі? (файл)
  3. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал? (психрометр)
  4. Үш ат жегілген шана 1 сағатта15 кмжүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай? (15 км/сағ)
  5. Дүниежүзілік желі? (интернет)
  6. Молекулалары белгілі тәртіппен орналасқан зат күйі (Қатты)
  7. Зиянкес программа қалай аталады? (вирус)
  8. Бір кішкене қыз атасынан, сіз нешедесіз деп сұрады. Сонда атасы: «менің жасымды алты есе кемітіп, 6-ны алса, 6-ға тең болады» депті. Сонда атасы неше жаста болған? (72 жаста)
  9. Вольтметр тізбекке қалай жалғанады? (параллель)
  10. Математикаға «Алгебра» атауын кім енгізді? (Омар Хаям)

ІІ топтың сұрақтары

  1. Авагодро тұрақтысы неге тең? (6,02*1023моль-1)
  2. Амперметр тізбекке қалай жалғанады? (параллель)
  3. Белгілі бір пішін мен көлемі болмайтын күй? (газдар)
  4. Пернетақтадағы ең ұзын перне қалай аталады? (бос орын, пробел)
  5. Өшірілген объектілерді сақтайтын папка қалай аталады? (себет).
  6. Кернеуді өлшейтін құрал? (вольтметр)
  7. Үш қабырғасы бойынша ұшбұрыштың ауданын есептейтін формуланы ұсынған ежелгі грек оқымыстысы.(Герон)
  8. Бөрененің ұзындығы120 см. Оның 1/3 бөлігін кесіп тастады. Қалған бөлігінің ұзындығы қанша? 120*1/3=40,120см – 40см =80 см
  9. 36 км/сағ-та қанша м/с бар?    (10 м/с)
  10. Молекулалардың таралуы немесе жайылуы (диффузия)

«Формулалар сыры» бөлімі

Бұл бөлімінде тақтадағы физикалық шамалардан 1 минуттың ішінде формулалар құрастырып, формуланың атын атау қажет. Ньютонның ІІ заңы, жылдамдықтың формуласы, Менделеев-Клапейрон теңдеуі, қысымның формуласы, ауырлық күші, серпімділік күші, сызықтық жылдамдықпен бұрыштық жылдамдықтың қатысы, МКТ-ның негізгі теңдеуі, импульстің теңдеуі т.б.

Физикалық  шамалар:
Ғ m m a P V M  R T F m g  F k  x  p F  S ϑ ϑ λ T s t  p n   m ϑ 2

«Байқап қал» бөлімі
Тақтадағы физикалық және математикалық құралдардың суретін қарап, содан соң қай топ көп  құралдың суретін есте сақтап жазады, сол топ ұтады. Амперметр, сағат, мензурка, динамометр, термометр, сызғыш, циркуль, шам, пернетақта, маус, колонка.

«Мақал-сөздің мәйегі» бөлімі
 Тақтадағы сурет бойынша немесе мақалдың жалғасын табу арқылы, физикалық мағынасын ашу керек.
 

  1. Тонның жылуы терісінен емес жүнінен. (жылуөткізгіштік)
  2. Қимылдаған қыр асар. (механикалық қозғалыс)
  3. Қарыстан сүйем жақын. (физикалық шама)
  4. Таумен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар. (заттың агрегаттық үйлері)
  5. Шапшаң озар, жатқан қалар. (жылдамдық)
  6. Жеті рет өлшеп бір рет кес (физикалық шама)
  7. Көсеу ұзын болса, қол күймес (жылуөткізгіштік)
  8. Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді (диффузия)
  9. Темірді қызған кезінде соқ (жылуөткізгіштік, балқу процесі)
  10. Дән себілмей астық өнбейді, дария буланбай шық түспейді (булану, конденсация)
  11. Аузы күйген үрлеп ішер (кебу процесі)
  12. Терек қисайған жағына жығылады. (деформацияның түрі, иілу)
  13. Қазан отпен, адам әрекетпен қызады. (жылуөткізгіштік)
  14. Күн шыққан соң суарған суды күн жұтады, Күн батқан соң суарған суды жер жұтады (кебу)
  15.  Жұпарды жасырғанмен иісі білінеді. (диффузия)
  16.  Айдағаның бес ешкі, ысқырығы жер жарады (дыбыстық толқын)

«Ғажайып ұяшық» бөлімі

Бұл бөлімде берілген ұяшықтың нөмірін таңдау арқылы сұраққа жауап беру керек. Таңдаған ұяшықтың сұрағына жауап берсе, сол ұпайды иеленеді.

5 ұпай: Ребус шешу.  Компас ью терезе
5 ұпай: Ребус шешу. Тақта П ара тау
5 ұпай: Қандай табиғат құбылысы негізделген?
5 ұпай: Табиғат құбылысын түсіндір, анықтама бер.
10 ұпай: әуенді сұрақ «Желсіз түнде жарық  ай» әннің аты және қандай физикалық құбылысқа негізделген?
10 ұпай: әуенді сұрақ: әннің атын тап және физикалық мағынасын түсіндіріңіз
15 ұпай:  Бұл ғалым оқыған кітаптарының жолдарында белгі қалдырып отырған.Бір күні ол оқыған кітабының жолында былай депті: «Теореманың ғажайып дәлелін таптым. Бірақ жолдың аздығынан оны келтіре алмадым». Кейіннен ғалымның жазған қағаздарының арасынан бұл теореманың дәлелдеуі табылмаған. Аталған теорема тек 1994 жылы ғана дәлелденген.
Математиктің аты жөні кім? ( Ферма)

15 ұпай: ХІХ ғасырда өмір сүрген ғалымның математикалық білімі бала кезінен оянған. Ол үш жасында өз әкесінің санағының қатесін тапқан. Жеті жасында мектепке барған және мұғалімнің берген есебін бірнеше секунд ішінде шешкен. Бұл математикті математиканың «королі» деп атаған.
Қай математик жайында?(Карл Гаусс)

«Тапқыр достар» бөлімі

Төменде келтірілген сөздерді ыммен немесе жасырын түрде жанкүйерлерге жасырады. Егер жасырған сөзді тапса, сол жауап бір ұпай болып қосылады.

Циркуль, сызғыш, сағат, кесінді, бөлшек, процент, доп, робот, кітап, мұғалім, сандар, стол, пернетақта, су, молекула,  күш, себет, перпендикуляр, табиғат, параллель

 «Сиқырлы бейнелер» бөлімі
Мұнда оқушыларға үлестірме карточкалар үлестіріледі. Сол есептерді шешіп, суретті жауаптарымен сәйкестендіреді?

І топтың тапсырмасы
№1
Автомобиль көпірден 18 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Егер көпірдің ұзындығы 180м болса, автомобиль көпірден қанша уақытта өтеді? Жауабы: 36 с

№2
4 Н күштің әсерінен  0,02м-ге ұзарған серіппенің қатаңдығы неге тең? Жауабы: 200Н

№3
Өткізгіштің ұштарындығы кернеу 6В, кедергі 2Ом.Тоқ күші неге тең? Жауабы: 3А

№4
Екі дененің қозғалысы мынадай теңдеулермен берілген: х1=3+2t және х2= 6+t. Денелер қай уақытта кездеседі? Жауабы: 3 с

№5
Бір сағатта 25 Кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қандай болу керек? Жауабы: 7 мА

№6
Кедергілері 5 және 6 Ом екі резистордың кедергісі нешеге тең? Жауабы: 11 Ом

№7
Қуаты 36 кВт іштен жану қозғалтқышы 1 сағат ішінде 14 кгкеросин жұмсады. Қозғалтқыштың ПӘК-ін табыңдар? Керосиннің меншікті жану жылуы 4,6*107 Дж/кг. Жауабы: 20%

№8
Массасы 1,5 т кірпіштен жасалған пешті 100С-тан 200С-қа дейін жылыту үшін қанша жылу мөлшері қажет? Кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығы 880 Дж/кг0С.
Жауабы: 13,2 МДж

ІІ топтың тапсырмасы

№1 Егер толқын 400м/с жылдамдықпен таралса, ал жиілігі 200Гц тең болса, онда толқын ұзындығы неге тең?
Жауабы: 2м
№2  Примуста 1 сағатта 0,3 л керосин жағады. Примустың жалпы қуаты нешеге тең? Керосиннің меншікті жану жылуы 4,6*107 Дж/кг. Жауабы: 3,83 Вт
№3

3м/с жылдамдықпен қозғалатын массасы 2кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең?
Жауабы: 9Дж
№4 Массасы 60т тарту күші 90кН реактивті ұшақтың үдеуін анықта?
Жауабы:1.5 м/с2

№5  Массасы3 кгоқ дәрі жанғанда 11400 кДж энергия бөлінген. Оқ дәрінің меншікті жану жылуын есептеңдер?  Жауабы: 3800 кДж/кг

№6  Массасы 1 кгқорғасынды балқытқанда ішкі энергиясы қаншаға артады? Қорғасынның балқу жылуы 0,25*105Дж/кг. Жауабы: 25 кДж

№7  Массасы 11 кгсу буы конденсацияланғанда қандай жылу мөлшері бөлінеді? Су буының меншікті булануы 2,3*106 Дж/кг жауабы: 25,3*106 Дж

№8  Массасы 110 кгалюминийді 940С-қыздыру үшін 9,1 кДж энергия қажет. Алюминийдің меншікті жылу сыйымдылығын есептеңдер? Жауабы: 0,880Дж/кг0С

Шеберлік пен білімді,
Сарапқа сап көріңіз.
Әділ қазы алқасы,
әділ баға беріңіз.
Әділ қазылар бағасын беріп, жеңімпаз  топты марапаттайды.

Жүргізуші:
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.

Жүргізуші:

Қадірлі ұстаздар, оқушылар сайыскерлер үшін атсалысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңда бір рахмет айтамыз.
Ғылым дами берсін ғаламдағы
Білімді үйренейік жаңа замандағы
Аман сау тұрыңыздар осыменен
физикалық шоуымыз тәмамдалды
Кештің көрнекілгін көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.