10 Август 2011 – 18:58 | 47 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика

Компьютерді вирустардан қорғау

Опубликовал в 26 Май 2012 – 21:39Пікір жоқ
Бұл мақала 1273 рет оқылды, 1 рет бүгін

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,Мақаншы ауылы, « Сейфуллин атындағы орта мектеп-бақша »КММ. Жоғарғы санатты информатика пәні мұғалімі Бекишева Ғазиза Есенқызы.

Сабақтың тақырыбы:  Мақсаты : а) оқушыларға компьютерлік вирустардан қалай қорғану керек екендігін
түсіндіру, вирустың не екендігін, ол қайдан пайда болатыны жайлы
мағұламат беру;
ә) оқушыларға дидактикалық материалдар, деңгейлік тапсырмалар беру
арқылы, ой-өрісін, есте сақтау қабілтін дамыту;
б) оқушыны жинақылыққа, ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Сөздік, көрнекілік, практикалық

Оқушының танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыру тәсілі бойынша: түсіндірме-көрнекі, ізденіс, зерттеушілік.

Оқыту формасы: жеке, топтық, ұжымдық.

Көрнекілік: интерактивті тақта ,оқу құралдыры, таратпа материалдар, тестік материалдар, компьютер, бағалау парақтары.
І. Ұйымдастыру кезеңдері.
ІІ. Үй тапсырмасы.
ІІІ. Өтілген материалдарды қайталау, бекіту.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
V. Жаңа сабақты бекіту ( тест, құпия сөздерді табу ).
VІ. Практикалық жұмыс. ( тест )
VІІ. Үйге тапсырма беру.
VІІІ. Оқушы білімін бағалау.
Сабақ барысы: І. Өткен сабақты қайталау.
Үйге Файлдар мен бумаларды іздеу.
1.Файл дегеніміз не? Файл – байттардың жиынтығы арқылы қатты немесе иілгіш магниттік дискіге жазылған атау.
2. Файл неше бөліктен тұрады? Файл 2 бөліктен тұрады. Олар 1- ші өз атауы, өзіміз ат берген атау, 2- ші кеңейтілуі. Ол 3 әріптен аспайды. Мыс. Арай.doc десек онда ол мәтіндік құжат екенін білеміз.
3. Қандай файлдардың кеңейтілулерін білесіз? Мыс: bmp.- графикалық, xls.- кестелік процессор, txt.- блокнот, Wav. Музыкалық файлдар.
4. Файлдар мен бумаларды жоғалтып алуымызға бола ма? Болса оны қалай іздейсіз? Басты менюден Пуск- Поиск командалары арқылы іздейміз. Өай жерден, қай құжаттан табуын көрсетіп іздеу батырмасын басамыз.
Сөзжұмбақ шешу.
1. Көлденеңінен. Ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушымен аппаратураны байланыстыратын жинақталған прог. ( ОЖ )
2. Тігінен. Командалық интерпретатор, программалық тілден « темір тілінен » аударатын аудармашы. ( Ядро )
3. Тігінен. Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. ( пернетақта )
4. Көлденеңінен. Компютерден құжаттарды жойған кезде уақытша сақталатын орын. ( себет )
5. Тігінен. Ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы. ( принтер )
6. Тігінен. Өағаз бетіне түсірілетін ақпарат жарықсезгіш жамылғысы бар айналмалы барабанға лазер сәулесі арқылы проекцияланады. ( лезерлік )
7. Көлденеінен. Бұл энергияға тәуелсіз, мәліметтерді микросұлбаларда жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін жадының түрі. ( флэшка )
Ережені аяқта. Карточкамен жұмыс.
№1- дербес комп. Жеке адамның пайдалануына арналған құрылғы.
№2- Компьютерлер буындары. Шамдыұ есептеме. Маш-І, транзисторы ЭЕМ- үлкен интегралды сызба.-5 буын.
№3- Ақпараттың еселік бірліктерін толықтыр.
1Кбайт неше байт бар 1024 б
1Мб көп пе, әлде 1кб көп пе.
№4- Тасымал комп. – жеңіл, ықшам, жұқа экранды ДК.
№5- Курсор- экранда белгілі бір операц. жүзеге асыратын орынды көрсетіп тұратын жылжымалы сілтеме белгі.
№6- Меню- экранда пайда болатын объектілер тізімі.
№7- Драйвер- сыртқы құрылғылармен байланыс жасайтын жүйелік программа.
№8- Абзац- мәтіннің құрылымдық элементі.
№9- Диск- файл түрінде берілген ақпаратты магниттік тасымалдаушы.
№10- Бит- екілік санау жүйесінің цифры.
№11- Винчестер- ақпаратты тұрақты сақтауға арналған қатты магниттік дискідегі жинақтауыштар.
№12- Қатты диск- ақпаратты тұрақты сақтауға арналған магнитті диск.
№13- Оперативті еске сақтау- программаларды, мәліметтері және жұмыс нәтижелерін сақтауға арналған .
№14- Программа- компьютерге жұмыс істеу үшін арнайы жазылған программа.
Батырмаларды қайталау. 8 батырма.
Клавишаларды қайталау. Тест.
Әріптерден сөздер құрату. ( Б,М,О,П,С,Ф,А,Ж,Н,К,И,Т,Д )
ІІ. Өткен сабақты бекіту.
ІІІ. Жаңа тақырып.
Компьютерлік вирус- өздігінен көбейюге қабілетті арнайы программа, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.
Ішінде вирусы бар файл немесе программа- зақымданған программа немесе файл деп аталады.
Вирус программаға еніп алғаннан кейін сол программаға зиян келтіріп, келесі бір программаға ауысады. Зақымданған программа басында қарапайым программа сиякты жұмыс істеп тұрады.
Компьютерлік вирустар программаларға тығылып, сол жерде көбейіп, келесі бір системаларға зиянды әрекеттерін жасауға тырысып, басқаға көше бастайды.
Осындай жағдайда біз вирустарға қарсы бағдарламалар арқылы компьютерді вирустан тазартуымыз керек. Қаншама вирусқа қарсы бағдарламалар көбейіп жатса да, бәрібір вирустардың түрлері көбейіп келеді. Мысалы: Орта есеппен 1 айда 300 вирус түрі шығады. Әрине вирустар өздігінен пайда болмайды, оны кракеры, хакерлар, программисттер жасап шығарады.

Әр түрлі вирустар әр түрлі іс әрекеттер жасайды:
- Экранға текстік хабарлама көрсетеді;
- Дыбыстық эффект беруі мүмкін;
- Видео эффект көрсетеді ( әріптердің өздігінен сырғанауы немесе немесе қар жауып тұрған бейнені келтіруі, жер сілкінген сияқты дірілдеуі, экранға түсініксіз суреттер шығаруы болады );
- Компьютермен жұмыс істеуді баяулатады. Оперативті жадтың көлемін кішірейтеді;
- Кейбір құрылғылардың дұрыс жұмыс істемеуі, комп. қатып қалуы немесе қайта жүктелуі сияқты әрекеттерді орындайды;
- Қатты дискіні форматтап, Биос-ты өшіріп, параметрлерін өзгертіп, дискілердің секторларын өшіріп, зиянды әрекеттерін құпия түрде басқа машиналарға енгізе алады;
Осы вирус жайлы порблеммаға ең алғаш 1984ж. Фреда Коэнаның « Компьютерные вирусы, теория и эксперименты » деген кітабы жарыққа шықты.
Күнделікті қадағалау болмағанның кесірінен желі арқылы вирус таралғаны әйгілі болған. Оны 1988ж. 2 қарашада Корнельский университетінің ақырғы курс студенті 23 жасар Роберт тапқан. Моррис желіде өзінің бағдарламасын таратқан. Нәтижесінде 6200 машина вируспен зақымданған.
Мекендеу ортасына қара вирустарды былай бөлуге болады.

Файлдық Жүктейтін (загрузочный) Макровирустар
Бұл қолданбалы бағдарламалардың ішіне енгізілген бағдарламалық кодтық блоктар. Вирустық бағдарлама жүктелгенде жіберіледі. Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады. Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады.

« Хочу чучу » өте қауіпті вирус ( чернобыль ) әр айдың 26-да
күшейіп қатты дискідегі мәліметтерді өшіреді.
Вирустардың түрлері:
 компаньон- вирус;
 паразитті- вирус;
 черви- вирус;
 репликатор- вирус;
 стелс ( көрінбейтін );
 призраки;
 мутантты- вирус;
 полиморфилар;
 макровирустар;
 троян- вирустар;
 монолитті- вирус т.б.;
Вируспен күресу үшін арнайы вирусқа қарсы бағдармалар жасалған. Олар: медицина тілімен айтқанда бағдарламаға диагностика жасайды, емдейді, вирусты жояды, сау, зақымдалмаған бағдарламаға « егу » жасайды.
Вирусқа қарсы бағдармалар:
 Детекторлар
 Фагтар, дизенфекторлар
 Ревизорлар
 Фильтрлі, күзетшілер

Тасымалдаушылар арқылы вирусты жұқтырмас үшін мына әрекеттерді орындаймыз. Флэшканы жүйелік блокқа орналастырамыз.
Флэш- жадыны ВИРУСҚА ТЕКСЕРУ:
1. Мой компьютер терезесін ашамыз;
2. Флэш- жадының ашылған терезесін алып тастау ( Отменить );
3. Тасымалдаушыны белгілеу;
4. Тышқанның оң жағынан Вирусқа тексеру ( сканировать ) пунктін таңдау;

Жаңа сабақты бекіту мақсатында мына құпия сөздерді немесе шатасқан әріптерді дұрыс орналастыру арқылы қорытындылайық.
Компьютерде тест тапсыру.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру. 5.5 ТАҚЫРЫП. Реферат жазу. Компьютерлік вирустар.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.