Технология. Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: «Шебер қолдар»

Дайындаған: Санимугл Жакупова. Шалқар  қаласы, 2011 жыл №3 орта мектебі

Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы:

Мақсаты: Оқушылардың білімін жан-жақты ойлау қабілеті мен технология пәні бойынша алған білімдерін ұштастыру. Өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Қажетті құрал- жабдықтар: мата,ине,жіп,қайшы,тарақ,айна,желім,түрлі-түсті қағаз.

Көреремен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап тым отыру жараса ма?
Туыс дос сыныптас дос танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талапқа
Қолыңды бекерге бос соға берме
Ойсыз соқыр сезімнің соңына ерме
Зерделеп сұрақ жауап санаңа түй
Сонда ортақ боласың бұл жеңіске.

Бүгінгі сайысымызға оқушылардың ішіндегі алғырлары мен білімділері күш сынасуға келіп отыр,ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. «Алғырлар» және «Тарқырлар» тобы.

Сайскерлерімізге сәттілік тілей отырып біздің күнделікті іс-әрекеттеріміз білімге,оқуға,үйренуге бағытталған,бірақ менің ойымша бұл қасиеттерге қоса шапшаңдық,тапқырлық қажет деп ойлаймын. Дұрыс па, балалар?!
Ендеше, білім мен өнеріне баға беретін әділ-қазыларды таныстырып өтейік:

1. Биология пәнінің мұғалімі Жандосова Ләззат Амантайқызы
2. Мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Нөкешова Дамиға Өтеуліқызы
3. ұйымдастырушы- педогог Төлегенова Гүлжайнар

1-кезең: Сәлемдесу өз топтарын таныстыру.
2-кезең: Жарнамалау. Қоржынның ішінен таңдап алынған бір затқа жарнама жасау қажет.Сонымен,жарнама бөлімін бастайық.
3-кезең: Шаштараз өнері деп аталады.Шарты шашты әдемілеп өру керек.
4-кезең: «Жорға» сайысы. Бұл сайыс ең шешуші сайыс болмақ.Сондықтан да мұқият болуға тырысыңдар. Жорға сайысының шарты 1-минут ішінде сіздерге арнап сұрақтар қойылады,дұрыс жауабын шешу сіздердің еншілеріңізде.Ендеше іске сәт,сайыскерлер.

1.Тігін машинасының неше түрі бар? (3)
2.Сүттен дайындалатын тағам түрі?(айран,қатық,кілегей т.б)
3.Мақта неше жылдық өсімдік?(1)
4.Қалталы аң?(коала)
5. Тігін машинасының ең алғаш жобасын ұсынған кім?(Леонарда до Винчи)
6. Көкөністерден жасалған тағам?(салат)
7.Қамырдан ас дайындау үшін не қажет? (ұн)
8.Қалыңдықтың бас киімі? (сәукеле)
9. Зығыр неше жылдық өсімдік? (бір жылдық өсімдік)
10. Зығырдың неше түрі бар? (үш түрі бар)
11. Матаның оң және теріс беттерін қалай ажыратуға болады? (суретіне,жылтырлығына,тегістігіне қарай)
12.Шайдың отаны қай ел? (қытай)
13. Ер адамның ұлттық аяқ киімі? (мәсі,етік т.б)
14. Бәрін тойдырады,ал өзі жемейді? (қасық)
15. Жарқылдаған қос қылыш,қолға тисе жоқ тыныш. (қайшы)
16.Үшкір және өткір заттарды басқа біреуге берген кезде қалай беру керек? (ұш жағын өзіңе қаратып беру керек.)
17.Шебер көп жерде (өнер) көп.
18. Матаның қоршаған ортадан ылғалды қабылдап алу қасиеті қандай қасиет? (ылғал өткізгіштік)
19.Қол тігісінің түрлерін атаңыз.
20.Мата неден тұрады? (талшықтан)
21. Биылғы жыл қандай жыл? (қоян)
22.Матадағы негізгі жіп пен арқау жіп қалай орналасады?
23.Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не? (үтіктеу)
24.Су бүріккіш пен дәке не үшін қажет? (Күйіп қалмау үшін)
25. Еңбек қылсаң ерінбей (тояды қарның тіленбей)
26.Кесте тігу үшін қандай еңбек құралдар ы қажет? (мата,кергіш,ине ,жіп,қайшы.)
27. Ас үй құрал –жабдықтарын атаңыз. (қасық,пышақ,шанышқы,тақтай,т.б.)
28. Саусаққа киетін құрал? (оймақ)
29. Егде жастағы әйелдің бас киімі? (кимешек)
30.Қой терісінен тігілген ер адамдардың сырт киімі? (тон)

5- кезең: Түйме тағу. Бұл сайысымызда ортадан бір сайыскер шығып өз шеберлігін ортаға салып түймені тағып көрсетеді.

Ендігі кезекті әділ-қазыларға береміз.
Білім деген байлық бар
Еш байлық оған жетпейді
Жасыңда оқып жиып ал
Тепкілесең кетпейді – деген өлең шумағымен сайысымызды аяқтаймыз.

Оставить комментарий