Тәуелсіз елдің баласы. Тәрбие сағаты.

Болғанбаева Бағдат. Жамбыл облысы, Шу қаласы, “Жібек Жолы” мектеп-лицейі.

Сабақтың мақсаты:
-          Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімен таныстыру, Отанды сүюге, байлығын қорғауға тәрбиелеу.
-          Қазақ елінің рәміздерін қастерлеп, туған жерін, атамекеніне деген сүиіспеншілігін арттыру.
-          Оқушы бойында патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал жасау.

Сабақ түрі:  тарихи-танымдық тәрбие сағаты.
Оқыту әдісі: әңгімелесу; пікір алысу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер.

Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Кіріспе: Қазақстан дейтін менің отаным
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Мұғалім сөзі:
-          Ата-бабалардың армандап өткен  Тәуелсіздігіне қол жеткелі міне 20 жыл толыпты. Аталар арманы орындалып, халқымыздың мерейі үстем болды. Әлемге әйгілі болды.

1) оқушы:
-      Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Туымызды бізге ешкім бермеді.
Ел тізгінін қолына алу жолында
Қыршын кетті талай қазақ ерлері.

2) оқушы:
-     Біз қазақ деген мал баққан елміз
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт- береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Жау аяғына басылмаған елміз.
Басымыздан намысты асырмаған елміз.
Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз.
Еркіндікті ежелден аңсаған елміз.

Көрініс.  Төле би және Әнет баба.

3) оқушы:
-    1991 жылдың 16 Желтоқсаны – ел тарихындағы ұлы күн. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады.

Слайд «Тәуелсіз Қазақстан Республикасы»

1990-2011 жылдар (парақтағы сөздер кетеді;)

4) оқушы:

-    Қазақстан!
Қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек,  жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,?
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т- білдіреді теңдікті,
Ә- әдептілік, әлдікті, әділетті.
У- уайымсыз уақытты
Е- егемендік елдікті
Л- дейді лағып лепірме
С- сенімділік секілді ең,
І- ілтипат пен ізет қой,
З- зиалылық тілек қой.
Д- Шақырады достыққа
І- ізеттілік
К- дейді күн боп коктегі.
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.
Отан, туған ел, туған жер туралы мақал- мәтел айту.

5) оқушы
-    Қандай дүние жетеді балауыңа
Бәрі сенің, жан-отан қалауыңда
Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып
Қазақстан елтаңбасы жалауыда.
Рәміздер туралы жырлар оқылады.
Тәуелсізмін, егеменмін, азатпын,
Туды міне, ел аңсаған азат күн!
Елдің туын биік ұстар әрқашан,
Болашағы сендерсіңдер қазақтың!
Ән ұраным- жанұраным
Айтар әнім- сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Мың қайталап айтар әнім.
Әнұран айту;

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы

  1. 1990 жылғы 25 қазан – Жоғарғы Кеңес « Қазақ КСР – нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылдады.
  2. 1991 жылғы 21 желтоқсан Алматы келсімі. 11 Республика Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды.
  3. 1991 жылғы 1 желтоқсан – бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды.
  4. 1991 жылғы 10 желтоқсан – Қазақ КСР – ның атауы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.
  5. 1991 жылғы 16 желтоқсан – Республика жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды.
  6. 1991 жылғы 16 желтоқсан – Республика тәуелсіздік алған күні.
  7. 1992 жылғы 2 наурыз – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
  8. 1992 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды.
  9. 1992 жылғы 11 желтоқсан – Қазақстан Республикасының алғашқы мемлекеттік ӘНҰРАНы бекітілді.

10.  1992 жылғы қаңтар – ішкі істер әскері құрылды.
11.  1992 жылғы қаңтар – Республиканың алғашқы сом алтыны шығарылды, және алтын қорын жинауды бастады.
12.  1993 жылғы 28 қаңтар – Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.
13.  1995 жылғы 30 тамыз – еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.
14.  1995 жылғы 15 қараша – Республика Президентінің жарлығымен ұлттық теңге айналымға енгізілді.
15.  1995 жылғы 1 наурыз – Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
16.  1996 жыл 26 сәуір – Шанхай «Шанхай бестігі» құрылды.
17.  1997 жылғы қазан – «Қазақстан -2030» стратегиясы жарияланды.
18.  2010 жыл – ЕҚЫҰ  – Қазақстан төрағалық етті
19.   2011 –  Ислам  конференциясы өтті.
20.  2011 – Азиада  қысқы олимпиада өтті.

Тәрбие сағатының көрнекіліктерін көшіріп алыңыз.

2 комментария к “Тәуелсіз елдің баласы. Тәрбие сағаты.”

Оставить комментарий