«Аққан жұлдыз» Шоқан Уәлиханов туралы дерек

Адамбекова Лейла ТоқмұхамбетқызыЖамбыл облысы Шу қаласы, «Жібек жолы» мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Кез келген ақынның не жазушының өмірі мен шығармасын оқытуда әр ұстаздың алдына қойған мақсаты, әдісі өзінше болып келеді. Оқушының ойлау қабілетін, іздену, зерттеу талабын дамыту мақсатында алдын ала оқушыларға тақырыптар беріліп, әдебиет тізбесі көрсетіледі. Сабақта оқушылар авторды,тұлғаны жаңа бір қырынан тануы тиіс.Сондықтан әр оқушы жеке немесе топпен іздену жұмыстарын жүргізіп, жобаларын интерактивті тақтаны пайдаланып, сабақта қорғайды. Мұндай сабақтарда оқушылар әдеби-теориялық ұғымдарын қалыптастырып, тарихи-әдеби, әдеби-сыни зерттеу материалдарды оқып білімдерін кеңейтеді.

Сабақтың тақырыбы: «Аққан жұлдыз» Шоқан Уәлиханов туралы дерек
Сабақтың мақсаты :
1. Білімділік мақсаты:
а/ Шоқан Уәлихановтың жеке тұлғасына деген жүйелі көзқарастарын өмірдерегі,
еңбектері бойынша қалыптастыру
б/ Шығармаларын оқыту ,талдау арқылы оқушы білімін,дүниетанымын кеңейту
2. Дамытушылық мақсаты:
Оқушыларды зерттей-зерделей білуге, өз ойын еркін жеткізуге,тіл байлығын байытуға баулу
3. Тәрбиелік мақсаты:
Отанын сүюге, қазақ халқының рухани мәдениетіне ментальдік қарым-қатынасты жетілдіру

Сабақтың түрі: іздену сабағы
Пәнаралық байланыс: тарих,жағрафия, сурет өнері
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жоба қорғау,баяндау,талдау,сұрақ-жауап
Негізгі әдіс: интерактивтік әдіс

Сабақты өтпес бұрын алдын ала оқушыларды топқа бөліп ,тақырыптар беріледі. Оқушылар көркем әдебиеттерді, зерттеу еңбектерді оқып, ақпарат көздерін пайдаланады.

Сабақта оқушылардың бірінші орындайтын міндеті топтық іздену –зерттеу тапсырмалары.

1-ші топқа «Шоқан.Уақыт.Өмір» /Шоқан Уәлихановтың өмірдерегі/
2-ші топқа «Шоқан. Уақыт.Сапар» /Шоқанның саяхат сапарлары/
3-ші топқа «Шоқан.Уақыт.Зерттеу» /Шоқанның зерттеу еңбектері/
4-ші топқа «Шоқан.Уақыт.Өнер» /Шоқанның өнер саласындағы еңбектері және бүгінгі күндегі өнер саласындағы Шоқан/

Бірінші топ Шоқан Уәлихановтың өмір жолы туралы толық мәліметтер беруге тырысты. Олар Шоқан есімінің Мұхаммедханафия деп Сегіз серінің құрметіне қойылғанын, Шоқанның ата тегі және Шыңғыс ұрпақтары ,Шоқан тұрған жерлері ,оқыған орындары туралы яғни, Құсмұрын-Сырымбеттен Алтынемелге дейінгі өмірідерегін, суреттер мен карталармен айта келіп, Шоқанның қызметі туралы топтастыру жұмыстарын жүргізді

Сабақтың толық нұсқасын және презентациясын көшіріп алыңыз.

1 комментарий к “«Аққан жұлдыз» Шоқан Уәлиханов туралы дерек”

Оставить комментарий