10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Информатика, Таңдаулы

«Интернеттің пайдасы мен зияны» 8 класс. ОНЛАЙН-САБАҚ

Опубликовал inust в 10 Сентябрь 2011 – 13:10Пікір жоқ
Бұл мақала 3499 рет оқылды, 16 рет бүгін

Имандосова Айнұр Зәкірқызы

Сабақтың плифчартын (көрнекілігін) көшіріп алыңыз.

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №7 қазақ орта мектебі
2009-2010 оқу жылы

Сабақтың түрі: дебат /пікір-талас/
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау;

Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/

Сабақтың көрнекілігі:тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар /дербес кмпьютер, интерактивті тақта, флипчарт, Асtivotе/

Саба қтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Топ мүшелермен және сарапшылармен таныстыру

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Ақпараттық технология заманның қолдана білу біздің міндетіміз. Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, ол хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін, сурет, аудио, бейнематериалдар т.с.с. өте үлкен ақпарат көлемі сақталады. Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне – Бүкіл әлемдік өрмек, электрондық пошта, желілік чат және дискуссиялық топтар жатады. Интернет алғаш 1968 жылы ARPANET деген атпен АҚШ-тың әскери, ғылыми және білім орталықтарын біріктірген желісінен құрылған. 80-жылдың аяғында INTERNET глобалды жүйеге айналды. Ал қазіргі уақытта біз өз өмірімізді «Дүниежүзілік өрмексіз» елестете алмаймыз. Интернет өмірімізге қаншалықты маңызды екенін білу үшін 8 класс оқушылары арасындағы «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты дебатты ашық деп жариялаймын.

Бұл пікірталаста 8 «в» класс оқушыларынан құралған «Намыс» тобы жақтаушы, 8 «а» класс оқушыларынан құралған «Мұрагер» даттаушы.

Сарапшыларымыз: Оразбаева Бақытгүл математика пәнінің мұғалімі
Қабылбаева Кітабия ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ибаш Қандыағаш қаласы №2 ОМ информатика пәні мұғалімі

ІІ. Тақырыппен жұмыс

1. Жүргізуші ашық пікір-таластың ойын-шарттарымен таныстырады:

Пікірталас шарттары:

1.Әр топ өздерін таныстырады.
2.Пікірталасу (3 мин)
3.Екі топ өзара сұрақ алмасады.
4.Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары
5.Көрермендердің дауысы
6. Қорытынды.Сарапшыларды тыңдаймыз

2. Топ жетекшілеріне сөз беріледі

«Намыс» тобының жетекшісі Айым

«Мұрагер» тобының жетекшісі Динара

3. Сөз кезегі ойыншыларға беріледі

1.»Намыс» тобының мүшесі Айым:

Армысыздар құрметті көрермен,менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі интернеттің пайдасы:

1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана-сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету. (материалдарды және моральді жағынан болсын) Яғни мүгедек адамдарға немесе отбасы ахуалы нашар адамдарға, жетімдер үйіне, денсаулығы нашар науқастарға қаржылай қол ұшын беру.

Адамдарды ажалдан құтқарып, зор көмек көрсетіп, өмірін сақтап қалу арқылы, мейірімділік таныту, ізеттілікке итермелеу және т.б. жасалады.Және де дүкендерді араламай-ақ үйде отырып интернет магазин арқылы қалаған затымызды сатып ала аламыз. Қазіргі өтіп жатқан арқылы жүзге асырылып отыр. Қазіргі таңда интернет пайдаланушылардың саны 1,9 миллионға жетті. Бұл көрсеткіш халықтың 12,3 %-ын құрайды. Қаламыз интернетті пайдаланушылар саны 20%-ға жетіп отыр. Алдағы уақытта интернет пайдаланушылар саны бұдан да үлкен көрсеткішке жетпек.

Қорытындылай айтқанда интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,әрине алға баспаймыз.Керісінше біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн.

Назарларыңызға рахмет.

2. «Мұрагер» тобының мүшесі Динара:

Сәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр.Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.

Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына,адам психологиясына да әсер етеді.Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.

Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады.Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы.Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап,уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.

Тыңдағандарыңызға рахмет.

3. «Намыс» тобының мүшесі Гүлнұр:

Сәлем бердім карсыластарыма,интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа зиян.Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп.Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, буклет болсын, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін.Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор.

4. «Мұрагер» тобының мүшесі Сәнді:

Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің.Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару.Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер.Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады.Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді.Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ.Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу,ұятты көріністер қарайды.Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма?

Назарларыңызға рахмет.

5. «Намыс» тобының мүшесі Төлеген:

Интернет - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері.Толғандырған сауалдарыңның жауабын табасың

Кісі есімдері мен лауазымдарын нақтылайсың. Мысалы, www.government.kz Үкімет сайты, ҚР Парламент мәжіліс депутаттары.Өткен ескі жаңалықтар мұрағатынан мәліметтерді нақтылау. Өзге елдегі мамандармен байланыс жасап, сұрақтар қоюға болады.Түсінбеген сөзді демде аударуға болады. Мысалы: www.sozdik.kz.Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді. Аська, Мейлруагент, мессенджер т.б. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты онлайн-ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

6. «Мұрагер» тобының мүшесі Ақтолқын:

Сәлем бердік көрерменге! Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интенрнеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Онлайн ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар.Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.

Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

4. Сұрақ-жауап

1. Екі топ өзара сұрақ алмасады
2. Көрермендердің топ мүшелеріне сұрағы

ІІІ. Қорытынды

1. Көрермендердің дауыс беруі
2. Сарапшылардың қорытындылауы

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.