Информатиктердің интернеттегі еркін бірлестігі (ИИЕБ). Мүше болу тәртібі.
30 Сентябрь 2013 – 12:36 | Комментариев 60

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Читать запись полностью »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Главная » Бастауыш сынып

Шуағын төккен 4-көктем. (Бастауыш сатымен қоштасу кеші.) 4-сынып.

Опубликовал в 21 Январь 2014 – 16:07Нет комментариев

Сиюмова Мяаш Бөлекбаевна. Ақтөбе облысы, Темір ауданы, №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Мақсаты: 4-жыл бойы білім алған білім, біліктерін, ой-өрістерінің жемістерін,өнерлерін ортаға сала  бастауыш сыныппен, алғашқы ұстаздарымен қоштаса отырып ,жоғарғы сынып мұғалімдеріне , ата-анасына әр оқушының  өзіндік ерекшелігін таныту, сәт-сапар тілеп табыстау. Мектепті, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд  « Шуағын төккен 4-көктем», Оқушылар өмірінен  түсірілген фото-суреттер,шарлар, гүлдер, әртүрлі    деңгейлі дипломдар,  мадақма қағаздар,нақыл сөздер,күнбағыстар.

БАСТАУ:

МҰҒАЛІМ: Қош келіп сіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар!

Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол осыдан 4-жыл бұрын мектеп табалдырығын қымсына, жүрексіне аттаған балабарыңыз оқып-білім алып, ақыл-ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра біліп, қанаттары қатайып, бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Білім деген қауыздан гүл ашылған,
Оған керек таусылмайтын көп шыдам.
Бар білімнің, бар ілімнің атасы,
Бастау алар бастауыш сатысынан.

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда,
Мал озбас, біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар адасқанда.

Білім бар білім десең баста піскен,
Қолда оқулық тасқа түскен.
Қоштасайық енді біз бастауышпен.
Толқимыз ,толқып тұрмыз баршамызда,

Мұндай күй болған сірә қаншамызда?
Қол соғып қошеметпен қарсы алайық,
Аружан мен Аяжанды!

Мен бүгін осы кештіжүргізуді сыныбымыздың озат оқушылары Бөгетбаева Аружан мен Каипова Аяжанға тапсырамын.

Екеуі бірге:  «Сәләметсіздер ме?»

1-жүргізуші: Аружан:
-Аяжан, саған бір жұмбақ айтсам шешуін тауып көресің бе?

2-жүргізуші: Аяжан.
-Аружан мерекелік кешімізді бастамай-ақ жұмбақ шешіп тұрамыз ба?
Сен де қызық екенсің!
-Ал, айтып көр, шешуін тауып көрейін.

1-жүргізуші:Аружан.
-Ал,тыңда онда!
Күннің көзін сүйемін,
Күнге басымды иемін.

2-жүргізуші. Аяжан. (таңданып, жан –жағына қарап)
-Бұл жұмбақтың шешуі күнбағыс қой!
Түсінбеймін! Күнбағыстың бүгінгі мерекеге қандай қатысы бар? Сен жұмбақ айттың, ал апайымыз мында күнбағыстарды жайқалтып, жайнатып тізіп қойыпты.
-Әйтеуір апай екеуіңіздің ойлап таппайтындарың жоқ! Мұның бір сыры бар сияқты.

1-жүргізуші: Аружан.
-Дұрыс айтасың, болғанда қандай! Апайдың күнбағыс туралы бірдеңе ойластырып жатқанын сезіп қалдым да  мерекелік кешті осы жұмбақпен бастасам ба деген маған бір ой келді.
-Аяжан, көрдің бе? Сахна төрінде әр түрлі биіктікте әдемі күнбағыстар орналастырылыпты. Күнбағыста күннің көзін сүйетін, күннің шуағына бөленіп, оның шығу бағытына қарай басын иіп, жайқалып,жайнап өспей ме?Мені де, сені де, барлық оқушыларды да осы өсімдікке теңер едім.

2-жүргізуші:Аяжан:
-Енді түсіндім Олай болса кешімізді ары қарай жалғастырайық!

1-жүргізуші: Аружан:
Шұбарқұдық №2 орта мектебінің 4  -сынып оқушыларын қошеметмен сахна төріне шақырымыз!
(музыка әуенімен 2-2-ден қол ұстасып  оқушылар шығады. Жұптасып вальс билейді.)

2-жүргізуш.: Аяжан.
Армысыңдар,аяулы да асыл жанды ата-аналарым!

1-жүргізуші: Аружан.
Армысыздар, аяулы да ,қымбатты ұстаздарым!

2-жүргізуші:Аяжан.
Шуағын шашқан,

1-жүргізуші: Аружан.
Нұрын төккен,

2-жүргізуші.Аяжан.
Дәнін еккен,

1-жүргізуші.Аружан.
4-көктем!-атты бастауышпен қоштасу мерекесіне қош келіпсіздер!

2-жүргізуші.Аяжан.
Бесіктегі баланың ,
Күлгенін көрген бір мұрат,

Алдына түсіп ананың ,Жүргенін көрген бір мұрат-дегендей бұндай күнді көру бақыт деп ойлаймын. Сіздердің алдарыңызда тұрған мына біздер 4-ші сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болсақ бүгін міне, ес біліп етек жиған шәкіртпіз.

1-жүргізуші.Аружан.

Бұл күнге жайдан-жай келе салғанымыз жоқ, бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз де аз емес. Сол сәттерден үзінділерге назар аударсақ!

(Слайд көрсетіледі. «4-көктем»)

Ортаға ұлдар шығады.

1-ұл. Оралхан.
Ассалаумағалейкум ағайындар!
Армысыңдар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!

Бәрі: Қош, келіпсіздер. Құрметті қонақтар!

2-ұл.Нұрмұхан.
Балашаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге бой түзеткен сымбатты,
Армысыңдар, ұстаздарым қымбатты!

3-ұл.Абай.
Армысыңдар, аталар мен аналар,
Ұрпағың күнде өзіңнен бата алар,
Ел дәстүрін мәңгі сақтап оқы деп,
Үйреткен ғой Фарабидей бабалар!

4-ұл.Ерхан.
Армысыңдар ер тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер,
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат болып кешегі сәби еркелер.

5-ұл. Жан.
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің,
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады жыр –әнім.

2-жүргізуші. Аяжан.
-Аружан адамдарда қандай аналар бар? Айтып атап бере аласың ба?

1-жүргізуші.Аружан.
Отан-ана, жер-ана, өз анаң,мектеп-ана, ұстаз-ана! Соны да білмей тұрсың ба?

2-жүргізуші.Аяжан.
-Жоқ, Аружан білмей тұрғаным жоқ. Бүгінгі кештің назарын  мектеп-анаға, ұстаз-анаға шексіз ыстық, қуанышты,қайталанбас шын жүректен шыққан тілектер айтайын дегенім ғой!

1-жүргізуші. Аружан.
Бүгін біздер осы аналарға деген   ыстық лебімізді білдіреміз!

2-жүргізуші.Аяжан.
Алтын ұя мектептен атамыз да, әжемізде,әкеміз де анамыз да тәлім алған.Келесі шырқалар тамаша әнімізді  қабыл алыңыздар!
Ән: «Ана»   Айсезімнің орындауында.

Арайлым.
Аяулы мектебім,
Өзіңде өткен көктемім.
Өзіңнен алар әлі де,
Арманым, асқақ көп менің.
Алғашқы басқан өткелім,
Білімді сақып төккенің,
Сусындап сенен нәр алам,
Алатын шыңым көп менің,
Аялы менің ммектебім.

Бексұлтан.
Әліппені жаттадым,
Ізгі үмітті ақтадым.
Әрқашанда есімде,
Мектептегі тақпағым.

Нұржамал.
Ізім жатыр партада,
Табым қалды партада.
Мәпелейді біздерді,
Білім берген қарт Ана!

Ғалымжан.
Мектебім асыл мектебім,
Құшағыңда көктедім,
Білім берген біздерге ,
Теріңді текке төкпедің.

Аружан.А.
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.

Аружан.О.
Мектебім-білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықты  бір жүрек  бұл,
Өзіңе борыштармын  өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Рахат.
Армысың алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем ,сені мәңгі мектебім.

Гүлхан.
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен ,
Күллі шәкірт саған басын иеді.

Диас.
Мектебім, алтын ұя мектебім, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітіңнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Айсезім.
Мектеп-үйім, ұстазым менің ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық ,сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.

1-жүргізуші.Аружан.
Мектепдеген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты талай-талай азамат.

2-жүргізуші.Аяжан.
-Аружан , дүниедегі  адамға ең жақын ,ыстық жанның бірі кім деп ойлайсың?

1-жүргізуші.Аружан.
Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі-ұстаз. Өйткені ол шәкірттің көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

2-жүргізуші.Аяжан.
-Дұрыс айтасың. Ұстаз еңбегі ұлы еңбек. Сондықтан ұлы ақын Абай атаның

Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кепес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.-деп айтуында терең ой жатыр.

1-жүргізуші.Аружан.
-Олай болса келесі тамашалайтын бөліміміз «Ұстаз ұлағаты» деп аталатын бөлімге де жетті.

2-жүргізуші.Аяжан.
Бізбен бірге 4 жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстазымызға және мектептегі барлық ұстаздарға шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен.Ыстық лебімізді өлең жолдарымен жеткізейік!

Оралхан.
Ғұлама білгіш ғалымнан,
Оқушы жас жалыннан,
Мархабатты ойшылдан,
Мал өсірген қойшыдан,
Жазушыдан, ақыннан,
Космонавт, батырдан
Өнері асқан актердан
Мың бұралған бишіден
Ой тербеткен күшіден

Бәрі-бәрі ұстаздардан білім-тәлім алған!
Бәрі: Сондықтан да құрметтеп,
Бас иеміз ниетпен!

Аружан.А.
Мектебімізге бас болған,
Ұжымды ол басқарған,
Жаңалықтың жан ашыры жақсы адам,
Еламан ағай үміт күтеді жастардан.

Айсезім.
Кемшілікті кезінде,
Кесіп айтар өзіне,
Өнеге мол өзінде
Өсиет көп сөзінде
Көңіліңнің хошын-ай
Көп шәкірттің досындай
Ақ ниетті кең пейіл
Бибігүл апай осындай.

Нұрмұхан.
Білімнің байыбына барып терең
Батима апай бастап алғаш әліппеден,
Жаны асыл ұстазыма мың бір алғыс,
Бастаған тәрбиесін алып келем.

Аружан.О.
Байсалды мінезіңмен бір қалыпты,
Біздің де көкірегімізде із қалыпты.
Гүлнар апай неткен мықты төзімдісің,
Әр сыныптың білім пайызын екшелейсің.

Гүлхан.
Түзеттіңіз тентекті,
Тұрғызбай-ақ бұрышқа,
Шолпан апай ізгі кішілікті,
Көріп жүрміз өзіңнен кісілікті,
Бойлаттыңыз терең ғылымның,
Алғысымыз сізге де шексіз мың.

Нұржамал.
Қызық өтіп сабағы,
Өсіреді ой-сананы,
Біздермен ойнап күледі,
Шет тілін жетік біледі,
Мың алғыс Анджела апай сізге де.

Арайлым.
Ақ көңілдің ізі бар
Нұр жайнаған жүзінде
Мың алғыс жолдап сізге тоқтамай
Жадыра апай ризамыз сізге де.

Ерхан.
Білімді шәкірттерін аялаған,
Бар білгенін ешкімнен аямаған,
Қаржау ағай жанашыры жас ұппақтың
Ұстаз деген ардақты аяулы адам.

Ғалымжан.
Әкемдей мейірімді құшақ  ашып,

Тұрасыз Қажымұқан ағай амандасып,
Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып.

Рахат.
Спорттан талай шәкірт даярлады,
Шәкіртіне бәрін берді аямады,
Әзілі жүрер өзіменен ,
Сағынтай ағай қашып кетсек аямады.

Диас.
Кейде жайлы мінезіне қызығасың,
Кейде ашусыз мінезіне табынасың,
Күліп жүрер әрқашан Ардақ апай,
Жан-жүрегін қашанда ұғынасың.

1-жүргізуші.Аружан.
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алған өзіңнен,
Күллі шәкірт сіздерге басын иеді.

2-жүргізуші.Аяжан.
-Сіздерге арнап сынымыздың әншісі Бөгетбаева Аружанның орындауында «Сәлем саған туған ел».әнін жолдайды.

2-жүргізуші.Аяжан.
Бастауышым-балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін .
Әріп танып білім алып,
Рахметімді жаудырамын.

1-жүргізуші.Аружан.
Бастауышым-балбұлағым,
Лаулап жансын шам-шырағың,
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшты тау қыраның.

2-жүргізуші. Аяжан.
Келесі тамашалайтын бөлім «Жүректен-жүрекке» деп аталады.
Нүр жүзіңнен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден,
Тағылым беріп жас ұрпаққа қашанда,
Өз соқпағын тапқан мына өмірден.

1-жүргізуші.Аружан.
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,
Ерінбей үйреттің де  әр әріпті,
Қоссаңдар 1-ді 2-ге 3 болады,
Деуші едің білімменнен күш толады.
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,
Ақылмен іс істесең іс болады.
Беруші ең бізге айтып өлең тақпақ,
Таласып алушы едік біздер жаттап,
Өзіңіз баға қойған күнделікті ,
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Ән: « Әкешім» Рахаттың орындауында.

2-жүргізуші.Аяжан.
Ақылшым асыл мұғалім,
Өзіңе мен де ұқсармын,
Жеткенше қайрат күш-әлім,
Биікке самғап ұшармын.

Жаннет.
Есімде ұстазымның алғаш қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны,
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны,
Енді міне сағымдай боп өте шықты.
4жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден,
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Айсезім.
Сен менің әкемдейсің анамдайсың,
Мен үшін армандайсың алаңдайсың.
Мяаш апай сенен артық ақылшым жоқ,
Адалдық пен парасаттан жаралғансың.
Көңілін бар шәкірттің таба алатын,
Кеудеге намыс отын жаға алатын,
Өзіңдей болса шіркін барлық ұстаз,
Шәкірттердің жүрегіне жол табатын.

Жан.
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.

Ерхан.
Жүрегімде ұстаз берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймын салған жолын ақылын,
Мәңгі ,мәңгі есімде қалады.

Аружан.О.
Атағым Алатаудай болса биік,
Тұрса төбем өсіп көкке тиіп.
Алдында әрқашанда тағзым етіп,
Тұрамын ұстазым деп басымды иіп.

Абай.
Көрінетін биіктен асқақ іспен,
Баулитұғын білімге жас кішіден,
4 жыл бойы біліммен сусындатқан,
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.

Гүлхан.
Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Баласындай шын жүректен тең көреді.
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
«А» әрпін сенен алғаш мәңгілік,
Мейіріммен шуақ шашқаның.

2-жүргізуші. Аяжан.
Әлі есімде мектепке келгеніміз,
Келгеніміз сыныпқа енгеніміз.
Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта,
Өзің болдың ұстазымыз сенгеніміз.

Хор: «Ұстазым»

1-жүргізуші.Аружан.
Ақ сүт берген ақ жаулықты аналарды,
Қастерлейік әрқашан бабаларды,
Қадірлейік аталар мен даналарды,
Сыйлайық барлығымыз аналарды.

2-жүргізуші.Аяжан.
Апарып алғаш мектепке,
Оқытқан сен өзіңсің,
«Білгір бол деп айтатын»,
Ойымда әлгі сөзің шын,
Шашымды өрдің қолыңмен ,
Киімімді кигізіп,
Қуантасың мені әркез,
Ақ бетіңнен сүйгізіп.

1-жүргізуші.Аружан.
Әкешім ұғып жанымды,
Ойладың әркез қамымды,
Тілеуімді тілеумен,
Атқыздың талай таңыңды.
Ән: «Әке туралы жыр» Аяжанның орындауында.

2-жүргізуші.Аяжан.
Өнер бар ма қазақ халқы құр қалған,
Өнер шыңы пәктігімен тұрды алдан,
Бал құрақтай көлге біткен балуаса,
Би құдірет мың бұралып ырғалған.

Би: «Танго»  Айсезім мен Оралханның орындауында   қошеметпен қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші.Аружан.
Ардақты ана , аяулы ана қымбаттым,
Сәбиіңді әлдилеумен күн қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,
Кең құшағың аясында гүл бақтың,
Ардақты аналар, әкелер, әпкелер әжелер келесі шырқалатын тамаша ән сіздерге арналады.

Ән: «Аға» Ерханның орындауында   Қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші.Аяжан.
Өмірде ата-анамдай бауыр қымбат,
Тай-құлындай бірге өскен достар қымбат.
Сусындатып білім беріп үйреткен,
Ұмытылмас дара тұлға ұстаз қымбат.

Келесі  әніміз алғашқы ұстаз Мяаш апайға және бастауышта білім  берген ұстаздарға арналады.
Хор: «Мейірман ұстаздар»

2-жүргізуші.Аяжан.
Мұғалім ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым,
Аружан арнайды бұл әнін!

Ән:   «Домбыра туралы баллада» қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші.Аружан.
Алғашқы ұстаз ерекше тұлға дар шың,
Ұмтылмастай көңілде мәңгі қалатын,
Сарғайып кеткен суреттерді парақтап,
Шәкірттерін оңошада еске алатын.
Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі,
Пана болған дара болған біз үшін,
Жанымыздан артық дер ем біз сізді. Сөз кезегі н алғашқы ұстазымыз Мяаш апайға беріледі.

Мұғалім  кешті қортындылап , ата-аналарға рахметін айтып  оқушыларды дипломдармен, ата-аналрды  алғыс хаттармен марапаттайды.

2-жүргізуші.Аяжан.
Өтті біздің балалық,
Өтті бізден балалық,
Тезге салды ұатазым,
Ұстанғаны адалдық,
Текті мінез даналық,
Үйреткені адамдық,
Біз тілейміз ұстазға

Екеуі бірге: «Бақыт, табыс, амандық»
Ән: «Астанаға»    Абайдың орындауында.

2-жүргізуші.Аяжан.
Ұмытпаймын еркелеткен күндеріңді,
Ұмытпаймын әрқашан күлгеніңді,
Әкешім аман –есен жүре берші,
Қалаймын ұзақ өмір сүргеніңді.

1-жүргізуші.Аружан.
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең –ақ мақтанышың,
Білім алып еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.
Ән: «Сұранам»  Рахаттың орындауында.

2-жүргізуші.Аяжан.
Ыстық лебіздерін білдіруге ата-аналарымызға, ұстаздарға беріледі.

Би: «Көңілді күн»   Айсезім мен Аружанның орындауында.

Екеуі бірге:  Шуағын шашқан,
Нұрын төккен,
Дәнін еккен,

4- көктем-атты кешіміз  аяқталды.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Вы должны войти , чтобы оставить комментарий.