10 Август 2011 – 18:58 | 40 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Сыныптан тыс жұмыстар

Метмематика. Тақырыбы: «Ескірмес есеп шаһарында» (сыныптан тыс сабақ).

Опубликовал inust в 30 Март 2012 – 14:54Пікір жоқ
Бұл мақала 248 рет оқылды, 3 рет бүгін

Бисенғалиева Гүлфайруз Жанзеленқызы, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназияда информатика және математика пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Тақырыбы:
Мақсаты:
Оқушылардың арасынан білімді, тапқыр және көңілді математиктер мен информатиктерді анықтау. КТК ойынын игеру, қиыншылықтан жол табуға жаттықтыру.
Қатысатын оқушылар: 10 а, сыныптар
Ұйымдастырушы сынып: 10б
Түрі: Көңілділер, тапқырлар клубы
Техникалық құралы:
1. Компьютер
2. Мультимедиялық-проекциялаушы аппарат
Көрнекіліктері:
1. Апталықта шығарылған тақталар: Шараның аты мен кезеңдері, «Таңғажайып сандар әлемі», «Қызықты геометрия»
2. Буклеттер «ХХІ ғасыр жаңалығы», «Физикалық құбылыстар»
3. Екі топтың аты: «Аксиома», «Фалес»
4. Сұрақтар салынған конверттер
5. «Кросснамбер», «Ашылмаған шифрлар»

К е з е ң д е р і:

1-кезең: «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды»
2-кезең: Үй тапсырмасы
3-кезең: «Есепші дұрыс болса, есеп бұрыс болмас»

1. Қызықты есеп
2. Логикалық есеп
3. Халық есебі
4-кезең: «Кросснамбер»
5-кезең: «Қимылдар да сөйлейді»
6-кезең: «Ашылмаған шифрлар»

Ш а р а н ы ж ү р г і з у ш і л е р :
Марта - жүргізіп тұрады

Ж ү р і с і :

Марта: Сәлематсыздарма қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі бастағалы отырған «Ескірмес есеп шаһарында» атты көңілділер, тапқырлар клубына қош келдіңіздер! Бұл сайысымызды Вергелидің «Өмірде барлығын біле алатын адам ғана бақытты» деген асыл сөзінен бастағымыз келіп отыр.

Бүгінгі КТК-ны ашу үшін мектебіміздің алдыңғы қатарлы мұғалімі Берменова Салтанат апайға сөз жолдаймыз.

Жас өспірім балалардың ақыл-ойын жетістіруге, зерттеушілік қабілетін арттыруға, өзін-өзі ізденімпаздыққа тәрбиелеуге көмектесетін негізгі пәндер – МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА және ИНФОРМАТИКА. Осы бағытта ұйымдастырылып отырған 10 «а» және 10 «б» сыныптар арасындағы көңілділер, тапқырлар клубын бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың арасынан білімді, тапқыр және көңілді математиктер мен информатиктерді анықтау.
«Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салыңыздар ортамызға,
Ал қанекей шығыңыздар сайысуға.
Көңілді тапқыштар мен білгіштер
Бар өнерін алдарыңа салады,
Кім білімді, кім оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады» -
дей отырып, екі топты ортаға шақырамыз.

10 «а» сыныбынан құрылған топ – «Аксиома»
10 «б» сыныбынан құрылған топ – «Фалес»

Сайысымыз бастамас бұрын әділқазы алқасымен таныстырып өтейін:
1. Психолог Мәтжанова Айнұр апай
2. Физика пәні мұғалімі Жумабаева Фариза
3. 11 «а» сынып оқушысы Жақсылықов Сырым
4. Сонымен бірге менің көмекшілерім:

1. Азамат - менің көмекшім
2. Дәурен– көрермендерге логикалық сұрақтар мен қызықты әңгімелер айтады.
3. Айнұр мен Ақкенже – топтардың тапсырмаларын дұрыстығын тексеріп отырады.
4. Саламат пен Гүлшат - оператор, яғни компьютерге топтың балын жазып, қорытындысын көрсетіп, айтып отырады.

Олай болса КӨҢІЛДІЛЕР, ТАПҚЫРЛАР КЛУБЫН бастаймыз. Іске сәт!

1-кезең: «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды»
Демеймін заман сөздері,
Түбі бүгін өзгерді.
Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін кез келді, - дей отырып кезекті таныстыруға береміз.
(Екі топ өздерінің таныстыруларын айтады)

2- кезең: Үй тапсырмасы
Әр топ өздері дайындаған қызықты көріністерін көрсетеді.

3-кезең: «Есепші дұрыс болса, есеп бұрыс болмас»
«Адам өзінің білмеген затынан қорқады, ал білгенімен ұтады» - деп Белинский айтпақшы, бүл кезеңде екі топқа үш есеп беріледі.

Сөзді көмекшім Азаматқа жолдаймын.
Азамат: Мен сендерге үш есеп әкеліп отырмын.
1-қызықты есеп. (2 минут)
2-логикалық есеп. (5 минут)
3-халық есептері (10 минут)

Екі топтан бір-бір оқушыдан шығып, тапсырмаларын алыңдар.

1-қызықты есеп:
1. Бір теңгеге не алуға болады? Сіріңкенің тоғыз қорабы тиындарымен 9 теңге тұрады, ал сондай он қорап – тиындарымен 11 теңге. Бір қорап неше теңге тұрады? (Сіріңкенің бағасы 1 теңге 11 тиын)

2. Дүкендегі сауда. Егер бірінші сорт кәмпиттің бағасы килограмы үшін 10 теңге, екіншісінікі килограмы үшін 15 теңге тұрса, ал бірінші сорт кәмпиттің салмағы екіншісінен үш есе көп болса, осы кәмпиттің екі сортының қоспасын қандай бағамен сату керек? (Кәмпиттің бағасы 11 теңге 25 тиын болуы керек)

Оқушылар есепті шешкенше ортаға 8 сынып оқушылары Ақжүніс пен Айгерімді өздерінің әсем биін көрсетуге шақырамын.

2-логикалық есеп:

1. Мына текше төбелеріндегі әріптерді төмендегі сандармен алмастыру керек. 5,6,7,8,9,10,11,12. Сонда A+B+C+D= K+E+M+F= A+D+ F+K= B+C+M+E= A+B+E+K= D+C+M+F теңдіктері орындалатын болсын. Осы берілген текшені текстік редактордың «Сурет салу» саймандар тақтасын қолданып, суретін салу керек.

2. Мына суреттегі 9 дөгелекке 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарын орналастыру керек, сонда ABC, MKD, TEL, BDT, CDL, ATM, KBE үшбұрыштарының төбелеріндегі сандарының қосындылары бірдей болсын. Осы берілген суретті текстік редактордың «Сурет салу» саймандар тақтасын қолданып салу керек.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Шешімі:

Сөзді Дәуренге беремін:
Дәурен: Көрермендер программалаушы өмірінен әзіл-қалжыңдар тыңдауға қалайсыздар. Ал ендеше бастайын:
* * *
Баласы анасына былай деп сұрақ қойды:
- Мама! Неге әкем бұрынғыдай ұрсып, мені бұрышқа тұрғызбайтын болды?
- Өйткені бұдан былай сенде әке жоқ, - деді анасы мұңайып, - Ол компьютеріне модем алып, Интернетке қосылып кеткен!
* * *
Программалаушыдан былай деп сұрапты:
- Сіз қалай тез ағылшын тілін үйреніп алдыңыз?!
Ой, ол оп-оңый екен ғой. Ондағы барлық сөз * * *
Программалаушы әйелімен циркке барып сиқыршының іс-әрекетін көріп отырады. Келесі бір нөмірде ол бір шағын жәшіктен бір топ қыздарды шығарыпты
Әйелі:
- Кішкене жәшікке сонша қыз қалай сыйған?…
Күйеуі:
- Үй, ол, ол ма! Егер Сиқыршы WinRAR программасын қолданса, онда оған тағы сонша қыз сыяр еді, - депті.
* * *
Программалаумен айналысатын балалар оқитын мектептің мұғалімі сыныпқа кіріп келіп:
- Қане, бірден айтыңдар, кім үй жұмысын Интернеттен көшіріп алды?! – депті.
* * *
- Хабарландырудан: Барлық мүмкіндіктері бар, өз жұмысын жақсы, әрі жедел орындайтын ТЫШҚАН САТАМЫН, жүріп өткен жолы 5000 км ғана.
* * *
Әдебиет сабағында мұғалім:
- Ешкім қазірде сөйлемейтін, бірақ басқа тілдерге негіз болып саналатын тілді кім айта алады? – дегенде, Серік тұрып: - HTML, - депті.
Көрермендер мені тыңдап, көңілдеріңізді көтергендеріңізге көп рахмет. Азамат сөзді қайтадан өзіңе жолдаймын.
Азамат:
Ендігі берілетін есептің Паскаль программалау тілінде программасын дайындап, нәтижесін көрсетіңдер.
3-халық есебі:
1. «Бес саулық». Ауыл ақсақалының төрт ұлы болыпты. Олардың үшеуі өз алдына отау тігіп кетіпті. Ақсақал төртінші баласын үйлендіріп, оның алдына бес саулық салып беруді ойлайды. Бір күні ол үш ұлының үйлеріне барып, бәрінің қойы 41 екенін біліп қайтады. Оларды шақырып алып: «Әрқайсың қойларыңды төртке бөліп, бөлінбей қалғанын кенже інілеріңе беріңдер»,-дейді. Үш жігіт бөлінбей қалған қойларын кенже інілеріне береді. «Екеуінің қойы менікінен артық еді, енді теңесті,»-дейді үш жігіттің біреуі.

Бұл үшеуінің қойлары алғашында қанша болған? (13,14,14)

2. «Табақ тарту» Бір адамның үйіне достары келіпті. Оларға шай беріпті. Шайдан кейін қазанға ет салынады. Тамақ пісіп, табақ тартыларда үй иесі меймандарды көзбен шолып шықты да, ойланып қалды. Ошақ басында жүрген жұбайына келіп: «Екеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ жетпейді, ал үшеу ара бір табақ тартсақ, бір табақ артылып қалады, енді не істесек екен?»-дейді. Бұл үйдің меймандары қанша? Табақ саны қанша? (12 адам, 5 табақ)

1. Алдарыңызда сыныптасымыз Айманның орындауында «Түрік биі», тамашалыңыздар.
2. Гүлназдың орындауында «Бақытты балалық шақ».
Менің осымен мінетім аяқталды, Марта қайта сөз өзіңде.
Марта:
4-кезең: «Сиқыршы құпиясы»
Сіздердің алдарыңызға сиқыршы шығып, өзінің дайындаған сиқырын көрсетеді, ал сіздер қалам және парақтарыңызды дайындап, көрсеткен сиқырды жазып отрасыздар да, құпиясын табасыздар.
Сиқыршы сөз сізде.(Ортаға Саламат шығады)
Саламат: Абрако-дабро, піш, піш. Тыңдаңыздар:
Бұл сиқырдың аты «Туған күн» деп аталады. Сіз достарыңыздың әрқайсысының туған күнін таба аласыз ба? Мүмкін біреу сіздің оның туған күнін біледі деп ойлауы мүмкін, сондықтан ол өтірік күнін өзі жазып алсын.

Әр адамға өзінің туған күнін (тек күнін) қағазға жазсын. Осы санды 20-ға көбейтіп, сосын 73-ті қоссын, қоссындыны 5-ке көбейтсін, осыған айдың 35-ке қосылған нөмірін қоссын (мысалы, қаңтар болса, 1+35,…, желтоқсан болса 12+35). Шыққан санды айтсын. Сіз осы саннан 400-ді азайтасыз. Осы санның соңғы екі саны айдың нөмірі, алдыңғы сан туған күні болады.

Ал енді, осы сиқрдың сырын қалай шешер едіңіз, қағазға жазып, менің көмекшім Айнұр мен Ақкенжеге тапсырыңыздар.

Сиқырдың сыры:
10а+в саны туған күні болсын, 10х+у – ай нөмірі делік. Берілгені бойынша ((10а+в)*20+73)*5+10х+у+35=1000а+100в+400+10х+у деген жазуы шығады. 400-ді азайтқаннан кейін 100(10а+в)+10х+у шығады. Осыдан 10а+в және 10х+у табамыз.
Марта:
5-кезең: «Кроссномбер»
Айыра біл жақсы менен жаманды,
Айыра бір карандаш пен қаламды.
Айыра біл соқпағында өмірдің

Айыра біл тапсырмаңды алдағы, - дей отырып, келесі кезеңімізді бастаймыз. Осы апталықта тақтаға сіздерге бұрыннан белгілі 7*7 кросснамбері ілінген болатын. Соған байланысты мен қазір сіздерге 4*4 кросснамберін ұсынамын. 2 топқа есеп шарты бірдей. 3 минут уақыт беріледі.

Кросснамбер 4х4

Көлденеңнен: А-дан В-ға дейін: Кейбір санның 13-ші дәрежесінің кері орналасуы; Г-ден Д-ға дейін: Үш орынды ең үлкен жай сан; Е: Ферманың екінші жай санының кері орналасуы; И: Екі жай санның және жай санның кубының көбейтінділері.

Тігінен: А-дан И-ге дейін: Екі жетілдірілген санның көбейтіндісі; Б: 11-ге бөлінетін сан; В: Цифрлары ретімен кемімелі сан; Д: Мерсеннің төртінші жай санының кері орналасуы; Ж: Жай сан

А Б В
Г Д
Е Ж
И

Жауабы:

А

2

Б

9

1

В

8

Г

9

9

Д

7

7

Е

7

Ж

5

2

6

И
6
9 1

5

Дәурен сөзді өзіңе жолдаймын, бізге тағы да қандай айтарың бар.
Дәурен: Рахмет. Мен ендігі жолы сіздерге логикалық сұрақтар қойғым келіп тұр. Қәне, кім тапқыр, кім шапшаң ?

1. Жерге 5 торғай қонды. Олардың үшеуін балалар атып өлтірді. Қалған торғайлар ұшып кетті. Сонда неше торғай қалды? (3 торғай)
2. 5 литрлік және 8 литрлік ыдыстар арқылы бакке 12 литр су құю керек. Оны қалай орындайсың?
3. Бір аңшы құс атуға орманға келеді. Орманға келіп, бір мылтықпен қарғаға атқанда қарға қарға түседі. Сонда шыбын өле ме, қарға өле ме? (Қыста шыбын болмайды)
4. Люстрада 10 лампочка тұр. Осы лампочканың ішінен екеуі жанып кетті. Сонда 1 аптадан кейін люстрада қанша лампочка тұрады? (10 лампочка)
5. Электробоз батысқа қарай 70 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатыр. Ал одан шыққан түтін қалай қарай, қандай жылдамдықпен ұщшады? (электробоздан түтін шықпайды)
6. Қандай сұраққа «иә» деп жауап беруге болмайды? (Сен ұйықтап жатырсың ба?)
7. Жылына төрт рет киінетін не? (Жер)

Мен осымен аяқтадым. Тыңдап, жауап бергендерің үшін рахмет.
Марта:

6-кезең: «Қимылдар да сөйлейді»
Екі топтан бір қатысушы ортаға шығып, мына конверт ішіндегі тапсырманы өз тобына қимылмен түсіндіруі керек.
1. Microsoft Office-те құжатты ашу.
2. Себет.

7- кезең: «Ашылмаған шифрлар»

Информатика пәнінен Морзе әліппесі және екілік санау жүйесімен таныссыздар. Сол жүйелерді еске түсіріп, мына берілген шифрды шешіңіздер. Тақтада әр жалаушаға сәйкес келетін әріптер тұр. Әріптерді дұрыс орналастырсаңыздар ғұламаның айтқан сөздері шығады.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Ұқсас тақырыптар:

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.