Ғарышқа саяхат (6-7 сыныптарға арналған сыныптан тыс сабақ).
Який Хайрат. Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Бірлестік орта мектебінің география пәні мұғалімі.
Мақсаты:       -  түрлі географиялық мәліметтер  мен қызықты деректер арқылы оқушылардың география  пәніне деген қызығушылығын арттыру, экологиялық тәрбиеге үйрету, отансүйгіштікке  тәрбиелеу, дүниетанымын  дамыту.
Құралдар:    Компьютер, Дүние жүзі және Қазақстанның саяси карталары, кестелер, үлестірмелер. Сабақтың толық нұсқасын көрекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.
Барысы:
І. Кіріспе бөлім. (Ұйымдастыру кезеңі)
ІІ. Негізгі бөлім.
ІІІ. Қорытынды бөлім. (Жеңімпаздарды анықтау)
І. Кіріспе бөлім. (Ұйымдастыру кезеңі) Мақсатын  түсіндіру, оқушыларды топқа бөлу, орналастыру, танысу кезеңі.
ІІ. Негізгі бөлім.
1-а ялдама-Шолпан.  Сен өз атыңа лайықсың ба?
1-топ. Гидросфера тақырыбы бойынша.
2-топ. Атмосфера тақырыбы бойынша өз ойларын айту.
2-аялдама-Нептун. Жұлдыздар сыры. (Бір жұлдызды таңдап, ондағы сұраққа бірден жауап бер. 12 жұлдыз)
- 6 материкті ата.
 - 4 мұхитты ата.
 - Күн жүйесінде неше планета бар. Аттарын ата.
 - Глобус.
 - Жердің ішкі құрылымы.
 - Жанартау.
 - Гейзерлер.
 - Жердің серігі
 - Айсберг.
 - Арал.
 - Экватор.
 - Меридиан.
 
3-аялдама-Уран. Кім тапқыр. (1 әріпке 10 атау)
| 
 Атаулар  | 
||
| Мемлекет | ||
| Қала | ||
| Тау | ||
| Арал | ||
| Көл | ||
| Өзен | ||
| Аң | ||
| Құс | ||
| Ағаш | ||
| Жеміс | 
4-аялдама-Юпитер. Әр сұраққа-бір жауап.
- Дүние жүзіндегі ең биік тау. (Эверест)
 - Қазақстандағы ең биік тау. (Хан -Тәңірі)
 - Ең үлкен көл. (Каспий)
 - Ең терең көл. (Байкал)
 - ъЕң үлкен арал. (Гренландия)
 - Ең ұзын өзен. (Ніл)
 - Ең суық материк. (Антарктида)
 - Қазақстандағы ең ұзын өзен. (Ертіс)
 - Ең терең шұңғыма. (мАРИАН)
 - Сақинасы бар планета. (Сатурн)
 - Жер шарындағы ең ірі шөл. (Сахара)
 - Ең кішкентай материк. (Австралия)
 
5-аялдама-Марс. Қане, бөлісейік.
| 
 Ұғымдар  | 
 Көл  | 
 Өзен  | 
| Балқаш, Ертіс, Есіл, Сырдария, Мичиган, Виктория, Байкал, Ніл, Амазонка, Арал, Каспий, Гурон, Чад, Титикака  | 
6-аялдама-Сатурн. Қатесін тап!
1-хат.   Материктің ішіндегі тұйық сулы өлкені-теңіз деп атайды.
Дүние жүзіндегі ең үлкен теңіз бұл-Каспий.
2-хат. Табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын суды –көл деп атайды. Жер шарындағы ең терең көл-Арал теңізі. Қазақстандағы ең үлкен көл-Ертіс.
3-хат. Солтүстік полюс пен оңтүстік полюсті қосатын сызықтарды параллель деп атайды. Меридиандардың ұзындықтарды әртүрлі. Ең ұзын меридиан бұл-экватор.
4-хат. Қазақстан Республикасы жер көлемі жөнінен 50-орында және ол Африка материгінде орналасқан. Оның астанасы Алматы қаласы.
7-аялдама-Меркурий. Сыңарым қайда?
1-бағандағы сұрақтардың жауабын 2 бағаннан тауып, сәйкестендіріңіздер.
| 
 №  | 
 Терминдер  | 
 
  | 
 Мағынасы  | 
| 1 | Материк | А | Жер бетінің маңайындағы жазықтарды оқшау көтеріліп келе жатқан, беткейлері қия болып келетін биік бөлік. | 
| 2 | Флюгер | Ә | Жанартау атылғанда жер бетіне шығып төгілетін отты қоймалжың зат. | 
| 3 | Шығанақ | Б | Жан-жағынан материктермен шектелген орасан зор су алқабы. | 
| 4 | Тау | В | Желдің бағытын анықтайтын құрал. | 
| 5 | Мұхит | Г | Құрлықтың жан-жағын мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан бөлігі. | 
| 6 | Лава | Ғ | Мұхиттың, теңіздің, көлдің құрлыққа сұғына кіріп жатқан бөлігі. | 
8-аялдама-Плутон. Картамен жұмыс.
1-топ. Австралия материгін, Солтүстік Мұзды мұхит, Оңтүстік Қазақстан облысын, АҚШ-ты, Астана қаласын көрсет.
2-топ. Оңтүстік Амарика материгін, Тынық мұхитты, Шығыс Қазақстан облысын, Қытай мемлекетін, Алматы қаласын көрсет.
9-аялдама-Жер.
Қорытынды.
Жеңімпаздарды анықтау.
Сабақтың толық нұсқасын көрекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.
Ұқсас тақырыптар:
- География. Интеллектуальдық олимпиада.
 - Тақырыбы: “Математика және біз” - кеш.
 - География. Қазақстанды экономикалық аудандастыру
 - §38. Оңтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары.
 - География-67 §31.Мұхиттар мен теңіздердің маңызы.мұхиттар мен теңіздерді қорғау.
 - Обьектілермен жұмыс істеу.
 - И-7. Есептеуіш техникасының даму тарихы.
 - 7-сынып. Қазақ әдебиеті. Баубек Бұлқышев «Шығыс ұлына хат»
 - И-7. Терезелер.
 - Windows терезелері.Терезелердің құрылымы мен элементтері. 7 сынып
 

Мұғаліммін мазасыз білім десе,

