“Алғырлар, тапқырлар” (сыныптан тыс шара)
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы, “№ 5 Күршім орта мектебі” КММ, бастауыш сынып мұғалімі- Рахманова Нургуль Байзолдақызы
Көрнекілігін осы жерден алыңыз!
Тақырыбы: «Алғырлар, тапқырлар»(1-слайд)
Мақсаттары: Оқушылардың пәндер бойынша білімдерін кеңейту; дұрыс, әрі толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру; оқушыларды білімнің әрқашанда ізденімпаздықты талап ететінін білуге; шығармашылық қабілеттерін дамыту; танымдылыққа,тапқырлыққа баулу.
Шараның көрнекілігі: слайд, эмблема, қалақша.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер 1-сыныптар арасында өткелі отырған «Алғырлар, тапқырлар» атты сайысына қош келдіңіздер. Әділқазылар алқасымен таныстыру. Сайысты бастамас бұрын сайыскерлерімізді таныстырып өтейік. Оларды ортаға шақырамыз. Сайыскерлер өздерін таныстырады.
І . Таныстыру.
1-топ.Топтың аты: «Алғырлар»
Топтың ұраны: Ақыл – азбайды, Білім – тозбайды.
Бір сыныпта оқимыз, бәріміз де,
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге.
Жарысуға сіздермен келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі де.
2-топ.Топтың аты: «Тапқырлар»
Топтың ұраны:
Талапты бала – талпынған құстай.
Сіздерді біз айта алмаймыз нашар деп,
Ойламаңдар қорқып бізді қашар деп.
Біз дайынбыз жарысуға достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
(Әр кезең сайын әділқазылар алқасы бағаларын беріп отырады.)
ІІ. «Ғажайып сегіздік» (2-слайд)
Кезекпен екі топ сегіз сұраққа жауап береді.
ІІІ. Шығармашылық жұмыс.(13-слайд)
Суретпен жұмыс жасау және керекті сөздерді пайдаланып өлең құрау.
IV. Білгенге маржан. (18-слайд) Сөздерді қалай түсінуге болады?
1. Көзді ашып-жұмғанша..
2. Төбе шашы тік тұрды.
3. Сүт пісірім уақыт.
4. Таяқ тастам жер.
V. Поэзия минуты.(19-слайд) (Өлең оқып, санамақ айту)
1. Абай, Ыбырай өлеңдері.
2. Санамақтар.
VІ. Жас құрылысшылар сайысы. «Біздің үй» (20-слайд)
Екі топқа да таратылған геометриялық фигуралардағы тапсырмаларды орындай отырып, тақтаға магниттің көмегімен үй тұрғызады.
VІІ. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» (21-слайд)
(Топ басшылары ойланбастан алты сұраққа мүдірмей жауап берулері керек)
VІІІ. Жеңімпаз топты анықтау. Сыйлықтар тапсыру.
Ұқсас тақырыптар:
- Бастауыш. Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу
- Бастауыш. Қарсы мәндес сөздер.
- Бастауыш. Отбасы.
- Бастауыш. Суды қорғау.
- Бастауыш. Барыс септік.
- Өзін-өзі тану. Табиғатты аялайық.
- Бастауыш. Жол ережесін білесің бе?
- Бастауыш 1-сынып. Қазақстан картасы
- Бастауыш. Математика. «Сиқырлы сандар»
- Бастауыш. Жуан дауыстылар. Ақ бұзау. Жақан Смақов