Бастауыш. Отбасы.

Ақмола облысы,Ерейментау ауданы, Ажы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Ахметова  Айтжамал Рахымбекқызы Дүниетану 3-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:-әке, шеше, ата, әже, тегі туралы ұғымдарын кеңейту -отбасындағы сыйластық, ынтымақ, бірлік сияқты қарым- қатынасқа үйрету -туыстарына , жақындарына сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу,жаттығу,түсіндіру,танымдық ойындар,оқулықпен жұмыс. Қажетті оқу құралдары: оқулық, дәптер, отбасы мүшелерінің суреттері.

Сабақтың барысы:
1. Көңілашар сәті:

(Оқушылар өлеңді жатқа үйреніп, қимылмен көрсетеді. Екі рет қайталанады.)
Үлкенгеде сіз                          Атан – ананы құрметтеп
Кішіге де сіз,                         Бас иеміз біз.

Оқушыларды сабаққа дайындап, сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
Сыныпты екі топқа бөлу.
Жаңа сабақ.
І. Оқулықпен әңгіме. (отбасының суреті бойынша) «Осындай менің отбасым» өлеңі оқылады. Екі топқа берілетін сұрақтар:
1. Отбасы мүшелері бір – бірімен қандай қарым – қатынас жасайды?
2. Кім өзінің шыққан тегін, жеті атасын айтып береді?
3. Кім туыстық білдіретін қандай сөздерді білесіңдер?
4. Отбасына  тигізетін қолғабысың туралы әңгімелеп бер.

ІІ. Кітаппен әңгіме.
Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды. Мұғалім «Менің отбасым» деген сауалнама таратамын, ал сендер тез арада жауап жазасыңдар.
Менің отбасым:
Менің атым…………………………………………………………………………………………………………….
Менің әкемнің аты……………………………………………………………………………………………………………
Менің анамның аты………………………………………………………………………………………………………….
Менің әжемнің аты…………………………………………………………………………………………………………..
Менің атамның аты…………………………………………………………………………………………………………..
Менің ағамның аты…………………………………………………………………………………………………………..
Менің әпкемнің аты………………………………………………………………………………………………………….
Менің қарындасымның аты………………………………………………………………………………………………
Менің інімнің аты…………………………………………………………………………………………………………….

ІІІ. Кім тапқыр? Жарыс ойыны

І – топ: бала туралы мақал – мәтел жазу
1. Өнегелі болса – бала көрікті
2. Баланың жақсысы – қызық, жаманы күйік
3. Сүйер ұлың болса сүй, сүйсінерге жарар ол.
4. Өсер бала өнегелі іске құмар,
Өнегесіз бала торғай қуар.
5. Сәбиді қанша рет сүйсек, бәрібір мейріміміз қанбайды.
6. Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш – бала сүю

ІІ – топ: Ата – анаға байланысты

1. Атаға қарап ұл өсер
Анаға қарап қыз өсер
2. Ана өз баласын жанымен, қанымен де сүйеді
3. Ата – ананың қадірін балалы болғанда білерсің
4. Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын

IV. Екі топқа берілетін сұрақтар. Бұлар кімдер?

  1. Анаңның туыстары?
  2. Әпкенің күйеуі, баласы?
  3. Әкенің анасы?
  4. Анаңның сіңілісінің жездесі саған кім болады?
  5. Анаңның әпкесінің баласы?

Туыстықты білдіретін сөздердің мағынасын түсіндіру.
Бала                                       нағашы                                  құда
Әке                                        жиен                                    құдағи
Ана                                        әпке                                    құдаша
Әже                                        жезде                                   құда бала
Ата                                        балдыз                                  қайын апа

V. Сабақты қортындылау. Сөз жұмбақ шешу.

О

Т

А

Н

А

Т

А

Б

А

Л

А

А

Н

А

С

І

Ң

І

Л

І

Б

А

Л

Д

Ы

З

 

VІ. Үйге тапсырма: “Менің отбасым” шағын шығарма жазу. 

VІІ. Оқушылардың білімін бағалау.

 

 

Оставить комментарий