10 Август 2011 – 18:58 | 43 пікір

Құрметті ИНФОРМАТИКТЕР!
Cайтымыз сіздердің арқаларыңызда, аз уақытта Қазақстандағы ең танымал сайттардың біріне айналып келеді. Кейбір қазақ тілді сайттар өз контенттерін біздің сайтқа қарап өзгертіп қолданушыларын да көбейтті. Біздің үлгімізбен біршама жаңа сайттар ашылды. Соған қарағанда Информатик …

Толығырақ »
Информатика

Бәрі информатикаға байланысты

Педагогика

Тәлім-тәрбиеге байланысты материалдар

Басқа пәндер

Ұстаздар шығармашылығы

Оқушылар шығармашылығы

Басты бет » Педагогика, Физика

12 жылдық білім беруге көшу жағдайындағы физика пәнінде құзырлылық тұрғысынан оқыту ерекшеліктері (тамыз кеңесі 2012 баяндама).

Опубликовал inust в 22 Сентябрь 2012 – 15:452 пікір
Бұл мақала 925 рет оқылды, 23 рет бүгін

Абаева  Шамша. Төлегенқызы  Жамбыл  облысы, Шу қаласы, Төлеби орта мектебі.

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  арнаған Жолдауында «Білім мен ғылымды  өз дәрежесінде  меңгерген  елдер ғана әлемдік  дамудың  алдында  болады.Ендеше  біз халыққа  білім  беру  және дамыту , оларды  реформалау ісін  барынша  қарқынды жолға  қоюымыз керек» деп ,ұстаздардың білім  беру  жүйесіндегі  басты  бағытын  айқындап  берді.

Еліміздің білім беру жүйесі әр баланың жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуында  маңызды  мәселелерді  шешудің  түрлі  жолдарын  қарастыруды  көздейді .Себебі,әр  баланың  адам  болып қалыптасуында  маңызды орынды  алатын өркениетті  қоғамымыздағы негізгі  сала- білім беру жүйесі.Жалпы орта білім берудің ұлттық  деңгейдегі  басты  мақсаты-Қазақстан Республикасын  әлеуметтік , экономикалық, қоғамдық – саяси өміріне белсене  араласуға дайын , құзіретті  тұлғаны  қалыптастыруға  ықпал  ету.

12 жылдық  орта  білім  жүйесінің  ең  алғашқы  бастамасы  бастауыш  буында  жүзеге  асты.Себебі  бастауыш  буында  жоғары сыныптарда  оқытылатын  пәндердің  іргетасы  қаланып  қана  қоймайды , сонымен  қатар білім  алуға  талпынушылық , яғни  балалардың  оқу әрекеті , танымдылық белсенділігі , жеке бастың адами қасиеттерін  негізі  осы  кезеңде қаланады .

ҚР-нда  білім  беруді дамытудың 2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  12 жылдық оқыту  моделіне  көшуді  білім  беру  мазмұнын  жаңғыртумен  жүзеге  асыруды  міндет  етті .

Әлемдік  білім кеңістігіне  еркін енуді  көздейтін 12  жылдық  білім  беру  жүйесі  білім  беру  ұйымдарының  оқу- практикалық  үрдісіне  өзгертулер  мен толықтырулар  енгізу  және  мұғалімнің  кәсіби  құзіреттілік  қабілетін  жан- жақты  жетілдіру жұмыстарын  12 жылдық  білім  беру  жағдайындағы  мақсат , мүддеге  негіздеу  арқылы  жүргізу  басты  мәселе  болып табылады .

Қазіргі  ғылыми  әдебиеттерде педагог  кадрларды  бүгінгі  заман  талабына  сай  білім  саясатындағы  өзгерістер  мен  жаңалықтарға  бейімдей  отырып  даярлауда арнайы  әдіснамалық  жүйе  жеткіліксіз  қарастырылуда . Сондықтан  да 12 жылдық  білім  жүйесіне   сай  физика  пәні  мұғалімінің  құзыреттілігін   жетілдіру – бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесіне  айналуда.

12  жылдық   мектептің  9 – сыныбына  арналған  бағдарлама .

(қазақ  тілінде  оқытатын   мектептер  үшін)

Физика  (байқау нұсқасы)
12 жылдық  білім  беру 2011 ж №7-8 журналдан
Ж.К.Жалғасбекова ,Г.А.Шаханова , Қ.Н.Балабеков.

Түсінік  хат

Физика- табиғаттың  жалпы  заңдылықтарын  зерттейтін  ғылым . Физика- жаратылыстану  ғылымындағы  негізгі  пәндердің бірі  болып  саналады, себебі ол материяның қозғалыс  түрлерінің  жалпы  заңдылықтарын  қарастырады.Физика  пәнін  мектепте  оқыту  білім  алушылардың  әлемді  тануына  көмектеседі.

Мектепте  физика  пәнінен   білім  берудің    маңыздылығы   физика  ғылымының  қоғам  өміріндегі  өзіндік  орнымен  және  оның  ғылыми  - техникалық   үдерістің  даму  қарқынына  тигізетін  ықпалымен  анықталады.

Оқытудың  мақсаты :
-         материя  құрылымының  тұтастығы  және  оның  шексіздігі  туралы  білімді  меңгеру ;
-         физикалық  теориялардың сабақтастығы  туралы түсініктерді , физиканың  дамуында  теория   мен  тәжірибенің  байланысын , іс- тәжірибенің  танымдық  маңызын  қалыптастыру;
-         табиғатты  танып –білудің ғылыми  әдістерін  меңгеру :бақылау , қарапайым  тәжірибелер  қою , өлшеулер  жүргізу , өлшеу  нәтижелерін  талдау  және  оның  қорытындысын  тұжырымдау , оқулықты , анықтамалық , хрестоматиялық және  ғылыми әдебиеттерді   қолдана  білу ;
-         іс- тәжірибелік  және  бағдарлық іс- әрекеттердің  негізінде  білім  алушылардың  зияткерлік  қабілетін  және  танымдық  қызығушылығын   дамыту ;
-         қоғамның  экономикалық және  мәдени  дамуындағы  ғылымның  маңызын  тануы ;
-         білім  алушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес қарапайым  өлшеуіш  аспаптар мен ақпараттық- байланыс  технологияларын  қолдану  арқылы негізгі  танымдық  әдістерді  игеруге  көмектесу .

Оқытудың  міндеттері :
-         білім  алушылардың  логикалық  ойлау  қабілетін  дамыту ,физикалық  құбылыстарды бақылау  және  түсіндіру , өздігінен  білім  алу , алған  білімді  қолдана  білуі ;
-         физикалық  шамаларды өлшеу  тәсілдері және  олардың халық –аралық бірліктер  ХБ  жүйесіндегі  өлшем  бірліктері  туралы  түсінікті қалыптастыру ;
-         қарапайым  зертханалық  жұмыстарды жүргізу  дағдыларын  дамыту ;
-         адамның  іс –әрекет  тәжірибесінде физика  заңдарын  қолдану , оларды  ғылыми – техникалық үдерісті жеделдету  ықпалымен таныстыру  және  экологиялық  мәселелерді  шешу;
-         білім алушылардың шығармашылық  қабілетін , физикаға  деген танымдық  қызығушылығын  дамыту  және саналы  түрде  оқуға ынтасын  қалыптастыру .

«Физика »  пәні  бойынша  оқу  материалдарының  мазмұнын  таңдаудың  негізгі  дидактикалық ұстанымдары:

  • Ғылымилығы   (оқу пәнінің  мазмұны – білім  алушыларды объективті  ғылыми  ұғымдармен ,заңдармен ,теориялармен , қазіргі ғылыми  жетістіктерді  ашуға  мүмкіндік беретін  физиканың  даму  келешегімен  таныстыру ) ;
  • Білімді  топтастыруы (заңдар , теориялық  үлгілер, іргелі түсініктерді оқу  материалдары  төңірегіне  біріктіру);
  • Тұтастығы (жаратылыстану ғылымының  әлемдегі бейнесі  туралы  түсінігін  толық  қалыптастыру);
  • Білім  берудің  үздіксіздігі  және  сабақтастығы (білім  алушылардың  физикалық  құбылыстар , түсініктер  және  шамалар  туралы  өткен оқу  жылындағы  білімдеріне  негіздеу );
  • Жүйелілігі  және  түсініктілігі (білім  алушылардың  жасына және  даму  деңгейіне  сәйкес  оқу  материалдарының  мазмұндалуы);
  • Білім  беруді ізгілендіру (жалпы  адами мәдениеттің  элементтері  ретінде  физиканы және физика  заңдарын  ұсыну) болып  табылады .

Құзіреттіліктер

Оқу – танымдық құзіреттілік :
Білімнің  қалыптасуы  туралы :
-         магнит өрісі және  оның  сипаттамалары , магнит  өрісіне орналастырылған  тоғы  бар  өткізгішке және қозғалыстағы  зарядтарға  магнит  өрісі  тарапынан  әсер  ететін  тоқтардың  және  күштердің  өзара  әсерлесуі
-         заттың  магниттік  қасиеттері , электромагниттік  индкуция  және оның  заңдары , өздік  индукция ,құйынды  электр   өрісі  және  магнит өрісінің  энергиясы ;
-         айнымалы  тоқ , оның  пайда  болу шарттары  және  сипаттамалары , резонанс;
-         механикалық  және  электромагниттік  тербелістер  мен  толқындар ,олардың  пайда  болу  шарттары және  сипаттамалары , сонымен  қатар  олардың  тәжірибеде  қолданылуы ;
-         табиғи  құбылыстарды  танудың  ғылыми  әдістерін  игеру ;
-         экспериментті  қою  және  оның  нәтижелерін  өңдей  білу.

Ақпараттық құзыреттілік :

-оқулықтармен , қосымша  әдебиеттермен , анықтамалық  материалдармен  және электрондық  басылымдармен  жұмыс  жасау дағдыларын  қалыптастыру;
-сонымен  қатар интернет  желісінде  ақпаратты  таба  білу  және  оны  өңдей  білу .

Коммуникативтік  құзыреттілік:

-         жұпта , топта , ұжымда  және  өздігінен  жұмыс  жасай  білу ;
-         практикалық  және  шығармашылық  жұмыстар  нәтижелерін  талқылауды , сыныптастарының  пікірлерін  тыңдауды  өзінің  және  сыныптастарының  жұмыстарын сын  көзбен  бағалай  отырып ,өз  көзқарасын  еркін және дәлелді  айта  білу .

Әлеуметтік  құзыреттілік :

-         өмір  деңгейін  көтеру  және мәдениетті  дамыту  үшін «Физика»  пәнін оқытудың  маңыздылығына  көз  жеткізу ;
-         ғалымдардың  физика  мен техниканың  дамуына  қосқан  үлесін  және  олардың  азаматтық көзқарасын  бағалау.

Пәнаралық  байланыстар

Физиканы  оқыту  процесінде  төмендегі   пәндермен  пәнаралық  байланыс  жүзеге  асады .

«Қазақ  тілі»:

-         физиканың  негізгі  терминдерін  білу  және  арнайы  физикалық  терминдер  қорын  кеңейту ;
-         ауызша  сөйлеуді  дамыту  және  оған  дағдылану ;
-         ауызша  және  жазбаша  сөйлеуде  арнайы  сөздер  қорын  қолдану .

«География »:

-         жердің   магнит  өрісі ,  магнит  өрісіндегі  зарядталған  бөлшектердің қозғалысы  туралы  мәлімет ;
-         жердің   солтүстік  және  оңтүстік  географиялық  полюстері , жарықтың  әр  түрлі  жақтарының  бойлығы  мен  ендігі, географиялық  меридиан  туралы  түсінік ;
-         физикалық  құбылыстарды бақылау  және  оқып  білу  кезінде  компасты  пайдалану .

«Химия»:

-          молекула  мен  атом  туралы  түсінік , атомдық – молекулалық  ілім ;
-         Магнит  өрісі  туралы сұрақты  қарастырғанда   электр  өрісінің  энергиясы , өріс  энергиясының  түрленуі  және  сақталу  заңы .

«Алгебра»:

-         Тура  және  кері  пропорционалдық   туралы  мәліметтер ;
-          Функция , функцияның   графигі  және  олардың   түрлері   туралы  түсінік ;
-         Бұрыш  шамасы , (градустық  өлшемде )бұрыштарды  өлшеу  және  салу  , сонымен қатар  үшбұрыштардың  теңдігі туралы  мәліметтер ;
-         Сызықты  теңдеулерді  және сызықты  теңдеулер  жүйелері .

«Геометрия»:

-         Геометриялық  фигуралардың негізгі  қасиеттері туралы  мәліметтер.
-         Бұрыш  шамасы , (градустық  өлшемде )бұрыштарды өлшеу және  тұрғызу  туралы  мәліметтер ;
-         Вектор  және  оның  қасиеттері  туралы  түсінік .Векторларды  қосу және  алу .Физикалық  есептер  шығаруда векторларды   қолдану .

«Информатика»:

-         Белгілі  тапсырманы  орындау  алгоритмін  құрастыру ;
-         Интернет  желісінде жұмыс : браузер  және ізденіс жасау программалар  көмегімен ақпаратты іздеу  және  оны  қарау ;
-         Электрондық   түрде  ақпараттың  кез-келген  түрін  құрастыру  және  сақтау .

«Технология»:

-         Электр  тізбегі  және  оның  элементтері , электр  сұлбасы  және  олардағы  шартты  белгілер ;
-          Электромагниттің  құрылысы  және  оның  қолданылуы , автоматты қондырғы  элементтері .

Бағдарлама   мазмұны

І  бөлім . Электромагниттік  құбылыс – 15 сағ.

Тоқтың   магнит  өрісі . Тоғы  бар  өткізгіштердің  өзара  әсері .Магниттік  индукция  векторы . Магниттік  индукция  сызықтары .Магнит  ағыны . Ампер  күші . Электрөлшеуіш  аспаптардың  жұмыс  істеу  қағидалары .Лоренц  күші .

Тоғы  бар  катушканың  магнит  өрісі . Электромагниттер  және  олардың   қолданылуы.Тұрақты  магниттер .Тұрақты  магниттердің  магнит  өрісі . Жердің  магнит өрісі . Тұрақты  тоқ электр  қозғалтқышы

Заттың  магниттік   қасиеттері . Ферромагнетиктер.(Магниттік  жазу  және ақпаратты  сақтау).

Фронталды  зертханалық  жұмыстар :

1. Электромагнитті  құрастыру және  оның  әсерін   сынау .
2. Тұрақты  тоқ  электр  қозғалтқышын  оқып  білу .

Қосымша  материалдар :

  1. Тоғы  бар өткізгіштің  магнит  өрісін  көрсету .
  2. Тұрақты  магниттердің  өзара  әсерлесуі .
  3. Электрон  шоғының  магнит  өрісінде  ауытқуы .

Зертханалық  жұмыс .

  1. Магнит   өрісінің  тоқка  әсерін  бақылау .

Виртуалды  үлгідегі эксперименттер :
Амперметрдің  және  вольтметрдің  құрылысы   мен  қызметі .
Ферромагнетиктердің  домналық  құрылымының   үлгісі .

Бейне   көріністер :

  1. Магниттік  жазу  және  ақпаратты  сақтау .
  2. Жердің  магнит өрісі .

Көрсетілімдер :

  1. Параллель   тоқтардың  өзара  әсерлесуі .
  2. Магнит  өрісінің  тоқка  әсері .
  3. Амперметр  мен  вольтметрдің  құрылысы  және  жұмысы .
  4. Дыбыс  күшейткіштің  құрылысы және  жұмысы .
  5. Электрон  шоғының  магнит   өрісінде  ауытқуы .
  6. Ферромагнетиктердің  домналық  құрылымының  моделі
  7. Болат  үлгіні  қыздыру  арқылы  магнитсіздендіру .
  8. Дыбысты  магниттік  жазу .

ІІ  бөлім .Электромагиттік  индукция -8 сағат.

Электромагиттік  индукция . Индукциялық  электр  өрісі . Электромагниттік  индукция  заңы . Ленц  ережесі . Өздік  индукция .Индуктивтілік . Магнит   өрісінің   энергиясы .

Қосымша  материал:
Электромагниттік  индукция   құбылысы
Зертханалық   жұмыс .
Электромагниттік  индукция  құбылысын   оқып  білу .
Виртуалды  үлгідегі  эксперимент:
Электромагниттік  индукция   .
Бейне   көрініс:  Ленц  ережесі .
Тәжірибелер :

  1. Индукция   электр  қозғаушы  күшінің  магнит   ағынының   өзгеріс   жылдамдығына  тәуелділігі .
  2. Өздік   индукция .
  3. Өздік   индукция  электр  қозғаушы  күшінің  тоқ  күшінің өзгеріс  жылдамдығына   және  өткізгіштің   индуктивтілігіне   тәуелділігі .

ІІІ  бөлім .Механикалық  тербелістер  мен  толқындар -15 сағ.

Тербелмелі  қозғалыс . Еркін  тербелістер . Амплитуда , период , жиілік .Математикалық  маятник .Математикалық  маятниктің тербеліс  периодының  формуласы .Серіппедегі  жүктің  тербелісі . Серіппелі  маятниктің   тербеліс  периоды .

Тербелмелі  қозғалыс  кезіндегі энергияның  түрленуі . Еріксіз  тербеліс  туралы  түсінік . Резонанс .Тербелістердің   серпімді орталарда  таралуы .Көлденең  және қума  толқындар . Толқын ұзындығы .Толқын  ұзындығының  оның  таралу  жылдамдығы  мен  периодына  (жиілігіне )  байланыстылығы .

Дыбыстық  толқындар . Дыбыс  жылдамдығы . Дыбыстың  қаттылығы , үннің  биіктігі . Жаңғырық .

Фронталды  зертханалық  жұмыс:

  1. Маятниктің  көмегімен  еркін  түсу  үдеуін  өлшеу .

Қосымша  материалдар :
Серіппедегі  жүктің  тербеліс  периодының   оның  қатаңдығына   және  жүктің  массасына  тәуелділігі .

  1. Жіптегі жүктің  тербеліс  периодының оның  ұзындығына  байланыстылығы .
  2. Виртуалды  үлгідегі  эксперимент:
    1. Жіптегі  және  серіппедегі жүктің   еркін  тербелістері .Маятниктер   тербелістерінің  резонансы.

Бейне   көрініс:
1. Еріксіз  тербелістер .
2. Сағаттағы  маятниктің  қолданылуы .
3. Көлденең   және қума  толқындардың  пайда  болуы  және  таралуы .

Көрсетілімдер :

1.Жіптегі  және  серіппедегі жүктің   еркін  тербелістері .Тербелмелі  және  айналмалы  тербелістерді  салыстыру.Тербелмелі  қозғалысты  жазу .Серіппедегі  жүк  тербелісі   периодының  оның  қатаңдығына   және  жүк  массасына   тәуелділігі .
2.Жүктің  тербеліс   периодының  оның   ұзындығына  тәуелділігі.
3. Еріксіз  тербелістер . Маятниктер   тербелістерінің  резонансы .
4. Қума  және  көлденең  толқындардың   пайда  болуы  және  таралуы .
5. Толқын  ұзындығының   тербеліс  жиілігіне    тәуелділігі .
6. Дыбыс  көзі  түрінде  тербеліп  тұрған  дене . Камертондар .

ІV  бөлім . Электромагниттік  тербелістер  және  толқындар -16 сағ.

Еркін және  еріксіз  тербелістер .Тербелмелі  контур . Контурдағы  еркін электромагниттік  тербелістер . Томсон  формуласы .Тербелмелі контурдағы  энергияның  түрленуі .Контурдағы  тербелістің  меншікті  жиілігі .

Айнымалы  электр  тоғы . Тоқ  күші мен кернеудің  әсерлік  мәндері .Актив, сыйымдылық  және  индуктивтілік   кедергі . Айнымалы  тоқ  генераторы .Электрлік  резонанс .Трансформатор .Электр  энергиясын   беру  және  оны  қолдану . Қазақстанда  электр  энергетикасының   дамуы .

Электромагниттік  толқындар  және  олардың  таралуы. Электромагниттік  толқындар  қасиеттері .Электромагниттік  толқын  энергиясы .А.С.Поповтың  радионы  ойлап  табуы .Қарапайым   радио  қабылдағыш . Радиолокация. Теледидар  туралы  түсінік . Қазақстанда байланыс  құралдарының  дамуы .

Қосымша  материал:
Контурдағы  еркін  электромагниттік  тербелістер .
Виртуалды  үлгідегі  эксперимент:
Тербелмелі  контурдағы  энергияның  түрленуі .Айнымалы  тоқ.

Бейне   көрініс:
Айнымалы  тоқ  генераторы .
Трансформатор.

1.Электр  энергиясын  тарату   және   оны  ауыл  шаруашылығында   қолдану .Қазақстанда  электр  энергетикасының  дамуы .Радио  таратылымның  физикалық  негіздері . Теледидар .Радиотолқындардың  таралуы.

Көрсетілімдер :
Тербелмелі контурдағы  төменгі  жиілікті  еркін  электромагниттік  тербеліс .

1.Еркін  электромагниттік  тербелістер  жиілігінің   контурдың электр  сыйымдылығына  және  индуктивтілігіне   тәуелділігі . Айнымалы  тоқ осциллограммалары . Транзисторлы   генератордағы   өшпейтін  электромагниттік   тербелістер .
2. Электрлік  резонанас .
3.Орамның  магнит  өрісінде  айналуымен  айнымалы  тоқ  алу .Айнымалы  тоқ  генераторының   құрылысы  және   жұмыс  істеу  қағидасы .
4.Трасформатордың   құрылысы және  жұмыс  істеу  қағидасы .Төмендеткіш  және  жоғарылатқыш  трансформатор   көмегімен  электр  энергиясын   қашықтыққа  тарату .

V бөлім . Жарық  құбылысы – 11 сағ

Жарық  көзі . Жарықтың  түзу  сызық  бойымен  таралуы. Күн  мен  ай  тұтылысын  түсіндіру .
Жарықтың  шағылуы .Шағылу  заңы . Жазық  айна .
Жарықтың  сынуы.Линза . Линзаның   фокустық  арақашықтығы.
Жұқа  линза  беретін  кескінді  тұрғызу . Оптикалық  күш .Фотоаппарат . Көз . Көзілдірік . Жақыннан  және  алыстан  көру .

Фронталды  зертханалық  жұмыс:
1 .Линзаның  көмегімен  кескінді  алу .
Қосымша  материал:

  1. Жазық  линзаның  көмегімен  кескінді  алу.

Виртуалды  үлгідегі  эксперимент:
Жарықтың  шағылуы . Линзадағы  сәуле  жолы . Фотоаппараттың  құрылысы . Көз  үлгісі .

Бейне   көрініс:
1.Жазық   айнадағы  кескін .
3  сағат- резервтік  уақыт .

Оқушылардың   дайындық  деңгейіне   қойылатын  талаптар
9- сынып   физика  курсын  игергеннен   кейін  оқушыларда :
-         Амплитуда , период, жиілік , резонанс , көлденең  және  қума  толқын , толқын  ұзындығы , электрлік  және  магниттік  өріс , магниттік  индукция , магниттік  ағын , магниттік  өтімділік ,электр  өлшеуіш  аспаптары , дыбысты  магниттік  жазу , дыбыс  күшейткіш  туралы  түсінігі  болуы  керек.
-         Линзаның  формуласын   қолдануға , Ампер , Лоренц  заңдарына , толқын  ұзындығын , толқынның  жылдамдығын , периодын , жиілігін есептеуге  берілген  сандық  және  сапалық  есептерді  шешу  біліктілігі  қалыптасу   тиіс ,
-         Периодты  есптеу  үшін , толқын  жиілігі ,  толқын  ұзындығы , Ампер  күші , Лоренц  күші , линзаның  фокустық  арақашықтығының  өрнегін  білуі  қажет .

Қазақстан Республикасында
12 жылдық жалпы орта білім беру

Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі:

¨      қоғам дамуының қарқындылығы
¨      постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі
¨      халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы және өсуі
¨      қоғамның демократиялануы
¨      экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі
¨      адам капиталы мәнінің артуы.

Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін факторлар:

  1. Білім мазмұнының оқушының оқуға қызығушылығын төмендететін және денсаулығына кері ықпал ететін ақпараттық сипатының басымдығы
  2. Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылықтың болмауы
  3. Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы
  4. Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайлықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы
  5. Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі кәсіби анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен өмірлік жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.

 

12 жылдық білім берудің басты мақсаты:

Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

12 жылдық білім беруде күтілетін нәтижелер

Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегінше анықталды:

  1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік
  2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік
  3. Когнитивтік құзыреттілік
  4. Коммуникативтік құзыреттілік
  5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік
  6. Әлеуметтік өзара қарым-қатынас құзыреттілігі
  7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік

12 жылдық жалпы орта білімнің құрылымы:

1-4 сыныптар – бастауыш білім
(оқытудың бастапқы жасы – 6 жас,
оқу мерзімі – 4 жыл)

5-10 сыныптар – негізгі орта білім
(оқу мерзімі – 6 жыл)
Бейіналды таңдау дайындығы енгізіледі

11-12 сыныптар – жалпы орта білім
(оқу мерзімі – 2 жыл)

Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары:
¨      білім беру мазмұнын қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық сұранысына сәйкестендіру
¨      білім беру мазмұнын ізгілендіруді, оның вариативтілігін қамтамасыз ету
¨      өз бетінше білім алуға, оны тәжірибеде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған басты құзырлылықты қалыптастыруға ықпал ететін білім мазмұнын қамтамасыз ету
¨      білім мазмұнын оқушыларды өз бетінше зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау
¨      ЖОО-ң және мектептің білімнің сабақтастығын қамтамасыз ету, жоғарғы сыныптардағы бейімдік пәндер бағдарламаларын жасауда несиелік технология элементтерін енгізу
¨      оқу материалын жеңілдету арқылы көптеген оқушылар оқу тәжірибесінде меңгере алмайтын білімдік материалды оқытудан бас тарту

Білім мазмұнын ізгілендіру мен даралау мынадай міндеттерді жүзеге асыруды көздейді:
¨      оқушының жеке тұлға ретінде және іс-әрекет субьектісі ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай асау
¨      оқушылардың белгілі бір білімді таңдауы мен меңгеруін, олардың оқу процесі кезінде таңдау мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету
¨      оқу-тәрбие үрдісі субьектілерінің арасындағы пайдалы диалогты «тең дәрежеде» жүргізуге негізделген ынтымақтастық педагогикасының ізгі қатынастарын орнықтыру
¨      білім мазмұнын барынша ізгілендіруді қамтамасыз ету
¨      психологиялық білім берудің бастапқы негіздерін қалыптастыру
¨      білім мазмұнының инварианттық және вариативтік компонеттерінің арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми-білімдердің диалектикалық бірлігін қамтамасыз ету
¨      оқушылардың оқу жүктемесін тұрақтандыру (регламенттеу)

Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар:
¨      деңгейлердегі құрылымдық бірлікті қамтамасыз ету, сабақтастық, бірізділік, кірігу, практикалық бағдарлы оқуды жүзеге асыру, Қазақстан халықтарының мәдени-тарихи құндылықтарының жалпы адамзаттық мәдени игіліктермен үйлесімділігі, сабақтастығы, мемлекеттік ана тілінде, орыс және басқа тілдерде оқыту, әлемдік білім беру кеңістігіне бірігу т.с.с. жүзеге асыру
¨      білім беруді сапалық жағынан жетілдіру мақсатында оқушылар үшін артық жүктемеден арылу жағы қарастырылады. Соған байланысты пәндерді жеке оқшауламай, оларды жинақтау, біріктіру, пәнаралық проблемалық блоктар құру, кіріктіру көзделеді. Мұндай дүниежүзілік үрдіс «білім алаңы» деп аталады. Олар: тіл және әдебиеті, адамтану, қоғамтану, математика, информатика, жаратылыстану, өнер, технология, дене тәрбиесі
¨      оқушыларды еңбекке даярлаудың жаңа жүйесі, олардың өнімді еңбегін ұйымдастыру көзделеді, себебі бәсекелестікке негізделген нарық қызметкерге жоғары талап қояды, оның бойында кәсібилік, тапқырлық, іскерлік, бастаушылық, жоғары еңбек тәртібі сияқты қызметтердің болуын және еңбекке дайын болуын қажет етеді
¨      білім берудің жаңа мазмұнын қалыптастыру оқу үрдісіне ақпараттық технологияны енгізу арқылы жүзеге асады. Оның бағыттары:
¨      білім беруді басқару тетіктерін жетілдіру
¨      білім берудің бірыңғай телекоммуникациялық желісін құру
¨      қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру
¨      жас жеткіншектің ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, ұлттық тұрғыдан өзін-өзі айқындауы үшін білім беруді демократияландыру, жеке тұлғаның дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған ізгілендіру, саралау сияқты негізгі принциптерге арқа сүйеу. Соның негізінде олардың бойында адам, қоғам, қарым-қатынас туралы түсініктерді қалыптастыру мақсаты қойылады
¨      білім берудің нәтижеге бағытталуы. «Оқушыға білім беру үлгісінен» нәтижелі білім беруге көшу. Оқушы білімінің өсуі оның өз қолымен жасаған гипотезалардың, ережелердің, кескіндеме, картиналардың, компьютерлік бағдарламалар негізінде жүреді. Жекеленген оқушылардың қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыратын оқыту бағдарламаларының болуы көзделеді.
¨      12 жылдық мектепке көшу білім беру үрдісін технологиялық деңгейге ауыстыруды көздейді. Соған байланысты жеке тұлғаға бағытталған технологиялар: «ынтымақтастықта оқыту», «жобалар әдісі», оқытудың әр деңгейлі топтық және қосарлы нысандары, шығармашылық «бойлау» сабақтарды эвристикалық жүргізу әдістері сияқты мектеп оқушыларының жас және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере оқытудың нәтижелі нысандары мен әдістері пайдаланылады
¨      12 жылдық білім беруге көшу оқушылар мен педагогтарға өзінің дүниетаным тұрғысынан ашық ақпараттық білім беру кеңістігіне енуге мүмкіндік беретін қашықтықтан оқыту технологиясын меңгеруге жағдай жасайды. Соның негізінде олар бағдарлама көлемінде алған білімімен қатар дүниеде болып жатқан жағдайлар, өмірлік проблемаларды біліп, соның негізінде нақты және өзгермелі өмірде дұрыс бағдар ұстауға үйренеді.

Білім беру үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері
¨      жеке тұлғаның жас және психофизиологиялық даму ерекшелігінің ескерілуі
¨      күтілген нәтижеге жетуге бағдарлануы
¨      ашықтығы
¨      интерактивтігі

Оқу үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері

Жеке бағдарлы оқудың, мектеп режимін оңтайлы пайдалану міндеттерін табысты жүзеге асыру мақсатында «демалыс күнгі мектеп» жұмысын ұйымдастыру, сауықтыру бағдарламаларын орындау арқылы бес күндік оқу аптасын енгізу қарастырылады

Сенбі күні оқушының жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін сабақтар (өзіндік, жобалық, зерттеушілік, шығармашылық, спорттық және т.б. жұмыстар) жүргізіледі

Оқу жылының ұзақтығы – 32 оқу аптасы
Мұғалім қызметінің мақсаты – оқушының өзін-өзі тұлғалық дамытуына жағдай жасау:

¨      оқуға үйрету, яғни оқу үрдісінде туындаған проблемаларды шеше білуге үйрету
¨      қазіргі өмірдегі экологиялық, саяси, ұлтаралық және басқа өзекті проблемаларға бағдарлана білуге үйрету
¨      рухани құндылықтар әлемінде бағдарлана білуге үйрету
¨      әлеуметтік белгілі бір рөлдерге (азамат, тұтынушы, ұйымдастырушы, отбасы мүшесі және т.т.) байланысты проблемаларды шешуге үйрету
¨      кәсіби таңдау проблемаларын шешуге үйрету

Оқушы қызметінің мақсаты:
¨      жеке білім беру траекториясын қоя білуге берілген мүмкіндікті қолдану (оқу материалын игеру деңгейі, қарқыны)
¨      әрекет ету әдістерін, тәсілдерін, біліктілігін оқу мен әлеуметтік құзыреттіліктің құрамдық бөлігі ретінде игеру
¨      оқу жағдайларын шешуге немесе құзыреттіліктің пайда болуына арналған жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін, біліктері мен дағдыларын кіріктіру
¨      жалпы орта білім беретін мектептегі білім беру мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы (оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, мультимедиялық бағдарламалар, қашықтан оқыту технологиялары, Интернет желісі т.б.) берілген мүмкіндікті қолдану.

12 жылдық мектептің педагогын қалыптастырудың құзыреттілік міндетті:
Арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби қызметімен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет
Әлеуметтік құзыреттілік – бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен), қызмет ету, басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу
Білім беру құзыреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті

Күтілетін нәтижеге жетуді бағалау

Күтілетін нәтижеге жетуді бағалауды жетілдіру бағалаудың екі жолын дамытуды қарастырады:
¨      білім берудің жалпыға міндетті стандартын игеру деңгейі (сыртқы нәтижелер)
¨      оқушының жеке тұлғалық жетістіктері (ішкі нәтижелер)

Оқытудан күтілетін нәтижелер, игерген дағдылар, қалыптасқан құзыреттер төмендегідей бағаланады:
¨      жалпы білім беру дайындығы деңгейінің талаптарына сай оқушының оқу жетістіктерін бақылаумен
¨      білім беру салалары бойынша жалпы орта білім берудің әрбір сатыларын аяқтауы бойынша межелік және қорытынды емтихандар өткізумен
¨      мектептің әрбір сатысында аралық мемлекеттік бақылау жүргізумен
¨      оқытудың 10, 12 жылын аяқтаған соң біртұтас ұлттық емтихан өткізумен
¨      ұлттық масштабта мониторингтік зерттеулер жүргізумен

Ұқсас тақырыптар:

2 пікір »

  • заттың магниттік қасиеттрі және ферромагнетиктер туралы мәліметтер керек болып тур.отиниш тауп беріңздерші??

  • Сайын пишет:

    дыбыс зорайтқышы туралы презинтацияға ештене таба алмай жатырмын итернетте жоқ…мен 9 сынып 12 жылдық эксперементтік классында оқимын….бідің сынып не істейді 12 сыныпты бітіргенде????

Оставьте комментарий

Добавьте комментарий ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.

Вы можете использовать коды HTML:
<a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

На сайте используются Gravatar. Чтобы его получить зарегистрируйтесь Gravatar.