5 сынып. «Адамгершілік – асыл қасиет».

Жамбыл  облысы, Байзақ ауданы,  Қызыл жұлдыз ауылы, Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті   пәнінің мұғалімі:    Сейдалиева А. Р.

Тәрбие сағатының мақсаты: Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету,  имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.

Көрнекілігі: Плакат, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сабақтың мақсатын айту.

Мұғалім сөзі:
Өзін ғана ойлаған -
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған –
Адамдықтың белгісі,-
деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.

Ал, адамгершілік дегеніміз не?  Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек,  асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Осы жерде ұлы Абайдың сөзімен нақтылап өтсек:

«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол;
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдында,
Оған  қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз…» -
деп, адам баласын тек адамгершілік қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ.

Демек, асыл қасиет – адамгершілік, сондықтан сөзімнің басында  айтқан адамдықтың белгісі – адамгершілік екенін айта отырып, Бөлтірік Әлменұлының «Балаға ақыл» деген сөзімен дәлелдейін.

Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді, -
деп тәрбие сағатымыздың жалғасын «Көмекші» көрінісімен жалғастырсақ.

Көрініс бойынша сұрақ:

  1. Бұл көріністен қандай баланы көрдіңдер?
  2. Қайсардың әрекеті дұрыс па, әлде Азаматтың әрекеті дұрыс па?
  3. Қандай адамгершілік қасиет көрсетті? (Үлкенге құрмет, көмек беру)

Ұлы Сүйінбай Аронұлының «Жақсы адам мен жаман адамның қасиеттері» атты өлеңін тыңдап көрелік.

Сұрақтар.

  1. Жақсы адам қандай болады?
  2. Жақсы адам қандай болады?

Демек, адам баласының адамгершілігі қандай болғанда көрінеді?
(қамқоршы, ақылшы, батыр, ер тұлғалы)

Би: «Тас мүсін».

Адамгершіліктің белгісін жоғарыда айтқандай түрлі әрекет арқылы көрумізге болады. Соның бір дәлелі:
Көрініс: «Күлме досқа».

  1. Әйгерім қандай жағдайға тап болды?
  2. Арайлым қандай әрекет көрсетті?
  3. Арайлымның бойынан қандай мінез көрінді?
  4. Әйгерім бұл іске қалай қарады?
  5. Кімнің адамгершілігі мол деп ойлайсыңдар?

Осы тұста ұлы Абайдың ақыл сөзімен қорытып өтсем:
«Досыңа достық – қарыз іс,
Дұшпаныңа әділ бол!» – деп,
Абай аталарың айтып кеткен еді, сондықтан адам баласына тек жақсылық жасап, әділдік көрсету керек.

Күй: «Балбырауын».

«Кім жылдам?» – Мақал – мәтел сайысы.

  1. Жаман – бұзар, жақсы – түзер.
  2. Адам болатын бала алысқа қарайды.
  3. Сыйласаң, сыйымды боларсың.
  4. Жаманға жан жуымас, жалқауға мал жуымас.
  5. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіпті өскен тал артық.
  6. Су ішкен құдығыңа түкірме.
  7. Тәрбиелі кісі қант қосқан жармадай, тәрбиесіз кісі шаң боратқан арбадай.
  8. Тәрбиесіз наданнан, үйретілген хайуан артық.
  9. Ыстықтан ет күйеді, ұяттан бет күйеді.
  10. Жолдың қамысы болмайды, жаманның намысы болмайды.
  11. Ақыл – дос, ашу – дұшпан, ақылыңа ақыл қос.
  12. «Сіз» – сыпайылық, «сен» деген анайылық.

Мақал-мәтел жеңімпазын анықтау.

Күй: «Қосалқа».
Көрініс: «Салақтық».
Сұрақтар.

  1. Дінмұхамед – қандай бала?
  2. Ол кімнің еңбегін бағаламады?
  3. Әрекеті дұрыс па?

Адамгершіліктің бір парасы – біреудің еңбегін бағалау, тазалықты ұстау. Сондықтан өз еңбегіңді, біреудің еңбегін бағалау қажет?

Ойын: «Мен қандаймын?».
Гүлге жазу. Оқушыларға тапсырма беріп, өздеріне баға беру. Қорытынды.

Диалог.
Мақтай неге мақталар?
Дүтбай неге датталар?

Сұрақтар:

  1. Кімнің бойында адамгершілік қасиет көп?
  2. Жамандық жеңе ме, жаңалық жеңе ме?

Би: «Ата толғауы».
Қорытынды.
Мұғалім сөзі.
Сұрақтар:

  1. Адамгершілігі мол адам деп кімді айтамыз?
  2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқыздық?

Адамгершілікті, әдепті болыңдар.
Бұл сабақ өмірлік сабақ болсын!

7 комментариев к “5 сынып. «Адамгершілік – асыл қасиет».”

Оставить комментарий