А. Құнанбаев шығармашылығы-адамзаттың асыл қазынасы. 10 сынып.

Ж. Е. Нұрғазы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Жалпы білім беретін Пугачев орта мектебі. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің І санатты мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі:
Абай Құнанбаевтың өмірбаянымен, еңбектерімен
таныстыра отырып, Абайдың ақын, аудармашы, лирик,
композитор екенін оқушыларға түсіндіру
Ә) Дамытушылығы:
Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл
сөздерін оқушылар бойына дарыту.
Б) Тәрбиелілігі:
1. Оқушылар бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату
2. Ата-анаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
3. Оқушының сыни тұрғыдағы көзқарасына еркіндік беру
Сабақтың әдісі: пікірлесу, ой қозғау
Көрнекіліктері: Абайдың суреттерін естеліктерін бейнеқордан көрсету,
кітапшалар, Абайдың еңбектері, үнтаспа,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Өзектендіру
ІІІ. «Топтастыру» стратегиясы
- Мұғалім:
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма».

- Кім айтады, балалар, бұл ақынның қай өлеңі?
- «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», – демекші бүгінгі сабағымыз қазақ әдебиеті мен өнердің тарихында оқшау тұрған ұлы тұлға – Абай Құнанбаевқа арналмақшы
IV. А.Құнанбаев өмірінен қысқаша мәлімет
V. Абайдың аудармалары:
Қазақ топырағында дамыған реалистік аударма дәстүрі Абайдан басталады. Аударма әдебиеті де сол Абайдан тарайды. М.Лермонтовтың «Мометвасын», Абай «Дұға» және «Қасиетті дұға» деген атпен 2 нұсқада аударған.
«Татьянаның Онегинге хаты» (үзінді оқу 2 тілде)
VІ: Абайдың поэмалары
Абайдың поэмалары: «Ескендір» (белгісіз), «Масғұт» (1889), «Ескендір» поэмасының әрқайсысы 4 тармақтан, 42 шумақтан, «Масғұт» поэмасы 4 тармақтан, 44 тармақтан тұрады.
(Абайдың поэмаларынан үзінді оқып, мазмұндау)
VІІ. Абайдың өлеңдері.
Абай өлеңге өзінше талап, шарт қойған.
«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы»- енді Абайдың өлеңдеріне кезек берейік.
Өлеңнің мазмұны мен идиясын аша отырып, өлеңдерін жатқа оқу.
VІІІ. Абайдың қарасөздері.
Абайдың 1890-1898 жылдары жазған үлкен шығармасы «Қарасөз» деп аталады. Абайдың қарасөзі 45 бөлімнен тұрады. Кейін 1933 жылы М.Әуезов Абайдың қарасөздерін өңдеп, жүйелеп, өзгертіп жаңа баспадан шығарған.
Абайдың қарасөздерінен үзінді тыңдап көрелік
44, 2, 9, 10, 17 қарасөздері мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін байланыстыра отырып, топтастыру

еңбек терең ой қанағат
талап
рақым
өсек
бекер мал
өтірік шашпақ
мақтаншақ еріншек

Топтық жұмыс. «ЖИГ СО-І» стратегиясы
5, 29 қарасөздерін оқып тәрбиелік мәнін ашып, мақалдар, нақыл сөздер құрау.
ІХ. Қорытынды
Өзі өлсе де еңбек жолы, аудармалары, өлеңдері, поэмалары, қарасөздері, әндері ешқашан өлген емес. «Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй» – демекші сабағымызды Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен аяқтайық.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: «Бүгінгі күннің Абайы болсаң не істер едің?» ой-толғау жазу
«Ұлы Абай» тақырыбында реферат жазып келу

Оставить комментарий